Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Ботель – судың үстiндегi жабдықталған кеме ретiнде де қолданылатын  шағын қонақүй. Бунгало



Pdf көрінісі
бет138/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153
suraganova turizm inf

Ботель – судың үстiндегi жабдықталған кеме ретiнде де қолданылатын 
шағын қонақүй.
Бунгало – туристердi орналастырудағы жеңiл материалдардан жа-
салатын шағын құрылыс. Көбiнесе халықаралық жастар туристiк 
орталықтарында орналастырудың қарапайым құралы ретiнде қолданылады. 
Олар тек қана орналастыру қызметiн ғана атқарады.
Буфет – кулинарлық өнiмдердi, жартылай фабрикаттарды, халықтық 
сұранысқа ие болатын ыстық жəне салқын сусындарды дайындау жəне 
ұсынуға арналған əртүрлi тауарларды сату үшiн бағытталған тамақтандыру 
кəсiпорны.


271
Визалық анкета – белгілі бір мемлекеттің территориясына кіруге 
рұқсат – виза алу үшін шетел дипломаттық өкілеттігінің сұранысымен 
адамдар толтыратын сұрау парағы. Визалық анкетадағы сұрақтардың 
көлемі мен мазмұны əр мемлекетпен анықталады.
Гид (гид-аудармашы) – туристерге уақытша келген елдегi (жердегi) 
туристiк ресурстармен танысу жөнiндегi экскурсиялық-ақпараттық, 
ұйымдық қызмет көрсететiн кəсiби даярланған жеке тұлға.
Дəмхана (закусочная) – тез қызмет көрсететiн тамақтандыру кəсiпор ны. 
Дəмхананың ассортиментi – дайындалуы күрделi емес көпшiлiк 
сұранысына ие болатын салқын жəне ыстық тағамдар (шұжық, сардельки, 
тұшпара, субүйрек, жұмыртқа), сонымен қатар сусындар (шай, шырындар).
Демалу – шаршауды тоқтату, психикалық, физикалық жəне 
интеллектуалдық күштi қалпына келтiретiн психофизикалық процесс.
Дю жур (du jour) – кезекшi тағамдарды есептейдi, яғни күнделiктi, со-
нымен қатар, белгiлi, арзан, тез дайындалатын тағамдар. 
Жартылай пансион – қонақүй немесе басқа да орналастыру орында-
рында тұру жəне күн сайынғы 2 реттік тамақтандыруды қамтамасыз ететін 
кешендік қызмет көрсету.
Жатақхана – ұйымдық орналасу жабдығы, кейбiр жағдайда туристердi 
орналастыруға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет