Баекеева айнур толыбаевна



бет17/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Жез – Пән сөздері саласына қатысты термин.

  • Жез – Кен ісі және металлургия саласының термині.

  • Жез – Әскери іс және Әскери атаулар салаларына қатысты термин.

  • Жез – Энергетика саласына қатысты термин.

  • Жез – Машина жасау саласына қатысты термин.

  • Жез – Көлік және қатынас жолдары саласына қатысты термин.

  • Жез – Сәулет және құрылыс саласына қатысты термин.

  • Жез – Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласына қатысты термин.

  • Жез – Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет саласына қатысты термин.




    Сурет 5 – «Латунь» терминіне Termincom.kz ұсынатын қазақ тіліндегі нұсқалары


    Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [117]


    Жоғарыдағы мысалдардағы терминдердің жарыспалығынан байқағанымыздай, электрондық сөздіктер салалық аударма жасау барысында бір терминнің орнына бірнеше термин ұсынады немесе бір терминнің түрлі салаларда қайталанып беріледі. Сонымен Termincom.kz сөздігінде көрсетілген базадағы 376,343 (2018 жылғы көрсеткіш) деп көрсетілген жалпы терминдер санының растығына күмән туады, себебі бір термин әр салада қайталанып қолданылу арқылы бір терминнің саны бірнешеге артады.


    Осы орайда, қазақ тілінің терминдер корпусын біріздендіріп жүйелеу мақсатында РҒА Сібір бөлімі, Новосібір мемлекеттік университетінің Есептеу технологиялары институты (А. Федотов) мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар кафедрасы (Ж. Тусупов, М. Самбетбаева) бірігіп жасаған электрондық басқарылмалы тезаурус жобасына, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы (С. Тажибаева, А. Баекеева) тау‑кен терминдерінің тезаурусын құрастыру жобасын бастадық (сурет 6).



    Сурет 6 – Digital Library басқарылмалы интероперабельді тезаурусының басты беті


    Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [118]


    Бұл Digital Library электрондық тезаурусының салалық аудармашыларға беретін басты артықшылығы – ол термин іздеу барысындағы таргеттік немесе релеванттық іздеуді қанағаттандыру, яғни салалық терминнің нақты бір саладағы семантикалық және функционалдық жағы тура анықталып, олардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі лингвистикалық баламалары бекітіліп, иерархиялық жағынан жіктеледі (сурет 7).





    Сурет 7 – «Латунь» терминіне Digital Library көптілді басқарылмалы тезаурусы ұсынатын сөздік мақаласы


    Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [118]


    Сонымен Digital Library басқарылмалы интероперабельді тезаурусына енгізілген мәліметтер жүйесіне сәйкес мынадай сипаттамаларды анықтаймыз:



    • латунь терминінің жалпы сипаттамасы берілген;

    • латунь термині пәндік‑мазмұндық жағынан жасалатын рубриканың «Металлургия» тармағына қарайтындығы айқындалған;

    • латунь терминінің басты термині (MT – main term) «Металлургия» екендігі анықталған;

    • латунь терминінің жоғарғы термині (BT – broader term) Қорытпа‑Сплав‑Alloy, яғни таза металл емес, мыс пен мырыш арқылы жасалған қорытпа екені белгіленген;

    • латунь терминінің еншілес терминдері (NT – narrower term) мыс, мырыш, яғни бұл қорытпа негізінен осы екі металдан тұратындығы нақтыланған;

    • латунь терминінің лингвистикалық баламалары болып ағылшын тілінде brass, қазақ тілінде жез бекітілген.

    Жоғарыда аталған электрондық сөздіктерді талдай келе, қазіргі аударматану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттерді айқындадық. Осылайша Digital Library басқарылмалы интероперабельді тезаурусын құрастыру арқылы тек салалық аудармашыларға практикалық көмек құралы ғана емес, сондай‑ақ қазақ тілінің салалық терминдерін біріздендіріп әрі жүйелей отырып, қазақ тілінің ғылыми корпусын құрудың алғышарттары жасалады.




        1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет