Баекеева айнур толыбаевна



бет30/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Қысқарған немесе тіркесті терминдер әдетте бірнеше термин сөздерден тұратын сөз тізбегі ретінде кездеседі, және көп жағдайларда тіркесті терминдер қысқартылған сөздермен немесе аббревиатуралармен ауыстырылады. Мысалы, Joint Ore Reserves Committee – JORC; Cost of Goods Sold – COGS; Capital expenditures – CAPEX; Operational expenses – OPEX; Health, Safety and Environment – HSE, т.б. болып кездеседі (кесте 11).

Кесте 11 – Тіркесті тәсілмен жасалған тау‑кен терминдері





Қазақ

Ағылшын

Орыс

Кен қоры бойынша біріккен комитет

Joint Ore Reserves Committee (JORC)

Объединенный комитет по запасам руды

Сатылған өнімнің өзіндік құны

Cost of Goods Sold (COGS)

Себестоимость реализованной продукции

Капиталды шығындар

Capital expenditures (CAPEX)

Капитальные затраты

Операциялық шығындар

Operational expenses (OPEX)

Операционные затраты

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Health, Safety and Environment (HSE)

Охрана труда и техника безопасности

Тіркесті терминдерді аудару кезінде тек түпнұсқа мәтінінің мазмұнын ескере отырып, жеке элементтерді егжей-тегжейлі семантикалық талдау арқылы ғана жасау қажет. Мағынаны анықтау үшін әрдайым түпнұсқа тіліндегі контекст пен қосымша әдебиеттерге жүгініп, аударма тіліндегі сөздіктер мен қосымша әдебиеттерден ақпарат іздеу керек.


Зерттеу жұмысымызда тау-кен терминдерін қазақ тілі негізінде пәндік бағытта алғаш рет жүйелеу мен рубрикациялау арқылы олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі баламаларын бір жүйеде иерархиялық түрде берудің алғышарттарын жүзеге асырдық. Бұл қазақ тілінің ғылыми корпусын қалыптастыру мен дамыту үшін салалық терминдерді оңтайландырады және жіктейді.
2. Терминологиялық комиссия бекіткен қазақ тіліндегі тау‑кен терминдерін ағылшын және орыс тілдеріне аударуда, терминдерді жасалу жолдарына қарай мынадай топтарға жіктейміз:

  • төл терминдер;

  • калькалау арқылы жасалған терминдер;

  • қысқарған сөздер арқылы жасалған терминдер;

  • синоним терминдер;

  • кірме терминдер.

Енді осы терминдердің жіктелімі бойынша аударма тұрғысынан толығырақ тоқталайық.
Төл терминдер – мұндай терминдерге көбінесе ежелден қолданылып келген металл және минерал атаулары жатады. Алдыңғы тарауда атап өткеніміздей, металл өңдеу кәсібін алғаш ежелгі түркі халықтары меңгерген. Түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың қолөнері мен тұрмыс‑тіршілігінде таза немесе қоспа металдардан қорытылған үй‑тұрмыс заттары, қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған әшекейлер пайдаланылған. Мысалы, алтын, күміс, мыс, қорғасын, темір, қалайы тәрізді таза металдармен қатар болат, құрыш, жез, қола сияқты қорытпалар қазақ тілінде ежелден қолданыста болғандықтан, тау‑кен саласындағы мұндай терминдер тобын төл терминдерге жатқызамыз (кесте 12).

Кесте 12 – Тау‑кен саласындағы төл терминдер (металл атаулары)





Қазақ

Ағылшын

Орыс

Алтын

Gold

Золото

Күміс

Silver

Серебро

Мыс

Copper

Медь

Қорғасын

Lead

Свинец

Темір

Iron

Железо

Қалайы

Tin

Олово

Болат, құрыш

Steel

Сталь

Жез

Brass

Латунь

Қола

Bronze

Бронза


Мұндай төл терминдерге асыл тастар мен минерал атауларын да жатқызамыз (кесте 13), мысалы: ақық, ақтас, көктас, жақұт, зүбәржат, лағыл, гаухар, інжу, және маржан, т.б.
Бұл мысалдар тау‑кен саласының дамуы ежелгі түркі халықтарынан, соның ішінде қазақ жерінен бастау алған деген пайымдауларымыздың айқын дәлелі. Металл мен минерал атауларын қазақтар түр‑түсіне, сапасы мен алыну қасиетіне қарай ажырата білген. Сонымен бірге аталған мұндай төл терминдер халықтың тұрмыс‑тіршілігінде кең қолданыста болған. Металл балқытушылар өңдеген металдар мен табиғи минералдардан жасалған зергерлік және әшекей қолөнер бұйымдары әлі күнге дейін халық қолданысындағы әйгілі заттардың бірі болып табылады.

Кесте 13 – Тау‑кен саласындағы төл терминдер (минерал атаулары)





Қазақ

Ағылшын

Орыс

Ақық

Agate

Агат

Жақұт

Sapphire

Сапфир

Зүбәржат

Emerald

Изумруд

Лағыл

Ruby

Рубин

Гаухар

Diamond

Бриллиант

Інжу

Pearl, Mother of pearl

Жемчуг, перламутр

Маржан

Coral

Коралл

Қазақ тілінде түпнұсқа термин мен аударма термин қатар қолданылуда: цемент – керіш (cement), янтарь – кәріптас (amber), галит – тастұз (halite). Ал келесі мысалдардан орта Азияны мекендеген көшпелі қазақ халқы кен өндіріп, металл балқытып, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап, минералдардан зергерлік бұйымдар жасай білгенімен, мұхит пен теңізге шыға алмайтын ел болған деп пайымдаймыз. Теңізден алынатын асыл тастарды тек Ұлы Жібек жолы арқылы ғана танып, оларға тың асылтас болғандықтан, теңіз минералдарының атауларын шатастырып қолданған: сутас – хрусталь, тау хрусталі, аквамарин (crystal, crystal quartz, aquamarine), інжу – жемчуг, перламутр (pearl and nacre/mother of pearl); маржан – коралл, жемчуг (coral and pearl). Теңіз минералдарына қатысты терминдер қазақ тілінде нақты бір атаумен емес, кейде араласып беріледі. Терминком бекіткен сөздікте інжу терминінің орысша баламасы жемчуг (ағыл. pearl) мағынасында да, перламутр (ағыл. mother of pearl) мағынасында да берілген. Көп жағдайда қазақ тілінде інжу‑маржан тіркесі қос сөз ретінде қатар қолданылып та жүр. Сонымен бірге меруерт, седеп нұсқалары да аталған төл терминдердің варианттары ретінде қолданылып жүр. Қазақ халқы кенді өңдеп, металл балқыту әдістерін ежелден білген. Кейін ғылым мен техника жетілдіріліп, индустриялық революцияның қарқынды дамуымен байланысты түрлі озық технологиялар мен құрал‑жабдықтар батыс елдерінде жасалып, техника тілі жаңа терминдермен байытылған. Ал теңіз, мұхиттан алынатын минералдар Ұлы Жібек жолы арқылы орнаған сауда қатынасы арқылы енген.


Тау‑кен саласының Қазақстан территориясында ертеден дамып, халықтың тұрмыс‑тіршілігіне еніп кеткені соншалық, қазақ тіліндегі кісі аттары мен жалқы есімдерде де тау‑кен терминдеріне қатысты металл және минерал атаулары көптеп кездеседі [68, p. 26-40]. Turkic Languages журналындағы мақаламызға негіз болған 150-ден астам кісі атауы тау‑кен терминдері арқылы жасалған. Соның ішінде металл және минерал атаулары арқылы жасалған қазақ тіліндегі жалқы есімдер ер адам және әйел адам аттарына ажыратылып Г қосымшасында берілген (Қосымша Г). Осы мақалада зерттеуіміздің басқа да қырларын ашатын ғылыми деректерге қол жеткіздік. Қазақ тіліндегі металл және минерал атаулары арқылы жасалған кісі аттарындағы әйел адам есімдері тек минерал, бағалы тастардың атауы арқылы жасалса, ер адам есімдері металл, кен атаулары арқылы жасалған.
Калькалау арқылы жасалған терминдер – мұндай терминдерге көбінесе тау‑кен саласындағы технологиялардың дамуымен байланысты туындаған терминдерді жатқызамыз. Мұндай терминдерге негізінен Менделеев кестесіндегі жаңа, тың металл атаулары, батыстың дамыған елдерінің металл өңдеуде қолданатын технологияларының атаулары, механикалық және автоматтандырылған машиналар мен құрылғылар атауларына қатысты жасалған терминдерді жатқызамыз. Кен өндірісі Қазақстан территориясында бастау алып, ата‑бабаларымыз кен өндіру мен игеруді жақсы меңгергенімен, замануи технологиялардың дамуы аясында халықаралық байланыстың жыл сайын кеңеюі халықаралық терминдердің кеңінен қолданылуының басты себебі болып саналады (кесте 14). Мысалы, агломерациялық цех, бұрғылау құрылғысы, гидрологиялық жағдайлар, домна пеші, жобалық қуат, магниттік сепарация, т.б.

Кесте 14 – Калькалау арқылы жасалған тау‑кен терминдері





Қазақ

Ағылшын

Орыс

Агломерациялық цех

Agglomeration shop

Агломерационный цех

Бұрғылау құрылғысы

Drilling rig

Бурильная установка

Гидрогеологиялық жағдайлар

Hydrogeological conditions

Гидрогеологические условия

Домна пеші

Blast furnace

Доменная печь

Жобалық қуат

Project capacity

Проектная мощность

Индукциялық пеш

Induction furnace

Индукционная печь

Көмір қыртысы

Coal seam

Угольный пласт

Құрылыс прокаты

Construction roll

Строительный прокат

Магниттік сепарация

Magnetic separation

Магнитная сепарация

Юнг модулі

Young modulus

Модуль юнга

Терминдердің бұл тобы тау‑кен өндірісінің аудармасында өте жиі кездеседі. Келесі үштілді мысалдар Қазақстанның ұлттық тау‑кен компанияларындағы аудармашылық қызмет іс‑тәжірибесіндегі салалық құжаттамалардан алынды.


Ағылшынша: Blast furnaces are the largest consumers of materials and energy in the iron and steel-making process. They are relatively flexible in their ability to use different metal charges, such as pellets, sinter, or scrap, with little change in performance. Other inputs include coke to produce carbon monoxide for the reduction of iron ore to iron, and other energy sources for various stages of the production process, such as preheating of air up to 1100°C for injection into blast furnaces.
Қазақша: Домна пеші – темір мен болат жасау процесінде материалдар мен энергияны ең көп тұтынатын құрылғылардың бірі. Олар әртүрлі металл зарядтарын, мысалы, түйіршіктер, агломерат немесе сынықтарды пайдалану кезінде салыстырмалы түрде икемді болып келеді және өнімділігі аз өзгереді. Басқа материалдар темір рудасын темірге айналдыру мен тотықсыздандыруға арналған көміртегі тотығын өндіру үшін коксты құрайды. Өндіріс процесінің әр түрлі кезеңдері үшін энергия көзін домна пештеріне айдау үшін ауаны 1100° С дейін алдын ала қыздыру қажет.
Орысша: Доменные печи являются крупнейшими потребителями материалов и энергии в процессе производства чугуна и стали. Они относительно гибки в использовании различных металлических зарядов, таких как окатыши, агломерат или лом, с небольшим изменением характеристик. Другие исходные материалы включают кокс для производства окиси углерода для восстановления железной руды до железа и другие источники энергии для различных стадий производственного процесса, такие как предварительный нагрев воздуха до 1100° C для впрыска в доменные печи.
Калькалау тәсілін қарастырған ғалым Д. Алтайбаева калькаларды абсолютті синонимдер мен индуцирленген сөзжасам түрлеріне ажыратады [15]. Калькалау арқылы жасалған терминдер тау‑кен терминологиясының ең көп бөлігін құрайтын терминдер тобы болғандықтан, «Translating International Terms for Mining Industry» тақырыбындағы мақаламызда калька тәсілі арқылы жасалатын тау‑кен терминдерін бірнеше топқа бөліп қарастырған болатынбыз [263, б. 173-182]:

  • толық калька;

  • жартылай калька;

  • аффиксті жартылай калька.

Толық калька тәсілі арқылы жасалған тау‑кен терминдерінде терминнің барлық бөлшектері калькаланады, мысалы: минералды ресурстар, юнг модулі, индукциялық пеш, т.б. Толық калька тәсілі арқылы аударылған терминдер өз ішінде қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Мысалы: agglomeration, flotation, filtration, conveyer, intrusion, infiltration қарапайым терминдер қатарына жатса, mineral resources, young modulus, induction furnace күрделі терминдер қатарына жатады (кесте 15).

Кесте 15 – Толық калька тәсілі арқылы жасалған тау-кен терминдері





Ағылшын

Қазақ

Орыс

Agglomeration

Агломерация

Агломерация

Flotation

Флотация

Флотация

Filtration

Фильтрация

Фильтрация

Conveyer

Конвейер

Конвейер

Intrusion

Интрузия

Интрузия

Infiltration

Инфильтрация

Инфильтрация

Mineral resources

Минералды ресурстар

Минеральные ресурсы

Young modulus

Юнг модулі

Модуль юнга

Induction furnace

Индукциялық пеш

Индукционная печь


Мысалы,
Ағылшынша: The Young’s Modulus of a material is a fundamental property of every material that cannot be changed. It is dependent upon temperature and pressure however.
Қазақша: Материалдың Юнг модулі – бұл өзгертуге болмайтын барлық материалдардың негізгі қасиеті. Ол температура мен қысымға тәуелді.
Орысша: Модуль Юнга материала – это фундаментальное свойство любого материала, которое нельзя изменить. Однако это зависит от температуры и давления.

Кесте 16 – Жартылай калька тәсілі арқылы жасалған тау‑кен терминдері



Ағылшын

Қазақ

Орыс

Antiparticles

Антибөлшектер

Античастицы

Autovibrations

Автотербеліс

Автоколебание

Hyperplane

Гипержазықтық

Гиперплоскость

Hydroisolator

Гидроажыратқыш

Гидроизолятор

Metacenter

Метаорталық

Метацентр

Ultrasound

Ультрадыбыс

Ультразвук

Ағылшын

Қазақ

Орыс

Abutment pressure

Тірек қысымы

Опорное давление

Ball mill

Шарлы диірмен

Шаровая мельница

Crushing department

Уатқыш цех

Дробильный цех

Conveyer belt

Конвейерлік таспа

Конвейерная лента

Dry separation

Құрғақ сепарация

Сухая сепарация

Finished product

Дайын өнім

Готовая продукция

Filterer type

Фильтр түрі

Тип фильтра

Magnetic survey

Магниттік барлау

Магниторазведка

Topographic surface

Топографиялық бет

Топографическая поверхность


Жартылай калька тәсілі арқылы жасалған тау‑кен терминдеріндегі бөлшектердің бірі калькаланса, екіншісі аудармадағы балама арқылы беріледі. Мұнда бір бөлшегі – калькаланушы, екінші бөлшегі – аударылатын термин. Жартылай калька тәсілі арқылы аударылған терминдер өз ішінде қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Мысалы: antiparticles, autovibrations, hyperplane, hydroisolator, metacenter, ultrasound қарапайым терминдер қатарына жатса, abutment pressure, ball mill, dry separation, magnetic survey, topographic surface күрделі терминдер қатарына жатады (кесте 16).
Мысалы,
Ағылшынша: In magnetic surveys, the magnetic properties of rocks are detected. Magnetic susceptibility is related to the varying amount of minor accessory minerals present in all rocks that contain iron such as magnetite, pyrrhotite, and hematite.
Қазақша: Магниттік барлауда тау жыныстарының магниттік қасиеттері анықталады. Магниттік сезімталдық құрамында магнетит, пирротит және гематит сияқты темірі бар барлық тау жыныстарында болатын кішігірім қосалқы минералдардың әртүрлі мөлшерімен байланысты.
Орысша: При магниторазведке выявляются магнитные свойства горных пород. Магнитная восприимчивость связана с различным количеством второстепенных минералов, присутствующих во всех породах, содержащих железо, таких как магнетит, пирротин и гематит.
Аффиксті жартылай калька тәсілі арқылы жасалған тау‑кен терминдеріндегі негізгі термин аударылатын тілдің аффикстік сөзжасам тәртібін қабылдай отырып, калькаланады (кесте 17). Мысалы: jasperoid (jasperoid rock), amber placer, ellipsoid orientation, drill man, т.б.

Кесте 17 – Аффиксті жартылай калька тәсілі арқылы жасалған тау-кен терминдері





Ағылшын

Қазақ

Орыс

Jasperoid (jasperoid rock)

Яшмоидтар (яшматәрізді таужыныстар)

Яшмоиды (порода яшмоидная)

Amber placer

Янтарлы шашыранды кендер

Янтарные россыпи

Ellipsoid orientation

Эллипсоидты бағдарлау

Ориентирование эллипсоида

Drill man

Бұрғылаушы

Бурильщик


Мысалы,
Ағылшынша: The main practical importance of kriging consists in the ability to avoid systematic errors in estimates of the average value of content-rich blocks that are closely related to the problem of outstanding samples, which often arises during exploration of amber placers of the Rivne region.
Қазақша: Кригингтің негізгі практикалық маңыздылығы Ровно аймағындағы янтарлы шашыранды кендерді барлау кезінде жиі кездесетін құрамы блоктарға бай үлгілердің орташа мәнін бағалауға байланысты жүйелі қателіктерден аулақ болу болып табылады.
Орысша: Основная практическая значимость кригинга заключается в возможности избежать систематических ошибок в оценках средней стоимости богатых содержанием блоков, тесно связанных с проблемой выдающихся образцов, которая часто возникает при разведке янтарных россыпей Ровенской области.
Қысқарған сөздер терминдері – мұндай терминдер тобы аса көп емес. Дегенмен академик Ә. Қайдардың терминжасамда үсынған 11 қағидатындағы 7-приниципіне сәйкес [120], күрделі жолмен жасалған салалық терминдер мен мекеме немесе құрылғы атаулар алғашқы әріптері мен буындары бойынша, сөз араластырып та халықаралық терминдену үлгісімен қысқартып қолданылатын терминдер тобы баршылық (кесте 18). Мысалы, ГМК – Горно-металлургический комплекс, ГОК – Горно-обогатительный комбинат, FS – Feasibility Study, ТЭО – Технико-экономическое обоснование, т.б.
Қысқарған сөздер арқылы жасалған терминдерді аударудағы басты қателік аударманы да қысқартып беруде. Ресми терминологиялық сөздіктер мен тезаурустарда бекітілген белгілі халықаралық ұйымдар, бірлестіктер, заңнамалар мен кодекстерді қысқарту арқылы аударуға болады.
Орыс тіліндегі тіркесті терминдердің қысқартылып берілетін нұсқаларының барлығын қысқарған сөз түрінде қайталамай, тек аудармасын беру дұрыс деп есептейміз. Мысалы, орыс тіліндегі ТПИ – твердые полезные ископаемые қысқарған терминін қазақ тілінде қатты пайдалы қазбалар, ағылшын тілінде solid minerals сөздер берген дұрыс, себебі олардың аудармадағы қысқартылып берген формалары қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөздіктерде формалды түрде бекітілгенімен, кең қолданыста пайдаланылмайды.

Кесте 18 – Тау‑кен саласының қысқарған сөздер терминдері





Қазақ

Ағылшын

Орыс

ТМК

MMP

ГМК

Тау-кен металлургия кешені

Mining and Metallurgical Plant

Горно-металлургический комплекс

ТБК

MPP

ГОК

Тау-кен байыту комбинаты

Mining and Processing Plant

Горно-обогатительный комбинат

ТЭН

FS

ТЭО

Технико-экономикалық негіздеме

Feasibility Study

Технико-экономическое обоснование

ҚПҚ

SM

ТПИ

Қатты пайдалы қазбалар

Solid minerals

Твердые полезные ископаемые

Сонымен бірге орыс тіліндегі ОФ – обогатительная фабрика қысқарған терминін қазақ тілінде кен байыту фабрикасы немесе ағылшын тілінде processing plant деп толық түрде аудару қажет. Аталған тіркесті терминдер қазақ және ағылшын тілдерінің терминологиялық базасында қысқартылған тіркесті термин ретінде бекітілмеген.


Мысалы,
Қазақша: Соңғы техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) сәйкес, Солтүстік аумақтағы ванадий және титан бойынша Mount Peake 100% игерген TNG жобасы тұрақты қаржылық және техникалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ағылшынша: Definitive Feasibility Study (DFS) finds that TNG’s 100%-owned Mount Peake Vanadium-Titanium-Iron Project in the Northern Territory when developed will deliver robust financial and technical outcomes.
Орысша: По Окончательному ТЭО (DFS), 100% владение TNG проекта Mount Peake по ванадию и титана в Северной Территории, при разработке будет представлять устойчивые финансовые и технические результаты.
Синоним терминдер – мұндай терминдер тобы терминолог мамандардың назарын аударатын ерекше терминдер деуге болады. Терминология саласындағы ғалымдар «термин бір ғана мәнге, атауға ие» десе, кейбіреулері терминдердің синонимдерінің болуын қалыпты жағдай деп есептейді. Қазақ тілінің тау‑кен терминдерінің ішінде төл терминдер мен негізі грек және латын ғылым тілдерінен алынып жасалған терминдермен қатар, кейбір металл мен минерал атауларын белгілеуде олардың химиялық элементін білдіретін номенклатуралық атаулары да қатар қолданылады (кесте 19). Мысалы, potassium және kalium; tungsten және wolfram; жанартаулық тау жыныстары және эффузивтік тау жыныстары, вулканические породы және эффузивные породы; enrichment және beneficiation, т.б.

Кесте 19 – Тау‑кен саласының синоним терминдері





Қазақ

Ағылшын

Орыс

Калий

Potassium, kalium

Калий

Вольфрам

Tungsten, wolfram

Вольфрам

Кен байыту

Enrichment, beneficiation

Обогащение руды

Жанартаулық тау жыныстары Эффузивтік тау жыныстары

Volcanic rocks

Вулканические породы
Эффузивные породы

Мысалы,
Ағылшынша: Kazakhstan imported Tungsten (wolfram); unwrought, including bars and rods obtained simply by sintering, waste and scrap from China ($9.38K , 14 Kg).


Қазақша: Қазақстан өңделмеген вольфрамды импорттады, оның ішінде Қытайдан алынған агломерация, қалдықтар мен сынықтар арқылы алынған шыбықтар (9,38 млн. доллар, 14 кг).
Орысша: Казахстан импортировал необработанный вольфрам, включая прутки, полученные простым спеканием, отходы и лом из Китая (9,38 тыс. долл. США, 14 кг).
Қазақ тілінде кейбір терминдер өзге тілден енген ғылыми атауларымен қатар қолданыста жүр. Мысалы, ақық – агат (agate), ғаныш – гипс (gypsum), тас тұз – галит (halite), құбылтас – александрит (alexandrite), саз балшық – каолин (clay), шұбар тас – гранит (granite), көмір тас – графит (graphite).
Мысалы,
Ағылшынша: Kaolin is a white clay composed of aluminum silicates.
Қазақша: Каолин - алюминий силикаттарынан тұратын ақ саз.
Орысша: Каолин - это белая глина, состоящая из силикатов алюминия.
Аталған терминдердің қазақ тілді синонимдерін көптілді басқарылмалы тезаурусымызды дескриптор ретінде, яғни абсолютті синоним түрінде береміз (кесте 20).

Кесте 20 – Тау‑кен саласының абсолюттік синоним терминдері





Қазақ

Ағылшын

Орыс

Ақық, агат

Agate

Агат

Ғаныш, гипс

Gypsum

Гипс

Тас тұз, галит

Halite

Галит

Құбылтас, александрит

Alexandrite

Александрит

Саз, каолин

Clay, kaolin

Глина, Каолин

Шұбар тас, гранит

Granite

Гранит

Көмір тас, графит

Graphite

Графит

Осылайша тау‑кен терминдерін жіктеуде синоним терминдердің болуын және олардың мағыналас терминдермен қатар еркін қолданылатынын растаймыз.


Кірме терминдер – бұл терминдер тобы да айтарлықтай көп емес, алайда жаһандану жағдайындағы халықаралық кәсіби тіларалық байланыста тау‑кен саласында пайдаланылатын халықаралық кодекстер, заңнамалар мен стандарттар атаулары аударылмай, таза кірме термин ретінде жиі қолданылып жүр. Мұндай мысалдар техника‑экономикалық негіздемелер мен техникалық құжаттамаларда, халықаралық келісімшарттарда көптеп кездеседі. Мысалы, AMIRA, JORC және пайдалы қазбаларды өндіру мен игеру өндірісінің экономикамен тығыз байланыста болуы себепті CAPEX, OPEX, EBITDA, IRR, NPV, COGS тәрізді қаржы және экономика саласына қатысты терминдер де техника‑экономикалық құжаттарда аудармасыз сол күйі беріліп, кеңінен қолданылып жүр (кесте 21).

Кесте 21 – Тау‑кен саласының кірме терминдері





Кірме термин

Түсіндірмесі

AMIRA

Metal Accounting and Reconciliation

CAPEX

Capital expenditures

COGS

Cost of Goods Sold

EBITDA

Earnings before Interest and Taxation, Depreciation and Amortisation

IRR

Internal Rate of Return

JORC

Joint Ore Reserves Committee

NPV

Net Present Value

OPEX

Operational expenses

Осындай түпнұсқа тілінде қолданылып, халықаралық, тіларалық құжаттарға еніп кеткен түпнұсқа тілдеріндегі кейбір терминдердің қазақ, орыс тілдерінде баламалары бар. Мысалы, CAPEX (күрделі қаржы шығындары, капитальные расходы), OPEX (операциялық шығындар, операционные расходы), және COGS (өткізілген өнімнің өзіндік құны, себестоимость реализованной продукции). Бірақ AMIRA, EBITDA, IRR, JORC, NPV қысқарған терминдері Қазақстандық ешбір терминологиялық сөздікте бекітілмеген. Аталған терминдерге мынадай аударма баламаларын ұсынамыз: EBITDA (Пайызға, салыққа және амортизацияға дейінгі пайда [264], прибыль до вычета процентов, налогов, износа и амортизации), IRR (Ішкі кірістің деңгейі [265], ВНР ‑ внутренняя норма рентабельности), NPV (таза ағымдағы құны [266], ЧДД ‑ чистый дисконтированный доход). Дегенмен, NPV кейбір құжаттарда қазіргі бағасы, таза дисконтталған құн деген нұсқалармен де қолданылып жүр.


Мысалы,
Ағылшынша: Robust 41% IRR and $4.9 billion net present value (NPV8) paves way for final funding, construction and off-take contracts with existing portfolio of Tier One strategic partners.
Қазақша: IRR тұрақты ішкі кіріс деңгейі 41% және таза ағымдағы құны (NPV8) $ 4.9 млрд түпкілікті қаржыландыруға, құрылысқа және Tier One стратегиялық серіктестер портфолиосымен бір реттік келісімшартқа жол ашады.
Орысша: Устойчивая 41% ВНР и Чистая стоимость на 4,9 млрд. долларов США (NPV8) прокладывает путь для окончательного финансирования, строительства и однократного контракта с существующим портфолио стратегических партнеров Tier One.
Аударма теориясы мен практикасында терминдерді салалық қолданысы мен өндірісіне қарай жіктеуде тау‑кен терминдері мұнай‑газ, геология, машина жасау және басқа да салалармен қатар тек техникалық терминдер деп қолданып келді. Салалық терминдерді аудару негізінен көптілді техникалық терминдердің дәстүрлі сөздіктерін құрастыру аясында дамыды.
Қазіргі өндіріс салаларының қарқынды дамып, экономикамен тығыз байланысы аясындағы ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып [80, б. 538; 81, с. 55], сала терминдерін техникалық терминдер емес, салалық терминдер деп топтастырып, осы салада жасалатын аударманы салалық аударма деп қолдануды ұсынамыз. Жоғарыда талданған тау‑кен саласының терминдерінің қолданысы мен аудармада берілуі арқылы сала терминдерінің бір бірімен байланысы мен ара‑жігін көреміз.
Сонымен салалық аударманы қазіргі ғылым мен технологияның қарқынды дамуы жағдайында орындау мақсатында қағаз бетіне түсірілген сөздіктерді жаңа форматта жүйелеп, біріздендіріп және цифрландыру, терминологиялық сөздіктердің жаңа буынын жасаудың әдіс‑тәсілдерін сипаттау қажеттілігі туып отыр.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет