Зерттеу жұмысымыздың нысаны ретінде таңдап алынған үш тіл Қазақстанның тіл саясатынан орын алып отырған «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген мемлекеттік тіл – қазақ тілі, тіларалық қатынас құралы тілі – орыс тілі және бизнес құралы тілі – ағылшын тілі мәртебесін басшылыққа алады. Диссертациялық жұмысымызда қазақ тілінің тау‑кен терминдерінің орыс және ағылшын тіліне аудару мәселелерін жұмысымыздың практикалық нәтижесі болып табылатын көптілді басқарылмалы тезаурус аясында қарастырдық.
1. Салалық аударма барысында кездесетін тау‑кен терминдерін талдау барысында, оларды құрылымына қарай мынадай топтарға жіктейміз:
қарапайым (түбір) терминдер;
күрделі (туынды) терминдер;
қысқарған немесе тіркесті терминдер.
Қарапайым (түбір) терминдер бір терминдік жүйенің құрамына кіреді және олар көбіне бір мағыналы болып келеді. Терминдердің бұл тобын әдетте пән саласының тірек сөздері ретінде қарастыруға болады. Мұндай бір мағыналы терминдер зерттеу жұмысымыздың практикалық нәтижесі болып табылатын тау‑кен терминдерінің басқарылмалы тезаурусында тірек сөздер немесе кілт сөздер қызметін атқарады. Мысалы, агломерация, ұсату, ұнтау, кен байыту, флотация, фильрация, таужыныс, металлургия, минералогия, т.б. терминдері тек қана бір мағына ғана беріп қоймай толыққанды ұғымға ие (кесте 8). Сонымен бірге металлургия, минералогия тәрізді ұғымдар тезаурус рубрикациясының басты терминдері (MT – main term) ретінде берілген.
Кесте 8 – Қарапайым тәсілмен жасалған тау‑кен терминдері
Қазақ
|
Ағылшын
|
Орыс
|
Агломерация
|
Agglomeration
|
Агломерация
|
Ұсату
|
Crushing
|
Дробление
|
Ұнтау
|
Grinding
|
Измельчение
|
Кен байыту
|
Enrichment
|
Обогащение
|
Флотация
|
Flotation
|
Флотация
|
Фильтрация
|
Filtration
|
Фильтрация
|
Таужыныс
|
Rock
|
Породы
|
Металлургия
|
Metallurgy
|
Металлургия
|
Минералогия
|
Mineralogy
|
Минералогия
|
Күрделі (туынды) терминдер бір терминдік жүйеде пайда болғанымен, контекстке байланысты әр терминде кездесетін семантикалық ортасына қарай қарастырған жөн. Мысалы, домна пеші, ұсату машинасы, жоба қуаты, инженерлік жұмыстар, т.б. терминдерінде әр терминге бір мағыналы балама тән (кесте 9).
Кесте 9 – Күрделі тәсілмен жасалған тау‑кен терминдері (екі сөзді)
Қазақ
|
Ағылшын
|
Орыс
|
Домна пеші
|
Blast furnace
|
Доменная печь
|
Ұсату машинасы
|
Crushing machine
|
Дробильная машина
|
Жоба қуаты
|
Design capacity
|
Проектная мощность
|
Инженерлік жұмыстар
|
Engineering works
|
Инженерные работы
|
Дегенмен blast furnace, яғни домна пеші терминінде furnace термині basic oxygen furnace, blast furnace shop, electric-arc furnace, energy optimising furnace, induction furnace, ore thermal furnace тәрізді пеш түрлеріне ажыратылып, blast-furnace ironmaking, blast-furnace melting operation тәрізді күрделі терминдерде де кездеседі (кесте 10).
Кесте 10 – Күрделі тәсілмен жасалған тау‑кен терминдері (үш‑төрт сөзді)
Қазақ
|
Ағылшын
|
Орыс
|
Негізгі өттекті пеш
|
Basic oxygen furnace
|
Основная кислородная печь
|
Домна цехы
|
Blast furnace shop
|
Доменный цех
|
Электрдоғалы пеш
|
Electric-arc furnace
|
Электродуговая печь
|
Энергия үнемдеуіш пеші
|
Energy optimising furnace
|
Энергосберегающая печь
|
Индукциялық пеш
|
Induction furnace
|
Индукционная печь
|
Қенді қалпына келтіру пеші
|
Ore thermal furnace
|
Рудновосстановительная печь
|
Домна өндірісі
|
Blast-furnace ironmaking
|
Доменное производство
|
Домна балқыту ісі
|
Blast-furnace melting operation
|
Ход доменной плавки
|
Достарыңызбен бөлісу: |