Баекеева айнур толыбаевна


Терминком бекіткен «Кен ісі және металлургия» саласының терминдеріне құрылымдық талдау



бет27/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

2.1.2 Терминком бекіткен «Кен ісі және металлургия» саласының терминдеріне құрылымдық талдау


Қазақ тілінің тау‑кен терминдерін құрылымдық жағынан қарастырсақ, синтетикалық тәсілмен жасалған терминдерден гөрі аналитикалық тәсіл тау‑кен терминдерінің терминжасамындағы ең жиі кездесетін тәсіл болып табылады.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға қатысатын тілдік бірліктердің әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар. Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын негізгі талап оның лексикалық мағынасының болуы. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара береді.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның құрамындағы негізгі сөзге байланысты. Негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болады, сондықтан оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады.
Терминжасамның синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын терминдерінің сөзжасамына қатыстырылатын ең өнімді қосымшалар мыналар:

‑лық, ‑лік

сығылушылық, төзімділік

‑дық, ‑дік

ықшамдық, дәлдік

‑тық, ‑тік

биіктік, қашықтық

‑нама, ‑дама

тығыздама, заңнама

‑ым, ‑ім, ‑м

қысым, бітім, илем

‑ыс, ‑іс, ‑с

қозғалыс, үдеріс, қатынас

‑гер, ‑кер

мердігер, дәнекер

‑ғыш, ‑гіш

жарылғыш, кептіргіш

‑уыш, ‑уіш

орауыш, өлшеуіш

‑шы, ‑ші

кенші, таңбалаушы

‑у

ұнтақтау, ұсату, металдау

Терминжасамның аналитикалық тәсілінде түбір немесе туынды сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз немесе термин туады. Аналитикалық тәсілмен жасалған терминдердің мынадай түрлері бар:

  • біріккен сөздер;

  • қос сөздер;

  • қысқарған сөздер;

  • тіркес сөздер.

Біріккен сөздер арқылы жасалған терминдер. Терминком бекіткен тау‑кен терминологиясының ішінен бірігіп жасалған 117 термин табылды. Біріккен сөз терминдеріне мыналарды жатқызамыз: ағынөзек, азоткөміртектеу, электрбұрғы, өнеркәсіп, көмірсутек, бетонқұбыр, бетонөткізгіш, болатбалқытушы, жүккөтерімділік, шойынпеш, жанартау, сазтопырақ, жоғарыкөміртекті, жоғарыxромды, таужыныс, ортасұрыптық, т.б.
Біріккен сөздер арқылы жасалған терминдер негізінен мынадай модельдер арқылы қалыптасады:
N+N – зат есім мен зат есімнің қатысуы арқылы жасалған терминдер, мысалы: автожол, ауаауысым, қабатжол, сазтопырақ, жерсеріктік, шойынпеш, өнеркәсіп, көмірсутек, бетонқұбыр, оттөзім, шекемтас, т.б.
N+V – зат есім мен етістіктің қатысуы арқылы жасалған терминдер, мысалы: азоткөміртектеу, ақаутапқыш, жылуөткізгіштік, электрбұрғы, бұрышөлшегіш, жолжылжытқыш, жолтөсегіш, т.б.
Adj+Adj – Сын есім мен сын есімнің қатысуы арқылы жасалған терминдер, мысалы: жоғарыxромды, жоғарыкөміртекті, т.б.
Num+Adj – Сан есім мен сын есімнің қатысуы арқылы жасалған терминдер, мысалы: екібеткейлі, екібілікті, еківанналы, екіжолақты, екікамералы, екіқұбырлы, екікезеңді, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет