Баекеева айнур толыбаевна



бет28/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Қос сөздер арқылы жасалған терминдер. Тау‑кен терминдерінің ішінен қос сөздер арқылы жасалған 58 термин табылды, оларға мыналарды жатқызамыз: тау-кен, анод-оксидті, әк-сілтілі, домна-газ, жарып-ұсату, қышқылдық-оттекті, лава-қабаттық, магнитті-қатты, магнитті-жұмсақ, металл-доре, миш-металл, циандық-белсенді, циклді-толассыз, т.б.
Қос сөздер арқылы жасалған терминдер негізінен мынадай модельдер арқылы қалыптасады:
N+N – зат есім мен зат есімнің қатысуы арқылы жасалған терминдер, мысалы: тау-кен, жауын-шашын, зенит-аспап, әк-ұлпа, вакуум-сүзгі, бетперде-дулыға, вакуум-сорғы, гамма-каротаж, т.б.
N+Adj – зат есім мен сын есімнің қатысуы арқылы жасалған терминдер, мысалы: анод-оксидті, анкер-жақтаулы, әк-сілтілі, рентген-спектрлі, т.б.
Adj+Adj – сын есім мен сын есімнің қатысуы арқылы жасалған терминдер, мысалы: күрделі-әртекті, магнитті-жұмсақ, молекулалы-сәулелі, оттекті-алаулы, оттеткті-отынды, т.б.
V+V – Етістік пен естістіктің қатысуы арқылы жасалған терминдер, мысалы: айналмалы-соқпалы, айналмалы-тербелісті, соққылы-айналмалы, соқпалы-айналмалы, т.б.
Қысқарған сөздер арқылы жасалған терминдер. Тау‑кен терминдерінің ішінен қысқарған сөздер арқылы жасалған 27 термин табылды, оларға мыналарды жатқызамыз: А-6 гранулиті, БЖЖ, блюм БҮҚҚ, ГК, ГЛОНАСС, ДА-2 маркалы, ДҮҚМ, ДП, ЕФМБ, ЖМ, GPS, ЖӨС, ЖЭҚК, ИК, КМ, ҚОШ, МГС, МХО, МТӨ, ПАН-165 агрегаты, СВБ, Хил-үдеріс, ШРК, ШРМ, ШПК.
Тіркес сөздер арқылы жасалған терминдер. Тау‑кен терминдерінің ішінен тіркес сөздер арқылы жасалған терминдер терминдердің ең үлкен тобын құрайды. Тіркес сөздер арқылы жасалған терминдерді өз ішінен екі сөзден, үш сөзден, төрт сөзден, бес сөзден және алты сөзден тұратын топтарға бөлінеді.
Екі сөзден тұратын тіркесті терминдер саны – 4762 құрайды, мысалы: вертикал қима, елегіш бет, кен тиеу, қаптамалық тақта, қоңыр көмір, металдық ұнтақ, т.б.
Үш сөзден тұратын тіркесті терминдер саны – 2865 құрайды, мысалы: меридиан доғасының ұзындығы, серпімді деформация аймағы, тас өңдеу зауыты, үздіксіз қыздыра жұмсарту, шойынды қайта өңдеу, яшма тәрізді таужыныс, т.б.
Төрт сөзден тұратын тіркесті терминдер саны 551 құрайды, мысалы: ірі кесекті шашыратпай жару, шөгінді таужыныстардың бүрмелі бітімі, пайдалы қазындының жалпы жалпы құндылығы, қопарылған аса ұсақ таужыныстар, т.б.
Бес сөзден тұратын тіркесті терминдер саны – 54 құрайды, мысалы: блоктарды машиналық қазып алу теxнологиясы, биіктікте жатқан терең кенорынның типі, ғимараттар мен табиғи нысандарды қорғау, т.б.
Алты сөзден тұратын тіркесті терминдер саны – 21 құрайды, мысалы: газ бен тозаң бойынша қауіпті шаxта, газ бойынша категориядан тыс шаxта, илемнің пішінді және дәлдігі жоғары бейіндері, карьер қиябеттері деформацияларын маркшейдерлік бақылау, т.б.
Терминологиялық сөздіктегі тау‑кен терминдерінің аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминдердің жалпы саны – 8455 құрайды, бұл тау‑кен терминдерінің терминологиялық базасының 76,6% құрайды.
Синтетикалық тәсілмен жасалған терминдерге қарағанда аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер сөздікте көбірек кездеседі. Әсіресе, екі және үш сөзден құралған тіркесті терминдердің саны көп. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминдердің толық кестесі В қосымшасында берілген (Қосымша В).
Термин‑бөлшектер арқылы жасалған терминдерді екі жақтан қарастырамыз:

  • сөз басында кездесетін термин‑бөлшектер: биофлотация (bioflotation), геоизотерма (geoisotherm), микрокристалды (microcrystalline), нанобөлшектер (nanoparticles), т.б.

  • сөз соңында кездесетін термин‑бөлшектер: адсорбция (adsorption), дифракция (diffraction), седиментация (sedimentation), флотация (flotation), т.б.

Қазақстан Республикасының Терминологиялық комитеті ұсынып және бекіткен қазақ тілінің тау‑кен ісі және металлургия саласындағы терминдерін құрылымдық жағынан алғанда тұтас құрылымды және көп құрылымды деп екіге бөліп қарастыруға болады. Осы орайда терминжасам процесінің барысында туындайтын терминдердің басым көпшілігі тұтас құрылымды терминдер болып келеді.
Туынды терминдерді жасау барысында терминжасам процесінің семантикалық нәтижелерінің академик Ә. Қайдар ұсынған 4 тәсілі (таза транспозиция, транспозиция, модификация және мутация) арқылы салалық терминдердің жасалу жолдарын талдайық [120, б. 1-4].

  • Таза транспозиция тәсілінде термин туындау процесі сөздің бір сөз табынан басқа бір сөз табына ауысып, мағынасы еш өзгеріске ұшырамайды. Мысалы, металлургиялық комбинат – металлургия комбинаты (metallurgical plant), кен орны – кеніш (deposit);

  • Транспозиция тәсілінде туынды сөздің синтаксистік сипаты да мағынасы да өзгеріске ұшырайды. Мысалы, иілу – иілім (to bend, curve), уату – уатылым (to crush, breaking ground), түсіру – түсірім (to sink, shot);

  • Модификация тәсілінде термин туындау кезінде бір сөз табына жататын сөз тудырушы және туынды сөздер терминдері арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар кездеседі. Мысалы, ион – иондау (ion, ionization), азот – азоттау (nitrogen, nitriding), минерал – минералдану (mineral, mineralization);

  • Мутация тәсілінде бір сөз табы терминдерінің грамматикалық және мағыналық ерекшеліктері айқындалады. Мысалы, фотометрия – фотография (photometry, photography), төраға – төрайым (he/she CEO).

Салалық терминологиядағы терминжасам тәсілдеріне тоқталсақ, ғалымдардың пікірі бойынша, қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің қайсысы болмасын терминжасам процесіне қатыса алады. Ең тиімді тәсіл арқылы жасалған терминдер аффиксті терминдер болып табылады. Терминжасам нәтижесінде термин белгілі бір ұғымның атауын анықтап, айқындап, сол ұғымның мазмұнын ашып көрсетеді.
Әрбір тілдегі салалық терминдер мынадай тәсілдер арқылы жасалады: деривация, сөз тіркесі, сөздердің семантикалық өзгеріске түсуі, басқа тілдерден кірме сөздер қабылдау және т.б. Мұндай тәсілдер кез келген тілдің терминжасам жүйесінде басты орын алып, универсалдық тәсілдер болып табылады. Осыған орай, түрлі тілдердің сөздік қор өзгешелігі атаулану тәсілдер түрлілігімен емес, олардың өнімді-өнімсіз қасиеті тұрғысынан өлшенеді. Мысалы, қазіргі таңда орыс тілінде ең жоғары өнімділік танытып жүрген аббревиация құбылысының кейбір түрлері қазақ тілінде байқала бермейді.
Салалық терминдердің семантика-синтаксистік жақтарына сәйкес Ш. Құрманбайұлының пікірінше, ғылыми-техникалық немесе салалық терминдердің ішінде ең көп ұшырасатыны – етістікті терминдер, соның ішінде тұйық етістік. Етістіктің бұл түрі арқылы жасалған терминдерді арнаулы салалардың барлығынан дерлік табуға болады. Мысалы, бұрғылау, қабатталу, кептелу, үлгілеу, шаймалау, сүйірлену, ісіну, шіру, көмірлену, тотығу, т.б. [80, б. 36].
Терминологияда сын есімдердің де өзіндік орны бар. Сын есімдер негізінен тіркесті терминдердің құрамында кездеседі. Терминжасамда ең жиі кездесетін тәсіл – ол аффиксті сөзжасам. Мысалы, магнитті сепарация, сілтілі металл, түсті металл, т.б.
Қысқарту тәсілі тілдің ықшамдау заңдылығына байланысты пайда болған тәсіл: мемлекеттік терминологиялық коммиссия – мемтерминком, терминологиялық комитет – терминком, т.б.
Салалық терминдердің ішіндегі ғылым мен техника салаларының терминдерінде тағы да жиі кездесетін қысқартулардың ерекше бір түрі ретінде акронимияны алуға болады [262]. Акронимия дегеніміз – бастапқы сөз тіркесінің дыбыстық немесе әріптік қысқартуларынан жасалған зат есімдер: ГОК – горно‑обогатительный комбинат, Кен байыту комбинаты, MPP – mining and processing plant және т.б.
Қазіргі таңда термин-фразалар, әсіресе, техника мен өндіріс технологияларында кеңінен орын алып, аталған салаларда процесc, құрылыс, қосылыс және т.б. сипатын дәл беруімен ерекшеленеді. Бұл салалардағы жаңа ұғымдар көп жағдайда белгілі тілдік материалдар арқылы көрсетіліп, оларға қосымша анықтамалар беріліп отырады. Мысалы, өндірістік процестерді автоматтандыру, жұқа түйіршікті агрегат, алтын өндіруші өнеркәсіп, автоматты түрде төңкерілетін вагонетка, қазуды кері жүріспен жүргізу, тау жынысының газға қанықтығы, тау жынысының бекемдік коэффициенті және т.б.
Өзге тілдерден кірме терминдерді қабылдау терминологиядағы өнімді тәсілдердің бірі. Кірме терминдерді әдетте лексикалық (сыртқы тұлғасы) және семантикалық (ішкі формасы немесе калькалау) деп екіге бөледі.
Лексикалық кірме терминдерге мынадай сөздер мен сөз тіркестерін жатқызуға болады: минерал (mineral), металлургия (metallurgy), вольфрам (wolfrum, tungsten), экскаватор (excavator) және т.б.
Калькалау тәсілі арқылы жасалған терминдер де екіге бөлінеді:

  • сөзжасамдық калькалар: әк-сілтілі таужыныс (известково-щелочная порода, calc-alkaline rock);

  • семантикалық калькалар: батырмалы перфоратор (перфоратор погружной, submersible hammer), т.б.

Тау‑кен терминдерінің арасында сөз тіркесті калькалау құбылысы да кездеседі: ақ алтын (белое золото, white gold); қара алтын (черное золото, black gold); қара металлургия, (черная металлургия, ferrous metallurgy), т.б.
Өзге тілдегі термин аудармада толықтай немесе жартылай көшірілсе, оны толық немесе жартылай калька деп атаймыз. Мысалы, микроқұрылым (микроструктура, microstructure); метанөлшеуіш (метанометр, methanometer), т.б.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет