Автоматтандырылған аударма (САТ) – компьютерлік технологияны қолдана отырып мәтіндерді аудару. Автоматтандырылған аударманың машиналық аудармадан айырмашылығы – аударманың процесін адам жүзеге асырады, компьютер тек дайын мәтінді аз уақытта ақпараттық жүйеге орнатылған мәтінді өңдеу операциялары арқылы мәтіннің механикалық аудармасын ұсынады.
Ақпараттық ресурс – ақпараттық жүйенің мазмұнын, яғни контентін құрайтын жалпы ұғым.
Аударма жадысы (TM) – бұрын аударылған мәтін сегменттерінің жиынтығын сақтайтын мәліметтер базасы.
Салалық аударма – арнайы мамандандырылған, кәсіби мәтінді бір табиғи тілден екінші тілге аудару процесі.
Басылымдар (Ақпараттық жүйеде Publication) – алфавиттік және сандық жазба түріндегі шығармаларды интеллектуалды әрі библиографиялық сипаттау арқылы жүзеге асыру.
Басқарылмалы сөздік (Controlled vocabulary) – дереккөзді сипаттауға арналған мәліметтер базасының каталогын жасаушылар мен индекстеушілер қолданатын стандартталған пән салаларына қатысты ақпараттар жиынтығы. Осы пән салаларының тақырыптары пән терминдері, индекстік терминдер, жүйенің кілт сөздері немесе дескрипторлары деп те аталады. Басқарылмалы сөздіктің басты мақсаты – ақпараттық іздеуді жеңілдету әрі тездету.
Деректер схемасы – жазбаның алмасу форматы. Тезаурустың деректер схемасы – бұл тезаурус құрылымының сақтау тәсіліне қатыссыз, терминдер мен ұғымдар арасындағы байланысты анықтауға арналған метадеректер жиынының сипаттамасы. Zthes деректер схемасы – (ANSI/NISO Z39.19:2005), торап хаттамаларын, соның ішінде Z39.50 хаттамасын пайдалана отырып жұмыс жасауға арналған схема.
Дескриптор – ақпараттық сөзбен (вербалды), синонимдік немесе мағынасы жағынан кілт сөздері класының атауы болатын код арқылы берілген лексикалық бірлік. Табиғи тілдің көпмағыналы сөздеріне бірнеше дескриптор, ал бірнеше синонимдік сөздер мен ұғымдарға – бір дескриптор сәйкес келеді. Құжаттар мен ақпараттық сұраныстарды іздеу мақсатында координатты индекстеу үшін қолданылады.
Документ – ақпараттық кеңістікте берілген, стандартты атрибуттары бар және метадеректермен қамтылған бір мағыналы бірегейлікке (идентификация) қол жеткізетін, толық сандық нысан.
Достарыңызбен бөлісу: |