Баекеева айнур толыбаевна



бет5/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Жасанды интеллект (AI) – интеллектуалдық машиналар, соның ішінде интеллектуалдық компьютерлік бағдарламаларды жасаумен айналысатын ғылым мен технология, әдетте адам күшімен жасалатын шығармашылық функцияларды орындай алатын интеллектуалдық жүйе.
Интероперабельдік (Interoperability) – өзара әрекеттесуге қабілеттілік, яғни өзге өнімдер немесе жүйелердің қолжетімділігі мен жүзеге асырылуына ешбір шек қоймайтын өнімнің немесе жүйенің өзара әрекеттестікке және қызметтестікке интерфейсі толықтай ашық болатын қабілет.
Концепт (компьютерлік лингвистикада) – когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Жеке тұлғаның ойлау бірліктері және психикалық ресурстарын, жинақталған білімі мен тәжірибесінің біртұтас көрсеткіші.
Концепт (ақпараттық технологияларда) – сөздік таңбаның мазмұндық жағы (мағына – бір немесе бірнеше жақын байланысқан мағыналар кешені), концептің негізін ұғым қалайды. Концептке негіз болатын ұғымның өз әлеуеті болады, ол саралануға қабілетті: бұл қабілеттің қарапайым бейнесін сөздіктер түрлі сөздік реңк пен алмасулардың жасалу тенденциясы ретінде көрсетеді.
Координаттық индекстеу – мәтіннің (құжаттың) немесе ақпараттық сұраныстың негізгі мағыналық мазмұны кілт сөздері немесе дескрипторлар үйлесімі түрінде берілетін индекстеу.
Машиналық аударма (MT) – арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен мәтіндерді бір табиғи тілден екінші тілге аудару процесі.
Метадеректер – құрылымдастырылған ақпарат, оның негізгі қызметі ақпараттық ресурсты сипаттау, түсіндіру және мекен‑жайын көрсету.
Мәтіннің автоматтандырылған талдауыкомпьютердің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық түсініктеріне енгізілген табиғи тілдегі мәтіннің бірізді түрленуі.
Мәтіннің автоматтандырылған синтезі – лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық түсініктердің табиғи тілге аударылу процесі.
Сипаттаушы метадеректер – ресурстың мазмұны мен қасиетін сипаттайтын деректер, оларға библиографиялық деректер, түсініктемелер, ресурстардың идентификаторлары жатады. Сипаттаушы метадеректердің негізгі міндеті – сыртқы әлем үшін және түрлі қосымшаларда сандық нысанды бір мағыналы етіп көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет