Баекеева айнур толыбаевна



бет6/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Сөздік мақалакілт термині, ұғым немесе деректің сипаттамасын құрайтын құжат.
Құрылымды метадеректер – ресурстың жалпы құрылымы мен оның компоненттерін, көлемі мен ресурстың басқа да қасиеттерін бейнелейтін метадеректер.
Жүйелік немесе әкімшілік метадеректер – ақпараттық ресурстарды басқару жүйесін қамтамасыз етуге және ақпараттық ресурстарды әкімшіліктендіруге бағытталған, яғни жасалған мерзімі, ресурстың өзгеруі немесе идентификаторын көрсетеді.
Нейронды аударма (NMT) – бұл үлкен жасанды нейрондық желіні қолдану арқылы атқарылатын машиналық аударма тәсілі.
Онтология (Ақпараттық жүйеде) – концептуалды схема көмегімен білімнің кейбір саласын толық қамтитын және бөлшектеп рәсімдейтін талпыныс. Концептуалды схема ретінде ұғымдар жиыны мен ұғым туралы ақпарат (белгілі бір пән саласындағы мәселелерді шешу процесін сипаттауға арналған қасиеттер, қатынастар, шектеулер, аксиомалар және ұғым туралы дәлелдер) қарастырылады.
Пайдаланушы – ақпарат алу немесе ресурс толықтыру, іздеу міндеттерін орындау үшін ақпараттық жүйе жұмысына қатысатын тұлға.
Парадигмалық қатынастілдік емес, берілген сөздермен белгіленген заттар және құбылыстар арасындағы логикалық байланыстармен шартталған қатынас.
Постредакция (РЕ) – машиналық аударманы адамның түзетуі.
Салалық терминология – арнайы білім саласындағы белгілер жүйесі, арнайы білім мен ғылым саласының түсініктеріне изоморфты, әрі оның коммуникативтік қажеттіліктерін өтеуге бағытталған.
Таксономия – терминдерді басқарылмалы сөздік (тезаурус) ретінде топтастыратын және ретке келтіретін, сөздіктерді иерархиялық құрылым түрінде пән саласы бойынша реттейтін жіктелім.
Тезаурус (Ақпараттық жүйеде) – ақпаратты іздеу тілінің дескрипторлық лексикалық бірліктері арасындағы семантикалық қатынасты бейнелейтін және сөздерді мағынасына қарай іздеуге арналған индекстеудің басқарылатын тілі, ұғымдар арасындағы априорлық қатынасты нақты орнату үшін формалды ұйымдастырылған сөздік.
Тезаурус – ақпараттық іздеу кезінде әр пән саласы бойынша сөздер мен терминдерге толыққанды, түпкілікті ақпаратты бірнеше тілде бірдей беретін, машиналық аударма мақсатында компьютерлік бағдарламалар тани алатын интероперабельді жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет