Баекеева айнур толыбаевна



бет9/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Зерттеу нысаны – аударматанудағы салалық терминология.
Зерттеу пәні – тау‑кен терминологиясының қазақ, ағылшын және орыс тілдеріне сандық технологиялар жағдайында аударылуы.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: Диссертацияның мақсаты мен міндеттеріне, жалпы зерттеудің пәнаралық сипатымен байланысты мынадай зерттеу әдіс‑тәсілдері қолданылды:

  • жалпы ғылыми әдістер: талдау, қорыту, салғастыру, жүйелеу, классификация, формализация, эмпирика, интеграция;

  • аударматанудағы әдістер: лингвистикалық талдау, сипаттама, квантитативті, жүйелеу, талдау, түсіндіру, дескриптивті, салыстырмалы-салғастырмалы, лексика‑семантикалық, аударма процесін формализациялау, құжаттама. Лингвистикалық талдау әдістері қазақ тіліндегі тау-кен өнеркәсібінің терминдерін жүйелеуде, тау-кен терминологиясының қалыптасуындағы ерекшеліктерді анықтауда, ағылшын және орыс тілдеріндегі ұқсас терминдермен салыстырмалы талдау жүргізу үшін қолданылды. Зерттеу жұмысында аударма процесін ресімдеу әдісі, алынған терминдерді қазақ тіліне бейімдеу кезінде аударманы локализациялау әдісі қолданылды;

  • машиналық аударма әдістері: пән саласының онтологиясын құру әдісі, басқарылмалы тезаурус құрастыру әдісі, автоматты түрде рубрикациялау әдісі, объектілік-реляциялық әдістер.

Зерттеу дереккөздері ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрастырылған Termincom.kz бірыңғай республикалық терминологиялық электрондық базасына енген қазақ және орыс тілдеріндегі 11000‑нан аса термин, түрлі салалық сөздіктер, электрондық ресурстар, тезаурустар және автордың терминологиялық базаға енгізілмеген тау‑кен саласындағы аудармашылық қызметінде жинақталған 500‑ден аса терминдері пайдаланылды.
Зерттеу материалы ретінде тау-кен өндірісінің қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі 1500‑ден аса термині таңдап алынып, тезаурусқа енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет