Бағдарламаның өзектілігі: Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып табылады. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін-өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен түкке жарамсыз болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның көмегі керек.
Жасөспірім «мен кіммін, қандаймын, мен не істей аламын, не істей алмаймын, мен үшін өмірде не маңызды?» деген жағдаяттарды «тұлғаның» деңгейінен қарай отыра оның «идеалдан» және «қажеттіліктен» айырмашылығын түсініп, өз таңдауын жасауы керек» «Өз өміріңді алдыңа мақсат қоя құр, немесе өмір ағысымен жүзе бер». Таңдау жасалып, мақсат көзделгеннен кейін оған жету жоспарлары жасалып, іске асыруға белсене кірісу керек.
Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдауда өзін - өзі тану арқылы, дұрыс бағыт алып, бейімделуіне психологиялық көмек көрсету
Бағдарламаның міндеттері:
Мамандық таңдаудың алдын алатын алғашқы баспалдақтан, оқушылардың болашақ өмір жолдарының «оң» басталуына ықпал ету мақсатында - өзін-өзі тануды дамыту;
Мамандықты жеке бас ерекшеліктерімен байланыстыра таңдауға көмектесу;
Заман талабына сай икемділікті дамыту - әлеуметтік ортадағы өзгерістерге тез бейімделуіне ықпал ету;
Мақсат қойып, оған ұмтылуға баулу, белсенділікті арттыру.
Әдіс-тәсілдер:
Ойындар;
Топтық жаттығулар;
Пікір алмасу;
Әңгіме-сұхбат;
Арттерапия элементтері.
Достарыңызбен бөлісу: |