Мақсаты: Өз өміріндегі оқиғаларға адамның өзінің қаншалықты әсер ететіндігін түсіне білу, бақылау қабілітін дамыту, икемділік ерекшеліктерін байқау.
Мамандықтың «Адам - техника» саласына шолу, осы салада қажетті адам қасиеттеріне талдау жасау.
Құрал жабдықтар: А4 беттері.
Барысы:
Жаттығулар
«Менің өмірім»: жасөспірімдер өз өмірлік тәжірибелеріне көз жүгіртіп, өз өміріндегі оқиғаларды қаншалықты реттеп, бағыттай алатындығын бағалайды;
«Ақыл шайқасулары»: «Мамандық елінде» тақырыбы бойынша «Адам - техника» саласымен танысу, талдау.
Тақырып бойынша рефлексия.
Шығармашылық жұмыс «Мен таңдайтын мамандық» моделін жасау.
6 САБАҚ
Мақсаты: Табысқа жету жолдарын саралап, ондағы «ұмтылыстың» маңыздылығын көрсету.
Маманық түрлерімен таныстыруды жалғастыру: «Адам-адам».
Құрал жабдықтар: ватман, фломастерлер.
Барысы:
Топтық жұмыс - «Табысқа жету кластерлері» жаттығуы: оқушылар үш- төрт топқа бөлініп, оларға «өмірдегі табыс» дегеннің не екені, оған қалай жетуге болатындығын көрсете алатындай схема салу тапсырылады. 15-20 минуттық талдаудан кейін әр топ өз схемасын көрсетіп, оны түсіндірулері керек. Тақырыпты барлықтары ортаға салып, талдау ұйымдастырылады (талдау әлбетте «табысты» болуда адамның көптеген қасиеттері маңызды екенін, бірақ ол қасиеттердің ұмтылыссыз іске аспайтындығы» туралы қорытындыға келіп тіреледі).
Ендеше алға мақсат қойып, оған ұмтылуға үйренейік. Ол үшін бүгін төмендегідей жаттығу - релаксация орындаймыз:
Денемізді бос ұстап, орындыққа еркін жайғасамыз. Көзімізді жұмамыз (баяу әуен қосылады), өз болашағымызды көз алдымызға елестетеміз. «Болашақтағы өмірімнің қандай болуын армандай отыра оны қандай түсте, қандай иісте, қандай жерде екенін елестете отырып, маңайымда қандай адамдар, кімдер болатындығын да ойластырамын. Болашақ өмірімнің тек қана оң, дұрыс, нәтижелі жақтарын жоспарлаймын. Барынша ашық, жағымды, тиімді, өзгелерге зиян шектірмейтін, «экологиялы» таза болуына ұмтыламын (музыка баяулап барып өшіріледі)». Енді көздеріңді ашып «болашақ» өмірлеріңнің елесін жазбаша суреттейік, немесе суретке салып бейнелейік (10-15 минут). Ол үшін болашақта кім болғың келеді? Қандай болғың келеді? Қай жерде өмір сүргің келеді? Немен айналысқың келеді? Не иеленгің келеді? деген тізімнен баста. Ойыңды жинақтап, 10-15 минут бойында қарындашыңды жұмыс істеткіз. Өзіңді «патшадай» сезініп қиялдарыңа ерік бер, ешқандай шектеу қойма. Қорыта келе, неге қол жеткізгің келеді. Соны жаза отырып мынандай ережелерді сақта:
Өз арманыңды тек қана оң, позитивті терминдермен ғана жаз;
Нақтысын жаз: өзіңе қалай көрінетіндігін, мақсатыңа жеткенде нені, қалай сезінетініңді, не болатынын анық көз алдыңа келтіруге тырыс; Ұстап көр, түсін, иісін сезініп көр. Неғұрлым сезімге бай болса соғұрлым сенің миың оны іске асыруға ұйымдастырады.
Қорытындысын айқын елестет, мақсатыңа жеткенде не болады, өзіңді қалай сезінесің, жалпы ұмтылғаныңа қолыңды жеткіздің бе, жоқ па оны неге қарап білуге болады?
Мақсатты, оған жету жолдарын тек қана өзіңе байланыстылығын ескере құрастыр. Біреу істеп береді деп арқаланба, өз ұмтылысың тек қане өзіңнен шыққан, өзіңе тиесілі, тек қана сенікі болуға тиіс.
Болашаққа өз мақсатыңды проекциялай отырып, бүгінгі ұмтылысыңның салдары басқаға зардап шеккізбей ме ойіан: қорытындысы өзіңе де өзгеге де пайдалы, «экологиялы» таза, зиянсыз болуға тиіс.
Келесі кезеңде болашақ өмірлеріңнің өзің ойлағандай болуы үшін, оған ұмтылудағы жақын және алыс мақсаттарын қоюымыз керек. Ең түпкі мақсатқа жету үшін «алшақ» және «жақын» (5-6 жылға), «ең жақын» (3-4 жылға) уақыттық перспективалары ойластырылады.
Жаттығу «МЕН өз өмірімнің режиссеры, сценарисі және басты рольде ойнаушысымын». Басты рөлде ойнау шының портреті немесе автопортрет - фильмге эскиз ретінде жасалады.
7 САБАҚ
Достарыңызбен бөлісу: |