Тренинг жұмысының формалары:
Жекелей жұмыс;
Жұппен;
Топтық жұмыс.
Топтық жұмыс ережесі. Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.
«қазір және мұнда» ережесі;
шынайы болу ережесі;
сөзді және әрекетті бағалауға болмайды;
жауапкершілік ережесі;
тыңдап ал, содан кейін айт ережесі;
белсенді болу ережесі.
Күтілетін әсер.
Мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағында өзін-өзі танып, икемділіктерін дамытып, болашақ мамандыққа дұрыс бетбұрыс алып, соған қарай бейімделген, уақыт-заман талаптарына тез үйренетін, өзгенің пікірін сыйлайтын, құзіретті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал ету.
Кездесу уақыты: екі аптада бір сабақ.
Сабақ ұзақтығы: 45 минут
Тақырыптық жоспар
№
|
Сабақ тақырыбы
|
Сағат саны
|
Құрал- жабдықтар
|
1
|
Өзін-өзі тануды дамыту
|
1 сағат
|
А3 жеке беттері, қалам, қарындаш, фломастерлер, ватман, жеке жұмыс дәптерлері
|
2
|
Өзін-өзі тануды дамыту
|
1 сағат
|
А3 жеке беттері, қалам, қарындаш, фломастерлер, бор, жеке жұмыс дәптерлері
|
3
|
Жеке тұлға қасиеттерін тану, арттыру
|
1 сағат
|
үлестірмелі қағаздар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, қалам.
|
4
|
Жеке тұлға қасиеттерін тану, арттыру
|
1 сағат
|
үлестірмелі қағаздар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, қалам.
|
5
|
Мамандықтар туралы ақпараттармен терең таныса отырып ішкі ерекшеліктерін айыра білуге икемделу
|
1 сағат
|
үлестірмелі қағаздар, маркерлер, қарындаштар,
А4 формат, қалам.
|
6
|
Мамандықтар туралы ақпараттармен терең таныса отырып ішкі ерекшеліктерін айыра білуге икемделу
|
1 сағат
|
қағаз, қалам, ватман, түрлі түсті бояулар, қарындаш.
|
7
|
Мақсат қойып оған ұмтылтуға баулу
|
1 сағат
|
плакат, қағаз, қалам.
|
8
|
Мақсат қойып оған ұмтылтуға баулу
|
1 сағат
|
қағаз, қалам.
|
9
|
Белсенділіктерін арттыру
|
1 сағат
|
плакат, қалам, фломастер,
А4 формат, қарындаштар.
|
10
|
Белсенділіктерін арттыру
|
1 сағат
|
қағаз, қалам.
|
11
|
Қорытынды сабақ
|
1 сағат
|
«күнделік», жеке беттер.
|
|
11 сағат
|
1 САБАҚ
Мақсаты: 1.Алғашқы диагностикалық жұмыстар өткізу арқылы өзін-өзі бағалау деңгейлерін байқау.
Мамандық түрлерінің адам өміріне әсерін түсіндіру.
Құралдар: Бала санына байланысты А3 жеке беттері, қалам, қарындаш, фломастерлер, ватман, жеке жұмыс дәптерлері.
Барысы:
Жалпы мамандық түрлері туралы әңгімелесу. Оқушылар білетін мамандықтардың тізімі құрылады. «Мамандық», «Кәсіп» ұғымдарына жеке жеке тоқталып, әрқайсысына түсініктеме береміз. Оқушылардың жауап беру барысында мына сұрақтар қамтылуы мүмкін:
Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
Мамандықты таңдауда нені ескеру керек?
Бұл мамандықты қай жерде оқып, меңгеруге болады? т.б сұрақтар ортаға салынып талқыланады.
Мамандық түрлері туралы әңгімелескеннен кейін әр мамандықтың адамның өміріне қалай әсер ететінін және қандай рөл атқаратынын айқындап көрсетеміз. Ол үшін әр оқушы өзіне жақсы таныс бір мамандықты алып, оның адам өміріне «оң» және «теріс» әсерін сызбалы түрде көрсетіп беру тапсырылады. Модель қаңқасын көрсетеміз, мысалы:
Жеке моделдерден қорытындылай келе, ватман қағазына ортақ бір оң әсерлі модель жасалады. Бірақ оқушылардың шығармашылығына шектеу қоймау керек.
«Ендеше сол адам өмірінің мәнді, мағыналы, пайдалы, бақытты, жарқын болуы үшін қандай мамандықты және қалай таңдауымыз керек?» деген сұраққа жауап іздей отырып, әркім тағы да өз сызбасын сызады. Бұл жерде өте көп нұсқалар пайда болады. Ол нұсқалар түрлерін тақтаға бекіту арқылы біз бір - біріне ұқсамайтын көптеген схема түрлерін аламыз.
Қорытындылай келе, оқушылар мамандықтың адам өміріне қалай әсер ететінін, және қандай рөл атқаратынын сезіне отырып, өз модельдеріндегідей жарқын өмір сүру үшін мамандықтардың қыр, сырын білу және адамның өзін-өзі тани келе, сәйкестендіре, бейімделе таңдау керектігіне жетелеп әкелеміз.
Шығу парағын толтыру.
2 САБАҚ
Достарыңызбен бөлісу: |