Бағдарламасы 2020 жыл Құрастырушы: Гульзат Жармухамедовна Саменова



бет7/11
Дата07.02.2024
өлшемі107.22 Kb.
#491268
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тренинг-Авторлық бағдарлама-Саменова Г.Ж.

Мақсаты: «Алыс» және «жақын» мақсаттарды қойып, оған жету жолдарын ойластыру, ұмтылуға баулу.
Мамандықтармен танысуды жалғастыру: «Адам - көркем образ».
Құрал жабдықтар: жеке жұмыс дәптерлері.
Барысы: 1. Алдыңғы жұмыстарды, автопортретті қарап отырып қай уақыт кестесінде жұмыс жасап отырғанымызды айқындаймыз. Оған алыс, жақын перпективалық мақсаттар ойланып, оған жету жолдарын «қадамдап» ойластырамыз. Алғашқы және соңғы қадамды ойластыру өте маңызды.
Келесі кезеңде осы жазылғандардың ішінен, осы жылға ең маңызды 4 мақсат таңдап алып жазамыз. Оның сізге маңызды екеніне сенімдісіз бе? Егер сіз оның маңызды екенін анық білетін болсаңыз, сіз оған қалай жету керектігін таба аласыз. 4 басты, негізгі мақсатыңыздан құралған тізім дайын болған соң жоғарыда айтылып кеткен ережелерге сәйкестігін қараймыз, түзету керек болса түзетеміз.
Енді мақсатқа жету үшін сенің бойыңда қандай қорлар бар соның тізімін жасаңыз. Ол сенің мінезіңнің бір ерекшеліктері болуы мүмкін, немесе қолдайтын достарың, немесе қаржы қоры, білім деңгейің, бойыңдағы энергияң, тіпті уақыт қоры болар ма екен т. с.с.
Осыдан кейін өміріңізде табысқа жеткен кездеріңізді есіңізге түсіріңіз, оның маңызды болуы міндетті емес. Ол кез келген жағдайда болуы мүмкін: сабақта жақсы жауап бергеніңізден бастап достарыңмен өткізген кешке дейін. Сол кезде сіз жоғарыда аталып өткен қандай қорды барынша тиімді пайдаландыңыз?
Сондай 3-5 болған оқиғаларды есіңізге түсіріңіз. Сол кезде не істеп едіңіз, қандай бойыңыздағы қасиетті, қор түрін, мүмкіндікті пайдаландыңыз дәптеріңізге жазыңыз.
Осыдан кейін, мақсатқа жету үшін сіз қандай адам болуыңыз керек еді соны сипаттаңыз.
Мүмкін сізге жинақы, тәртіпті болу керек пе еді, әлде керісінше еркін, ойыңа келгенін тоқтамай істей сала алатындай болу керек пе еді. Мүмкін сіз өз уақытыңызды дұрыс пайдаланып, өз - өзіңізді бағалауыңызды жоғарылатып үйренгіңіз келетін шығар? Өз тұлғаңыз туралы ойланып, кем дегенде бір бетке сол туралы толтырып жазыңыз.
Тапсырма орындалған соң дәл қазір сіздің ұмтылысыңызға, мақсатқа жетуіңізге не кедергі жасайды? соны бірнеше тезиспен ғана құрастырыңыз. Нақтылы не кедергі? Не сізді шектейді? Мүмкін сіз уақытыңызды дұрыс жоспарлай алмайтын шығарсыз. Немесе жоспар бар, бірақ оған кірісе алмай жүрсіз бе? Мүмкін сіз бірден көп жұмыс істейтін шығарсыз, немесе керісінше, бір ғана іске шоғырланып, қалғандарын жіберіп алып жүрген шығарсыз. Мүмкін сіз «ештеңе шықпайды» деп қорғанатын шығарсыз.
Әр адамда ондайлық шектеулер болатын шығар, бірақ біз сол шектеуден құтыла алатынымызды мойындасақ біз шынында да одан құтыламыз.
Осы кезеңде біз бағанағы таңдап алынған 4 мақсатымыздың әрқайсысына жету үшін қадамды жоспар жасауымыз керек. Түпкі мақсаттан бастап бүгінгі күнге дейін не істейтінімізді әр қадам ретінде жазамыз. Тіпті дәл бүгін не істеуіміз керектігіне дейін қарастырайық. Д.Карнеги айтпақшы «Өміріңде істей алатынның бәрін, тек қана бүгін істей аласың». Ендеше осыдан бастауға болады: түпкі мақсатыңды ойлап алып, оған жету үшін ең бірінші не істеуім керек,- деген сұраққа жауап іздей отырып, қадамды жоспар жасаймыз.
Қадамды жоспардың дұрыс болатынына сеніміңіз аз болса, сіздің иеленгелі отырған барлық мақсатыңызға не кедергі екенін өзіңізден қайталап сұраңыз. Жағадайды өзгерту үшін «бүгіннен» жұмыс жасау мүмкін шығар. Осы мәселені (бүгіннен) шеше отырып негізгі мақсатқа жақындайсыз.
Сөйтіп ең негізгі алғашқы қадам жасалды. Сіз өзіңізге не керек екенін нақты білесіз: сіз оны түпкі мақсаттан бастап бастапқы әрекеттеріне дейін сипаттап шықтыңыз; жеке тұлғаңыздың қай жақтары мақсатқа жетуге көмектесетінін, қайсысы кедергі жасайтынын анықтадыңыз.

  1. Келесі қадамның мақсаты - табысқа жетудің өз стратегиясын жасау:

  • Жетістікке жеткен адам моделін жасау. Ақылын тыңдау;

  • өзіңнің жоғарғы бір жетістікке жеткен кезіңді еске түсіру, релаксация жаттығуы;

  • өзіңнің ең тамаша (кіршіксіз) күніңді ойша суреттеу;

  • ең жақын, ең жақсы, сенімді (кіршіксіз) қоршаған ортаңды ойша суреттеу;

  1. Мамандықтың түрлерімен таныстыруды жалғастыру.

8 САБАҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет