Бағдарламасы 2020 жыл Құрастырушы: Гульзат Жармухамедовна Саменова



бет9/11
Дата07.02.2024
өлшемі107.22 Kb.
#491268
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тренинг-Авторлық бағдарлама-Саменова Г.Ж.

10 САБАҚ
Мақсаты: беделділікті арттыру, маманданған еңбек туралы білімдерін өзектеу (актуализациялау), кеңейту;
Мамандық өрісіндегі «еңбек» түсініктерін жоғарылату.
Құрал жабдықтар: «күнделік».
Барысы : « ...әрпіне мамандық» жаттығу ойыны (5-15 минут).
Мақсаты: «маманданған еңбек әлемі» танымын кеңейту, бар білімдерін белсенді ету (5-15 минут).
Ойын тәртібі: Дөңгелектеніп отырамыз. Қазір бір әріп аталады. Біздің міндетіміз - сол аталған әріптен басталатын көп мамандық түрлерін білетінімізді дәлелдеу. Шеңбердің бойымен әрқайсымыз бір-бір мамандықты атаймыз.
Жүргізуші бірінші әріпті атайды, ойыншылар кезекпен сол әріпке мамандық түрін тауып айтады. Егер көпшілікке танылмайтын мамандық болса, жүргізуші не туралы айтылғанын анықтап айтуды өтінеді. Егер ойыншы түсіндіре алмаса, мамандық аталмаған болып есептеледі де келесі ойыншыға кезек беріледі.
Сонымен қатар ойынға қатысушылардың мамандық түрін айна қатесіз атау талап етілмейді, өйткені бүгінде мамандықтың барлық түрін түгел қамтыған анықтама кітаптар жоқ. Бүл жерде оқушылардың мамандандырылған еңоектің жуықталған түрлерін айтып, сұрақтарға жауап бергені маңызды.
Жүргізуші 5-7 әріптен көп ұсынбауы керек, өйткені ойын қызықсыз болып кетеді. Ойынды қарапайым маманықтың түрлері жеңіл кездесетін м, н, о, әріптерінен бастаған жөн, кейіннен күрделірек ч, ц, я әріптеріне көшуге болады.
Бұл ойынның жүргізу барысында балалардың мамандық түрлері туралы түсініктерін әдейілеп емес, қосалқы түрде түзете отыратын мүмкіндіктері бар.
«Ең -ең...» ойыны (15-30 минут).
Мақсаты: оқушылардың мамандандырылған еңбек туралы танымдарын кеңейту (15-30 минут).
Ойын тәртібі: Шеңбер құрып отырамыз. Қазір сендерге мамандықтардың ерекше бір мінездемелері беріледі, ал сендер оларды кезекпен қандай мамандыққа жататынын айтасыңдар.
Мамандық мінездемелері беріледі. Қатысушылар кезекпен, шеңбер бойымен өздерінің ұқсатқан мамандық болжамдарын айтады. Егер біреулері сенімсіздеу нұсқалар атайтын болса дәлдігін анықтау үшін сұрақтар қойылады.
Ойын ары қарай осы бағытпен жалғасады. Барлығы 5-7 мінездемеден аспауы керек.
11 САБАҚ
Мақсаты: Әр еңбек түрлерінен ортақ қасиеттерді тауып көрсете алуды дамыту; Мамандық стереотиптерін айыра білуге баулу;
топтық жұмысқа икемшіліктерін арттыру;
өз жұмыстарының қорытындыларына бақылау көзқарас;
Құрал жабдықтар: «күнделік», жеке беттер.
Барысы: 1. Ойын жаттығу «Мамандықтар тізілімі»;
Мақсаты: Әр еңбек түрлерінен ортақ қасиеттерді тауып көрсете алуды дамыту; (10-15 минут).
Ойын тәртібі: Біз қазір шеңбер бойымен мамандықтар «тізілімін құрамыз». Мен бірінші бастайын, мысалы «металлург», ал келесе адам осы мамандыққа жақын бір мамандық түрін атауы керек, мысалы, «аспазшы». Келесі ойыншы осы аспазшы мамандығына жақын бір мамандықты атайды т.с.с.
Маңыздысы осы аталған мамандықтардың ұқсастығы неде екенін түсіндіре алуда, мысалы металлургте, аспазшыда отпен, пешпен, жоғарғы температурада жұмыс істейді.
Жүргізуші ойын барысында анықтама сұрақтар қояды: «сіздің мамандығыңыздың аталып өткен мамандықпен қандай ұқсастығы бар?» Аталған мамандықтардың байланысының бар жоқтығын топ шешеді.
Талдау: Талдау барысында көптеген мамандықтардың ішінде бір - біріне ұқсас жерлерін көптеп табуға болатындығына оқушылардың назарын аударамыз. Мысалы, тізілім басында металмен жұмыс істейтін мамандықтар аталса, ортасында автокөлікпен байланысты, ал аяғында - балетпен байланысты болып жалғаса береді.(Сондайлық мысал: металлург - аспазшы - ет шабушы - слесарь (Темір кеседі) - автослесарь - такси жүргізуші - эстрада әртісі (ол да көп сөйлеп көңіл аулайды) - драмтеатр әртісі - балет әртісі т.с.с.)
Осындай әр түрлі мамандықтардың арасындағы күтпеген байланыстар бір ғана мамандықты таңдаумен шектелмеуге шақырады. «Ең-ең деген (тек бір ғана мамандықта!)» таңдауың одан бергі, қолың жететін мамандықтада болуы мүмкіндігін пайдалануға болатындығын айқындайды.
Ойынды екі реттен артық өткізбеген жөн. Егер оқушылар күлкілі немесе көңілді ұқсастықтар тауып жатса, олардың шығармашылықтарын ойынның жақсы өткендігінің көрсеткіші деп қараңыз.
4. Ойын жаттығу «Өмірдің бір күні...»;
Мақсаты: Мамандықтың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін сезіну деңгейін арттыру. (15-25 минут). Шеңбер құрып отырамыз. Жүргізуші ойыншылармен бірге қай мамандықты қарайтынымызд я анықтап алады. Мысалы: фотомодель.
Ойын тәртібі: Қазір біз барлығымыздың күшімізбен фотомодель маманының бір күнін сыйпаттайтын әңгіме құрастырамыз. Ол тек қана зат есімнен болуға тиіс. Мысалы, мұғалімнің бір күнін сыйпаттасақ былай болар еді: қоңырау - таңертеңгілік ас - сабақ - екілік алатындар - сұрақ - жауап - үштік - мұғалімдер бөлмесі - директор - ұрсыс - сабақ - бестік алушылар - қоңырау - үй - төсек.
Бұл ойында біз фотомодель жұмысын қаншалықты білетінімізді көре аламыз. Және топпен шығармашылық жұмыс жасай алатын икемшілігімізді байқаймыз.
Ойынның маңызды тәртібі ол ойыншы өз зат есімін атамас бұрын, оған дейінгі алдыңғыларын түгел қайталауы тиіс. Сонда ған біздің әңгімеміз бүтін бір шығарма бола алады. Айтқан адамға зейін сала қарап отырса сөзді нақтылы адаммен байланыстыра есте жақсы сақтауға болады.
Егер ойыншылар аз (6-8 адам) болса, екі реттен өткізуге болады, онда әркімге екі зат есімнен атауға тура келеді.
Талдау: Жүргізуші қатысушылардан бүтін бір әңгіме шықты ма жоқ па?, ешкімнің зат есімі әңгімені бұзбады ма? - деген сұрақтар қояды. Егер әңгіме түсініксіз болса ойыншылардың біреуінен өз сөзімен әңгіменің не туралы болғанын, қандай оқиғалардың болғанын айтып беруін өтінеміз. Сол сияқты оның қаншалықты шынайы және аталып отырған мамандыққа лайықты екенін талдауға болады. Ойынды екі реттен артық өткізбеген жөн.

  1. Күнделікпен жұмыс.

  2. Байқаулар қорытындысымен жұмыстар.

  3. Рефлексия.

Шығу парағын толтыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет