Мақсаты: МЕН концепциясынан мағлұмат алу, түсініктерін кеңейту, өзін өзі тануды дамытуды жалғастыру, өз құндылықтарын арттыру.
Керекті құралдар: : кісі басына А4 форматты қағаз.
Барысы:
МЕН концепциясын 3 тұрғыдан сипаттау:
Оқушылар алдымен өздерінің «портреттерін» осы 3 тұрғыдан (3 бағанда) жасайды, сонан кейін өз дәптерін оңға жылжытып, сол жақтағы көршісінің дәптерін алып, көршісіне жазады. Қайтадан кері қайтқан соң талдау жасалады:
Өзің туралы нені жазу қиын болды? Қай жағдайда?
Басқаның көзқарасымен келісесің бе? Нені өзгерткің келеді?
Басқа адамға жазғанда өзіңді қалай сезіндің? Неден қиналдың? Неге қиналдың?
Қорытындылай келе «Өзіңді жеке адам ретінде дұрыс қабылдай алдың ба? Өзгені жеке адам ретінде қабылдай алу үшін нені ескеруіміз керек?» деген сұрақтарға жауап іздей отыра өзгенің ерекшеліктерін ескеріп, өзгенің сезім, шешімдерін сыйлай білуіміз керектігін және өз сезімдеріңнің де өзгеден ерекше екендігін, көп сәйкес бола бермейтіндігін тұжырымдаймыз.
«Менің футболкам» атты жаттығуды жасау: өз жеке басыңның ерекшеліктерін білдіретін қасиеттеріңді футболка бетіне сурет немесе логотип арқылы көрсету. «Сиқырлы сандыққа» салынып, араластырылып, бір-бірден шығарып иесін табуға әрекеттенеміз. Бойынан дұрыс қасиет таба алмағандарға көптеп бір-бір жақсы қасиетін айту арқылы көмек жасаймыз.
Тапсырма: «Сөйлемдерді аяқта»
«Мен өзімді бақытты сезінетін кездерім болады»
«Жаман сезімдер кезде болады»
«Мен неге екенімді түсіне алмаймын»
«Менің өмірім бақыттырақ болар еді егер »
«Мен өз бойымдағы ең негізгі, өзгерткім келетіні »
«Менің әлемім» атты жаттығу орындалады: А4 форматты қағаз таратылады. Осы беттің ортасына әркім өз ғаламшарын салады, «мен» деп ортасына жазады. Содан кейін өз ғаламшарынан басқа ғаламшарларға сызықтар жүргізіледі:
Менің сүйікті ісім
Менің сүйікті түсім....
Менің сүйікті жануарым
Менің сүйікті жолдасым
Менің сүйікті дыбысым
Менің сүйікті иісім
Менің сүйікті ойыным
Менің сүйікті киімім
Менің сүйікті әуенім
Менің сүйікті жыл уақытым
Менің ең жақсы көріп істейтін ісім....
Менің ең жақсы көріп баратын жерім
Менің сүйікті әншім немесе тобым
Менің сүйікті кейіпкерлерім
Мен өз бойымда деген икемділіктің бар екенін сезінем.
Мені ең көп таңдандыратын адамым
Өте жақсы істей аламын
Мен істейтініме сенімдімін.
Мен өзіме сенімдімін, өйткені
Бұл «жұлдызды карта» әркімнің қайталанбастай ерекшеленетін мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді және барлығымызға ортақ нәрсені де көрсете алады. Сондықтан да біз бір-бірімізге керекпіз және әр адам оның қасындағыларға көңілді, қуанышты болу үшін жағдай жасай отыра жетістіктерге жетуге болады.
Рефлексия сұрақтары:
Бұл жаттығуды орындауда қандай сезімде болдыңдар?
Жаттығуды орындаудағы қызықты сәттер.
Шығу парағын толтыру
5 САБАҚ
Достарыңызбен бөлісу: |