|
Оң әсері
|
Теріс әсері
|
Ішкі орта
|
Күшті жақтары:
-
Тілдерді оқытудың әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру
-
Іс-қағаз жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру
-
Оқыту процесіне жаңа технологияларды енгізу
|
Әлсіз жақтары:
-
Мемлекеттік тілді оқытудың жалпыға бірдей стандарттарының жоқтығы
|
Сыртқы орта
|
Мүмкіндіктер
-
Этностардың тілдерін оқытуды мемлекеттік қолдау
|
Қауіптер
-
Жергілікті емес ұлттар үлес салмағының көп болуы
| 2.1.2.8.2. Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері
- Көптілді оқытатын педагогтардың жетіспеушілігі;
2.1.2.9. Ішкі саясат
Ішкі саясаттың дамуы азаматтық қоғам институттарын қолдау, этнос және дінаралық келісімді сақтау, мемлекеттілікті күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізумен анықталады.
Облыста 8 саяси партияның филиалы, 75 этномәдени бірлестік, 13 бағыт бойынша жұмыс істейтін 1073 үкіметтік емес ұйымдар, 26 кәсіподақ ұйымдары (оның 17-і Қарағанды облысының кәсіподақтар федерациясына кіреді) және 182 БАҚ бар.
Әлеуметтік мәселелерді шешуге үкіметтік емес ұйымдарды араластырудың күннен-күнге артып келе жатқан қажеттілігін ескере отырып, жыл сайын мемлекет тарапынан үшінші сектордың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға бөлінетін қаржы көлемі артып келеді. Өңірде барлығы 1073 үкіметтік емес ұйым бар, олардың саны өсуде: 2012 ж - 717, 2013 ж – 768, 2014 ж – 877. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты орындауға 2011 ж – 17,5 млн. теңге, 2012 ж – 18,8 млн. теңге, 2013 жылу – 27,1 млн. теңге, 2014 - 29,3 млн. теңге, 2015 ж – 23,7 млн.теңге бөлінген. 2013 жылдан бері алғаш рет 5 ұзақ мерзімді жоба орындалып жатыр.
Ақпараттық саясатты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. облыстың медиа кеңесі 2012 жылы 242 бұқаралық көпшіліктік ақпарат болса, 2013 жылы - 190, 2014 жылы - 184, 1 қазан 2015 жылы - 182 БАҚ ( оның ішінде 140 баспа, 40 электрондық БАҚ және 2 ақпараттық агенттік болды. негізгі 78% бөлігін мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралы құрап отыр. көлемінің кемуі ірекет етпей отырған БАҚ ҚР инвестиция және даму бойынша министрліндегі есептен алынып тасталды.
Әлеуметтік сұраулардың қорытындысына сәйкес, облыста халықтың бұқаралық ақпарат құралдарына сену деңгейі жоғары және 65,1% құрайды. Мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың тығыз байланысын қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылдан бері БАҚ мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңестің отырысы өткізіліп келеді. Бұл кездесулерде БАҚ-тың ғаламтор кеңістігіне шығуы, әлеуметтік желілерде тіркелу қажеттілігі, өңірлік баспасөздің дамуы, мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың қарым-қатынасы мәселелері сөз болады.
Отандық ақпараттық кеңістікті кеңейту мақсатында облыста 2010 жылдан бері телерадиохабар таратудың сандық технологияларына көшу бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Сонымен, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қарағанды облысы халқының көп бөлігі (82,5%) сандық телеарнаның енуін қолдайды. БАҚ-пен байланыстың бір түрі мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жариялау болып табылады.
Жалпы алғанда, ақпараттық саясаттың дамуы маңызды басымдылық болып қала береді. Осы тұрғыдан қарастырғанда, облыста мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге бөлінетін қаржының артып келе жатқандығы заңды құбылыс. Сонымен, қаржыландыру көлемі 2011 жылы 348,0 млн. теңге, 2012 жылы – 388,9 млн. теңге, 2013 жылы – 419,9 млн.теңге, 2014 жылы – 427,7 млн.теңге, 2015 жылдың 1 қазанына қарай – 462,5 млн.теңгені құраған. Облыста жаңа бұқаралық ақпарат құралдарын ашу мен ескілерін қайта құру жүргізіліп, басылымдардың тираждары артып, ғаламтор-қызметтері қарқынды жұмыс атқарып келеді. Отандық телебағдарламалармен 100% халықты қамтамасыз етіп, ақпараттық кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік ашатын телерадиохабар таратудың сандық түріне өту бойынша іс-шаралар қолға алынған.
2.1.2.9.1. Ішкі саясаттың өзекті мәселелері -
- өкілдік және ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың сапасын төмен деңгейі
-
мемлекеттік Жаңалықтар БАҚ тапсырыс бойынша қаржыландыру жеткіліксіз деңгейі;
-
үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін қаражат жеткіліксіз бөлу.
2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
2.1.3.1. Қауіпсіздік пен құқықтық реттеу
Облыста қылмыстық істер жөніндегі арыздар мен хабарламаларды тіркеу мен есепке алудың толықтығы, объективті статистикалық мәліметтерге қол жеткізіп, оқиғалардың шынайы картинасын қалыптастыру бойынша қатаң әрі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Барлық ішкі істер органдарында прокуратура орындарына «on-line» режимде жасалған қылмыс туралы ақпарат беру және арыздарды электронды тіркеу жүйесі енгізілген.
Әрбір тіркелген арыз туралы азаматқа электронды хабарлама келеді. Қылмысты тіркеуден және есепке алудан жасырып қалудың әрбір фактісі қызметтік тексерулер арқылы анықталып, айыпталушылар жұмыстан босату немесе бас бостандығынан айыруға дейін баратын қатаң жазалауға кесіледі.
Ішкі істер органдарындағы тіркеу-есепке алу тәртібінің қатаң қадағалануы 2012–2013 жж жалпы және қылмыстық істерді тіркеу санының артуына көмектесті.
- 2012 жылы жалпы қылмыс 27,2%, жалпықұқықтық қылмыс 33,6%-ға ( 19149-дан 24358-ге дейін және 18203-тен 24327-ге дейін) өскен.
- 2013 жылы жалпы қылмысты тіркеу 16,5% ( 24358-ден 28385-ке дейін), жалпықұқықтық қылмысты тіркеу – 15,6% ( 24327-ден 28133-ке дейін) артқан.
- 2014 жылы регистрация жалпы және жалпықұқықтық қылмыстарды тіркеу 18,9% ( 28385-тен 23014-ке) және 18,7% ( 28133-тен 22865-ке) қысқарған.
Болжамға сәйкес, соңғы жылдары қолға алынған шаралар нәтижесінде қылмыстың статистикалық жағынан өсу тенденциясы байқалды. Шын мәніндегі облыстағы қылмыс деңгейі бұрынғы қалыпты жағдайында деуге негіз бар.
2015 жылдың 9 айында облыста 23480 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бұл өткен жылдың дәл осындай уақытымен салыстырғанда 35,3% артық (17355 немесе абсолютті санда 6125-ке), барлық тіркелген фактілердің 93% орта және жеңіл деңгейдегі қылмыстар екені анықталды. Одан басқа көрсетілген 6125 факттің жартысынан астамын (55%) қылмыстық істер құраған (3362), жаңа заң күшіне енбей тұрып, олар әкімшілік құқықбұзушылыққа жатқызылатын.
Тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардың көп бөлігі - ұрлық (12364 немесе 52,7%), алаяқтық (1653 – 7%) және бұзақылық (1391 – 6%). Қылмыстық құқықбұзушылықтардың қалған түрлері өте аз тіркелген ( орташа есеппен 70-тен 200-ге дейін). Өзгенің мүлкін ұрлауға келсек, бұл жаңадан күшіне енген заңнамаға сәйкес әрбір тіркелген ұрлық үшін қылмыстық іс қозғалатын СТБР электронды жүйесіне байланысты. Егер бұрын жеңіл ұрлық түрлері жабылған істер материалдарына кірсе, енді барлығы қылмыстық істерге жатып, жалпы қылмыстың статистикасына әсер етеді. Алаяқтық бойынша да дәл осындай жағдай: егер бұрын тергеу алды тексерулері кезінде азаматтық-құқықтық қатынастар анықталып, қылмыс құрамы жоқ деген себеппен көп істер кері қайтарылатын. Басбұзарлық бойынша: жәбірленуші арыз беруден бас тартқан жағдайдағы істі кері қайтару негіздері өзгерді. Енді, жаңа заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бергілері бар барлық фактілер СТБР -ға тіркеліп, ол бойынша қылмыстық іс қозғалады.
Орындалған шараларға сәйкес қылмыстарды тіркеу қарқыны азайды: егер ағымдағы жылдың бірінші жартысында 53,8% болса (абсолютті цифрларла 11147-нен 17144-ке дейін), ағымдағы жылдың 9 айында өсі пайызы 35,3% дейін (17355-тен 23480-ге) төмендеді. Сәйкесінше, ауыр қылмыстар 45,1% ( 1026-дан 1489-ға) және аса ауыр қылмыстар 3% дейін ( 167-ден 172-ге) қысқарған. Салыстыру үшін: ағымдағы жылдың алғашқы жартысында ауыр қылмыстардың өткен жылдың дәл осындай уақытымен салыстырғанда 55,6% (716-дан 1114-ке), аса ауыр қылмыстар – 26,9% (104-тен 132-ге) артқаны байқалған.
Жоғарыда аталған себептермен 2012 жылы жалпыхалықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің индикаторы саналатын қоғамдық орындардағы, көшелердегі жалпы қылмыстың есебінің өсуін де түсіндіруге болады.
Дәл сол уақытта, сараптама көрсетілген қылмыстардың тіркеу қарқыны төмендегенін көрсетеді: 2012ж. - 84,5% (7906 дейін), 2011ж. өсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,8 есе (4285 дейін). 2013ж. қоғамдық орындардағы қылмыстың үлесі 9,9% (7906-дан 7121-ге), ал 2014ж. қорытындысы бойынша - 1,1% (7121-ден 7046-ға) қысқарғанын байқауға болады.
2015 жалдың 9 айында қоғамдық орындардағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 29,1% ( 5135-тен 3643-ке) азайды. Көшелерде орын алған қылмыстарды тіркеу жалпы алғанда, 28,9% ( 2744-тен 1952-ге) қысқарды.
13 стационарлық полиция посттарының жұмысы ұйымдастырылған.
Қылмыстарға «төзімділікке» қарсы күрес барысында 232.889 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, бұл өткен жылдың дәл осындай уақытымен салыстырғанда 1,3% артық.
Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктердің 125 нысаны (1225 адам) 2015 жылдың 9 айында 76 қылмыстық іс пен мыңдаған әкімшілік құқықбұзушылықтарды ашқан.
2012-2013 жылдары облыста тіркелген жол-көлік оқиғаларының өсуі байқалды: 2012ж. алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,8% , ( 844-тен 876-ға); 2013ж. 18% ( 876-дан 1034-ке). 2014 ж. қорытындысы бойынша 10,3% төмендеген ( 1034 – 927 дейін).
Қолға алынған шаралар 2015 жылдың 9 айында жол-көлік оқиғасының жалпы санын 3,7% (681-ден 656-ға), қаза тапқандар санын 17,9% ( 151-ден 124-ке) және жарақат алғандар үлесін 4,9% ( 837-ден 796-ға) азайтты.
2012-2014 жылдары жасөспірімдер қылмысы төмендегені байқалады. Сонымен, 2012 ж. бұл аталған қылмыс түрінің 2% (454) артты. В 2013 ж. олардың саны 1,5% ( 447-ге дейін) қысқарған. В 2014 ж. тағы да 0,7% төмендегені анықталды ( 447-ден 444-ке).
Жасөспірімдер көпэпизодтты қылмыстар жасайды, олардың басым бөлігін тұрмыстық мақсаттағы қылмыстар құрайды. 2014 ж. жасөспірімдердің тарапынан өзгенің мүлкін ұрлау ісі 27,6% өскен ( 210-нан 268-ге).
Жасөсіпірімдер қылмысының алдын-алу мақсатында 2015 жылдың басынан бері 9 кең көлемді оперативті-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар өткізілді.
Ішкі істер департаменті бұрын қылмыс жасаған адамдардың оны қайталамауы мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар өткізіп отырады. 2012-2014 жылдардағы статистикалық мәліметтер мұндай қайталаулардың азайып келе жатқандығын көрсетеді. Мәселен, 2012 жылы бұрын қылмыс жасаған адамдар тарапынан жасалған құқықбұзушылықтар 828-ді құраса (2011 жылмен салыстырғанда (937) 11,6% аз ), 2013 жылы 15,6% (699) төмендеген. 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыс түрінің тіркелгені - 605 ( 13,4% аз). Ағымдағы жылдың 9 айында облыста бұрын қылмыс жасаған азаматтардың тарапынан орын алған құқықбұзушылықтардың саны 970-ке жеткен, бұл өткен жылдың дәл осындай уақытымен салыстырғанда 179,5% артық (347).
2012-2013 жылдары оның айтарлықтай төмендегені байқалады. Осылай, 2012 жылы осындай 72 қылмыс (2011 жылы 79, 8.9% аз), ал 2013 жылы – 56 (22,2% аз) орын алған. 2014 жылы көрсетілген қылмыстардың аз көлемде өскені анықталды (61, +8,9%).
Алкоголизм мен нашакорлыққа тәуелді адамдарды күштеп емдеу шаралары тұрақты түрде қолға алынып келеді. Ағымдағы жылдың алғашқы 9 айындағы көрсеткіштің өткен жылдың дәл осындай уақытымен салыстырғанда төмендеуін (4,5%) сот-наркологиялық экспертизасын өткізу тәртіптерінің өзгеруімен түсіндіруге болады. 2015ж. шілде айынан бастап, жоғарыда аталған экспертизаны сот медицина орталықтары (бұрын наркологиялық мекемелер) жүргізеді, бұл өз кезегінде нашақорлыққа бейім азаматтарды тіркеу ісін қиындата түседі. Орындалған шаралар отбасылық-тұрмыстық негізде туындаған қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеуді 10,8% төмендетті (37-ден 33-ке).
Облыста наркокәсіпкерлікке қарсы күрес шаралары атқарылып, нашақорлықтың алдын-алу, арнайы медициналық мекемелерді құру, сондай-ақ жалпыұлттық нашақорлыққа қарсы насихат жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыстық және әкімшілік заңнаманың өзгеруін, қылмыстық іс-әрекет категорияларының енгізілуін ескере отырып, 2015 жылдың 9 айында қылмыстық істерді қоса алғандағы анықталған наркоқылмыстар 2 есеге өскен (250-ден 688-ге). Есірткі заттары айналымының 171 фактісі, есірткіні аса ірі көлемде заңсыз сақтаған 80 факті анықталған.
6 заңсыз есірткі алқаптары анықталып (2014ж.-2), жалпы салмағы 50 кг-нан асатын құрамында есірткі бар кендір шөптің 809 бұтасы тәркіленді (2014 ж. – жалпы салмағы 10 кг-ға жуық 130 бұта). Заңсыз айналымнан 303 кг есірткі алынып тасталған (2014 ж.-286 кг).
Одан бөлек, 4 пресс-конференция мен брифинг ұйымдастырылып, БАҚ-та 426 материал, оның ішінде республикалық БАҚ-та нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрестің нәтижелері туралы 65 материал жарияланған. Есірткі тұтынушылардың саны ( 3629-дан 3075-ке ) мен есірткіні мөлшерден тыс пайдаланғаннан қазақ тапқандар санының қысқару тенденциясы орын алуда ( 25-тен 20-ға).
2015 жылы облыстық Ішкі істер департаменті есірткі саудасымен күрес Басқармасы және Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана «Қарағанды есірткіге қарсы» атты акция өткізді. 2014-2015 жылдар аралығында нашақорлық пен есірткі саудасының алдын-алу, есірткі заттарының зияны мен есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы халықты ақпараттандыру мақсатында «Есірткісіз көше» кең көлемді оперативті-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Аталған шара білім беру және денсаулық сақтау, облыстың әкімшілік полициясы мен нашақорлыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерлерінің ортақ еңбегінің нәтижесінде ұйымдастырылды. 2014 жылдың аяғында Қарағанды қаласында тұратын бір топ тұрғындар билік өкілдеріне қоғамдық көліктің жүргізушілеріне алкогольді ғана емес есірткі мастығы кезінде де қатаң бақылау орнатуды өтініп, шағым түсірген.
Достарыңызбен бөлісу: |