БАҒдарламасы қарағанды қ., 2015 бағдарламаның паспорты 4


Қауіпсіздік жағдайы мен құқықтық реттеудің SWOT-сараптамасы



бет27/37
Дата14.06.2016
өлшемі6.5 Mb.
#136005
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
2.1.3.1.1. Қауіпсіздік жағдайы мен құқықтық реттеудің SWOT-сараптамасы




Оң әсері

Кері әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

  1. Құқықбұзушылықтардың алдын-алу субъектілері мен олардың өзара байланысы нақтыланған;

  2. Құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында халықпен және құқық қорғау бағытында жұмыс атқаратын қоғамдық ұйымдармен байланыс формалары анықталған;

  3. Әкімшілік және жол полициясы біріктіріліп, «Әмбебап полицей» принципі негізінде жұмыстар ұйымдастырылған;

Әлсіз жақтары:

  1. Заманауи материалды-техникалық базамен жабдықталу үшін бөлінетін қаржының аздығы;

  2. отбасылық-тұрмыстық негіздегі қылмыстардың алдын-алу мәселелері жеткілікті қарастырылмаған. Тұрмыстық ішімдікке салыну мен алкоголизм, нашақорлық мәселелері шешілмеген;

  3. Рецидивті қылмыстар сақталған;

  4. Қасақана жасалатын мүліктік қылмыстардың көптігі;

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. Мемлекеттік қолдау

  2. Құқық қорғау қызметін сапасын бағалаудың жаңа критерийлер жүйесін енгізді

Қауіптер

  1. Рецидивистердің өзге діни ағымдарға мүше экстремисттерге қосылып кету мүмкіндігі;

  2. Интеграциялық процестер (Кедендік Одақ) мен ортақ экономикалық кеңістік жағдайында трансұлттық байланыстары бар қылмыстық топтардың әрекеттері қауіп тудырады.
2.1.3.1.2. Қауіпсіздік пен құқықтық реттеудің өзекті мәселелері

- көршілес қалаларда оперативті басқару орталықтары жоқ, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық посттар жүйесі нашар дамыған;

- мүліктік қылмыстар санының көптігі сақталуда, олардың алдын-алу бойынша тиісті шаралар толық көлемде жүргізіліп отырған жоқ;

- тұрмыстық деңгейде орын алатын қылмыстардың негізгі себебі – алкогольді мөлшерінен тыс қабылдау болып отыр. Ішімдік профилактикасының жеткіліксіз деңгейде болуы медициналық айықтыру орындарының тапшылығы мен арнайы емдеу орталықтары санының аз болуымен байланысты;

- абақтыдан босаған адамдардың қоғаммен интеграциясында кедергілер туындағандықтан және әлеуметтік бейімделу (жұмысқа тұруға қатысты) нашар жүргендіктен, мұндай азаматтар арасында рецидивті қылмыстар қайталанып отыр;

- қылмыстық құқықбұзушылықтар профилактикасының ерте жастан бастап толық негізде жүргізілмеуі және мектеп инспекторлары санының артуына деген қажеттілік;

- жол жағдайының нашарлығы, жүргізушілердің көлікті басқаруға деген дайындығының аз болуы жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін себебі болып отыр;

- құқық қорғау бағыытнда жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерді ынталандыру жүйесі нашар дамығандықтан, қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне үшінші сектордың қатысуы төмендеп келеді.
2.1.3.2. Төтенше жағдайлардың ауыр салдарының алдын алу,жою және салдарын кеміту

ҚР Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Есептеуіш техника, телекоммуникация, ақпараттық және ситуациялық сараптамалар орталығы» мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, 2014 жылы облыс аумағында 2094 техногенді және табиға сипаттағы оқиға тіркеліп, 206 адам зардап шеккен, оның 78 қызық тапқан. Материалды шығын 346,5 млн. теңгені құраған.

2013 жылы 76 төтенше жағдай орын алып , онда 95 адам зиян көрген, оның 68 көз жұмған; 2014 жылы 65 төтенше жағдай тіркелген, 86 адам зардап шегіп, 60 адам қаза тапты; 2015 жылдың қазан айына қарай 57 төтенше жағдай, қатысқан 39 адамның 37-сі көз жұмған.

Облыстағы қалаларға жалпы өрттің 78,1%, жалпы қазақ тапқандардың 88,8% және жарақат алғандардың 80,6% тиесілі. Өрттің негізгі себептеріне мыналар жатады: отты пайдалану кезіндегі абайсыздық (44,5%), электр құрылғыларының техникалық эксплуатациясы мен монтаж ережелерін бұзу (21,8%), әдейі өрт қою (13,2%), пеш салуда және оның экплуатациясы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау (8,9%).

Облыс көлемінде табиғи өрттерді тоқтату үшін өртке қарсы ерікті құрылымдар пайда болған. Мұндай ұйымдар санының өсуі, олардың күшімен тоқтау салынған табиғи өрттің пайыздық көрсеткішіне тікелей байланысты. 2012 жылы облыста 10812 адамды қамтитын осындай 727 ұйым болған. Олардың жалпы өрттің 60% тоқтатылған. 2013 жылы - 768 ұйым (11741 адам), 2014 жылы - 773 ұйым (11877 адам). Олардың күшімен жалпы табиғи өрттің 64% тоқтау салынды.

Өрттің салдарынан болатын адам өлімі азайып келеді: 2012 жылы 6,8%, 2013 жылы 16,4%, 2014 жылы 17,4% төмендеген.

2012 жылы өрт жағдайын тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік өртті бақылау орталығымен мұндай апаттардың санын азайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өкізілді. Жалпы саны 615 оқу орны, 54 ұйым, 100573 тыңдаушы, оның ішінде 4220 педагогті қамтыған 8167 профилактикалық әңгіме жүргізілді. Баспасөз беттерінде мемлекеттік тіл мен орыс тілінде 141 мақала мен ескертпелер жарияланды.

2013 жылы жалпыға ортақ демалыс орындарында 10588 жиын жасалып, эфирге 263 телебағдарлама, басылым беттеріне 128 мақала шыққан. 2014 жылы 1074 оқу орны, 133 899 тыңдаушы, 4151 оқытушыны қамтыған 13728 жиын өткізіліп, 217 теле және радиобағдарламалар жасалып, 110 мақала жазылды.



Кесте 40.

Нысандар бойынша өрт санының қатынасы(2012-2015 жж.)

Өрт нысандары

Өрт

2013ж.

2014ж.

2015ж. қазан

Өндірістік бағыттағы ғимараттар

139

132

44

Сауда өнеркәсібі

61

62

55

Қоймалар

6

8

2

Оқу орындары

4

10

2

Балаларға арналған мекемелер

1

1

2

Мәдени орындар

5

4

2

Емдеу-профилактикалық орындары

1

6

3

Әкімшілік-қоғамдық ғимараттар

43

33

17

Ауылшаруашылық нысандары

1

4

3

Құрылыс үстіндегі ғимараттар мен құрылыс аумақтары

4

2

6

Тұрғын үйлер

1386

1397

905

Көлік құралдары

298

295

210

Орман

12

20

15

Дала

1

5

25

Басқа ашық аумақтар

51

49

41

Барлығы

2013

2028

1332

Суда орын алатын төтенше жағдайлардың негізгі себептері: құтқарушылармен қадағаланбайтын аудандардағы жоспарланбаған демалыстар, алкоголь қабылдаған күйде суға түсу, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеу немесе сақтамау, жүзе алмау және балаларды судың жағасында ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру.

Қарағанды облысының суында қайтыс болғандар динамикасы нақты бір қарқыннан арсып отыр: 2012 жылы 56 адам қайтыс болды, 2013 жылы ол көрсеткіш өткен жылғымен қатысты 44,6%, ал 2014 жылы - 128,0%. 9 айда 2015жылы суда 15 адам қайтыс болды.

Суда шұғыл әрекет ету құтқыру қызметі ТЖ 8 құтқару катері, 10 бірлік автотехника, 3 бірлік арнайы техника (қарда жүретін техника), 24 бірлік жүзу құралы, 33 гидрокостюм ылғал және құрғақ костюмдар, 37 қысылған ауасы бар аппарат, 29 радиостанция бар олар Балқаш маңында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолданылып отыр.

Төтенше жағдайларды ескерту (су тасқыны, қар көшкіні, сел, т.б.) бірнеше бағытта жүргізіледі:

1) мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып мониторинг пен болжамдар жүйесін жасайды.

2) облыстың ауа-райы болжамын жасайтын орталықтарымен ақпараттық байланыс орнатылады.

3) төтенше жағдайларды ескерту жергілікті атқарушы органдарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

4) келісілген іс-әрекеттердің жоспары жасалады: жол қауіпсіздігі бөлімшелері, Ішкі істер департаментінің жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, мобильді дайындық басқармасы, табиғи апаттар кезіндегі ескерту мен тосқауыл қою бөлімдері, жылыту пунктерінің орналасуы туралы ақпараттар, жолдағы көлік қозғалысын реттеу, т.б.

2012-2014 жылдары өткізілген шаралардың, облыс аумағындағы көпжылдық бақылаулардың және мониторингтің нәтижесінде су тасқыны орын алу қаупі жоғары аудандар, гидротехникалық құрылғылары бар, көбіне иесіз, су нысандарының толық базасы анықталды.

2015 жылы температураның көтерілуі себебінен көп жауын жауып, орасан зор су тасқыны орын алды: Қарағанды облысында тұрғын үйлер, көпірлер, жолдар бұзылып, электр қуаты желілері істен шығып, мал қырылды. Облыстағы көптеген өзендердегі су деңгейі 1945, 1960, 1993 жж болған су тасқыны кезінде тіркелген деңгейден де жоғары болды.

Қарастырылып отырған мерзім ішінде (2012-2014 жж.) облыстағы барлық аудандардағы (Ұлытау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Бұқар-Жырау, Осакаров, Ақтоғай, Абай), Балқаш, Сәтбаев, Приозерск қалалары аумақтарын есептемегенде, 50 қоныс орындарын қамтыған 75 оқиға тіркелген.

Су тасқыны нәтижесінде: 2121 тұрғын үй су астында қалып, 409 үй апатты жағдайда қалды, оның ішінде 4 қоныс орнындағы 170 тұрғын үй бұзылған; 1711 бас түлік өлді; жолдардың 118 ауданын су алған, 16844 м жолды су шайып, жарамсыз етіп тастаған; 13 көпір құлаған, 1 бөгет (Жұмабек) пен 2 қалқан (Жұмабек, Абай ауданындағы Қарақоға); 61 ауылдық өңірдің энергожеткізілуі бұзылды.

ҚР Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы бөлімшелерінің, ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясының әскери бөлімшелерінің апатты аудандарда:

- 407 адам құтқарылды; 13279 адам эвакуацияланды;

- 33466 бас түлік мал айдалып алынды;

- 162731 т.м. су жиналды; 13923 м. уақытша шатырлар құрылды; 3166 м. бөгет қайта қалпына келтірілді;

- ұзындығы 16844м болатын автокөлік жолдарының 118 ауданы жөнделді;

- 244 адамға медициналық, 419 адамға психологиялық көмек көрсетілді; 20 мыңнан астам адам ыстық тамақпен қамтылды.

Су тасқыны аймағында жалпы 33 жарылыстар, 6250 шаршы метр аумақты өткізді.

Кең көлемді табиғи апат кездерінде техника мен жедел көмек көрсету топтарының дайындығына аса үлкен мән беріледі: олар апаттан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетіп, оның салдарын жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Жедел көмек көрсету құрамасына құтқару, инженерлік, апатты-техникалық, медициналық қызмет көрсету, материалды-техникалық жабдықтау мен көліктік қамтамасыз ету, байланыс орнату топтары кіреді. Одан бөлек, Қарағанды облысында қар басып қалған кездерде адамдарды іздестіру мен құтқару, қар астында қалған аудандарды зерттеу, жолдарды тазалау, зардап шеккендерді жылытып, алғашқы медициналық көмек көрсету қызметтерін жүзеге асыратын облыстық топ бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет