2.1.3.2.1. Төтенше жағдайлардың алдын-алу, тоқтату және салдарларын жоюдың SWOT-сараптамасы
|
Оң әсері
|
Кері әсері
|
Ішкі орта
|
Күшті жақтары:
-
Облыста төтенше жағдайлардың саны азайып келеді
-
Өрт кезіндегі адам өлімі көрсеткіші төмендеп келеді
-
Облыс аумағында өртке қарсы ерікті ұйымдар құрылған
|
Әлсіз жақтары:
-
37 ауылдық өңірді қамтитын 27 қоныс орнында мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ
-
Өртке қарсы ерікті ұйым мүшелері жетіспейді
-
Құтқарушылардың аудандар бойынша дұрыс бөлінбеуі
-
Химиялық зақымдану кезінде адамдарды жеке қауіпсіздік құрылғыларымен қамтамасыз ету, жинау, тарату жұмыстары жоспарланбаған
-
Шомылуға арналған орындардың құрылуы, суда қауіпсіз демалыстар ұйымдастыру, суға түсуге тыйым салынған жерлерге арнайы белгілер орнату, БАҚ арқылы суға түсуге болмайтын аймақтар туралы хабарлар тарату жұмыстары жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмаған
|
Сыртқы орта
|
Мүмкіндіктер
-
Мемлекеттік қолдау
-
Азаматтық қорғау шараларын насихаттау;
-
Тұрғындарды азаматтық қорғаныс саласына оқыту
|
Қауіп-қатерлер
-
Халықты сел мен су тасқындарынан қорғау ісіне жеткілікті қаржының бөлінбеуі
-
Апаттар мен табиғи катаклизмдер
|
2.1.3.2.2. Төтенше жағдайлардың алдын-алу, тоқтату және салдарын жоюдың өзекті мәселелері
- 37 ауылдық өңірді қамтитын 27 қоныс орнында мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ, өрт посттарын құру қажеттілігі бар;
- ірі қоныс орындарында өртке тосқауыл қою үшін құрылған өртке қарсы ерікті құрылымдардың жетіспеушілігі сезіледі, олар тек жақын аумақта өрт орын алған кездерде ғана көмектесе алатындықтан, мұндай құрылымдардың күшімен жалпы өрттің тек 51% тоқтатылған;
- халықты сел мен су тасқыны, қар көшкінінен қорғауға бөлінетін қаржы жетіспеушілігі бар (Қарағанды, Шахтинск, Актоғай, Бұқар-Жырау аудандары, Жаңаарқа ауданы, Қарқаралы мен Осакаров аудандары);
- суда орын алатын төтенше жағдайлардың санын азайту үшін Жезқазған қаласында орналасқан құтқару бөлімшесін ауыстыру керек.
- шомылуға арналған орындардың құрылуы, суда қауіпсіз демалыстар ұйымдастыру, суға түсуге тыйым салынған жерлерге арнайы белгілер орнату, БАҚ арқылы суға түсуге болмайтын аймақтар туралы хабарлар тарату жұмыстары жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмаған;
- химиялық зақымдану кезінде адамдарды жеке қауіпсіздік құрылғыларымен қамтамасыз ету, жинау, тарату жұмыстары жоспарланбаған.
2.1.4. Облыстың инженерлік инфрақұрылымының дамуы
2.1.4.1. Байланыс және коммуникация
Қарағанды облысында 2013 жыл саланың ішкі қосымша бағаның 28,6 % өсіп, 28,6 млрд. теңгені құрауымен ерекшеленеді. Саланың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі әлі де болса аз, небәрі 1% жуық, бірақ соңғы жылдары ЖӨӨ-дегі ішкі қосымша баға үлесінің өсуі байқалады, 2012 жылдан бері 0,1%.
Кесте 41.
Саланың негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
өлшем бірлік
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
Саланың ішкі қосымша бағасы
|
млрд.теңге
|
19,2
|
24,7
|
31,9
|
Ішкі қосымша бағаның ЖӨӨ-дегі үлесі
|
%
|
0,78
|
0,9
|
0,9
|
Пошталық және курьерлік қызметтің көлемі
|
млн.теңге
|
902,2
|
1 094,5
|
1 270,1
|
Пошталық және курьерлік қызметтің нақты көлемінің индексі
|
%
|
105,8
|
100,0
|
101,6
|
Байланыс қызметінің көлемі
|
млн.тенге
|
14 657,4
|
16 098,1
|
17 042,4
|
Байланыс қызметі көлемінің нақты индексі
|
%
|
106,1
|
104,9
|
107,6
|
Тіркелген телефон желілерінің халықты қамтамасыз етуі (100 тұрғынға тіркелген телефон желілерінің саны)
|
дана
|
374,2
|
27,4
|
367,8
|
Қала халқы
|
дана
|
315,9
|
29,4
|
308,9
|
Ауыл халқы
|
дана
|
58,3
|
20,1
|
58,9
|
Тіркелген ғаламтордың қолданушылар саны
|
мың дана
|
143,5
|
164,3
|
164,2
|
100 адамға шаққандағы кең жолақты ғаламтордың тіркелген қолданушылар саны
|
дана
|
140,9
|
1 202,5
|
163,6
|
Ағымдағы жылдың соңына қарай осы салада жұмыс жасайтын компаниялар саны
|
дана
|
279,0
|
295,0
|
327,0
|
Жұмыспен қамтылған халықтың үлесі
|
мың адам
|
10,3
|
13,4
|
11,5
|
Қарағанды облысындағы ақпарат және байланыс саласының дамуына сондай-ақ пошталық-курьерлік қызмет көрсету көлемінің, байланыс қызметтері үлесінің артуы, ғаламтор абонеттері қатарының көбеюі дәлел бола алады. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда, почталық-курьерлік қызмет 16% көп көрсетілген. Байланыс қызметтерінің көлемі 5,9% артты.
Байланыс саласындағы қызмет көрсетудың артуы сондай-ақ кабельді жүйе, желісіз ғаламтор мен спутник және жергілікті телефон байланысы арқылы қамтамасыз етілді. Ұялы байланыстың дамуына орай қалааралық және халықаралық байланыстарға қызмет көрсету төмендегені байқалады.
Телекоммуникация саласында облыстың барлық ауылдық өңірлері телефонмен қамтылған. 2014 жылдың басында облыстың әрбір 100 тұрғынына 27,4 тіркелген телефон желісінен келеді. 2013 жылы ауылдық өңірде тұратын әрбір 100 адамға 20,1 бірліктен келген.
Осы салада қызмет атқаратын кәсіпорындар саны артып келеді, 2014 жылы олардың саны 11,5 мың кәсіпорынды құраған, оның 98% шағын кәсіпкерліктер (321), қалған бөлігі орта кәсіпкерлікке тиесілі. Қарағанды облысындағы басқа салалармен салыстырғанда байланыс пен коммуникация саласында жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар жоқ. 2014 жылы орта кәсіпкерліктің 50% шығынға ұшырап, нәтижесінде олардың қайтарым коэфициенті теріс болып шықты (-18%). Телекоммуникация саласындағы монополияның алдын-алу және еркін бәсекелестік орта қалыптастыру мақсатында, облыста бірнеше жеке меншік кәсіпорындар жұмыс істейді. 25-тен астам қоныс орындарын «Транстелеком» АҚ мен «Корпорация «Казахмыс» ЖШС қамтамасыз етеді.
Осы салада жұмыспен қамтылған халықтың саны тұрақты емес. 2014 жылға дейін жыл сайынғы өсім оң болып келген дегенмен осы жылы көрсеткіш 14,2% қысқарды.
2014 жылы пошталық-курьерлік ісі мен байланыс қызметін дамытуға 22 367 млн.теңге көлемінде инвестиция салынды. Оның ішінде бірінші бағытқа жұмсалатын қаржы небәрі 1% шамасында. 2013 жылы ақпараттық-коммуникациялық салада 6 965 млн.теңге игерілді, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жоғары болды, орташа есеппен алғанда 290%, нәтижесінде негізгі қорлардың толықтырылуы бойынша басқа салаларды басып озып отыр.
Дегенмен негізгі қордың толығу коэфициентіне қарамастан, ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың негізгі қорының ескіруі басқа салалармен салыстырғанда өте жоғары саналады, бұл ақпарат технологиялардың өте тез қарқынмен өзгеруіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |