2.1. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына сараптама 2.1.1. Бағыт. Экономика.
2.1.1.2. Өнеркәсіп
Салалар дамуының негізгі бағыты – әртараптандыруы мен бақталастыққа қабілеттілігі, инновацияны дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру, халықтың табыстары мен еңбегінің өсіуі. 2014 жылы қаланың жалпы жалдамалы жұмысшыларының санынан 32,1% өнеркәсіпте болды және олардың облыс бойынша үлесі 18,8%.
2012-2014 жылдардағы кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 есеге өсті және 2014 жылдық қорытынды бойынша 154,5 млрд. теңгені құрады.
Өнеркәсіптің құрылымында (1 кесте) негізгі орынды өңдеу өнеркәсібі алады 46,7%, кен өндіру өнеркәсібі – 8,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 39,3% және сумен жабдықтау – 5,7%.
1-кесте. 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері
Салалар
|
Өндіру көлемі,
млрд. теңге
|
НАИ, %
|
Үлес салмақ,%
|
2012 год
|
2013 год
|
2014 год
|
2012 год
|
2013 год
|
2014 год
|
2012 год
|
2013 год
|
2014 год
|
Барлығы
|
115,3
|
139,9
|
154,4
|
91,5
|
119,4
|
130,6
|
100
|
100
|
100
|
кен өндіру
|
11,9
|
10,1
|
12,8
|
86,9
|
134,3
|
83,3
|
10,3
|
7,2
|
8,3
|
өңдеу
|
48,6
|
63,8
|
72,1
|
72
|
118,4
|
124,5
|
42,1
|
45,6
|
46,7
|
электрмен жабдықтау
|
44,7
|
54,1
|
60,7
|
102,6
|
101,1
|
110,0
|
38,8
|
38,7
|
39,3
|
сумен жабдықтау
|
10,1
|
11,9
|
8,8
|
105,7
|
129,6
|
105,5
|
8,8
|
8,5
|
5,7
|
2012-2014 жылдардағы кезеңде тұрақты өсім өнеркәсіп өндіріс көлемінің нақты ауқым индексінде анықталып отыр. Басымды факт бұл, өңдеу өнеркәсібі барлық өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен жартысына ие.
Кен өндіру өнеркәсібі:
Кен өндіру өнеркәсібінің құрылымында (кесте 2) жалпы көлемі 53,7 мың шаршы м. табиғи құм өндіруді жүзеге асырушы кәсіпорындар көрсетілді (жалпы обдыстық көлемде 7,7%), ганит, құм тастар – 31,0 мың шаршы м. (4,5%), түйіршік, қиыршық тастар – 102,9 мың шаршы м. (11,2%).
2- кесте. 2012-2014 жылдарға арналған кен өнеркәсібінің көрсеткіштері
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2014 жыл 2012 жылға, %
|
Ескерткіштерге арналған мәрмәр тастар, әрлеу немесе өзге құрылыс
|
мың.шаршы.м.
|
10,5
|
13,2
|
28,8
|
2,7 есе
|
Түйіршік, ұсақ, қиыршық тастар, бөлшектенген тастар
|
мың.шаршы.м.
|
68,1
|
246,8
|
102,9
|
1,5 есе
|
Ескерткіштерге арналған гранит, құмтас немесе өзге құрылыс
|
мың.шаршы.м.
|
25,0
|
23,3
|
32,0
|
128%
|
Табиғи құм
|
мың.шаршы.м.
|
265,7
|
100,3
|
53,7
|
20,2%
|
Өңдеу өнеркәсібінің дамуы.
Облыстық өңдеу өнеркәсібінің ауқымды көлемі осы салалар бойынша ірі және орта кәсіпорындары көп шоғырланған Ақтау қаласының үлесіне тиесілі (66%).
1 сурет. 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіптің жалпы көлемінен өңдеу өнеркәсібі көлемінің үлесі.
Қаланың өңдеу өнеркәсібінің негізін азық-түлік, мұнай өңдеу өндірісі, металл емес өзге минералды өнімдер және басқалар құрайды (3 кесте).
3 кесте. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында 2012-2014 жылдардағы негізгі салалардың өндіріс көлемі мен үлес салмағы
Салалар атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Өндіріс көлемі (млн. теңге)
|
НАИ (%)
|
Үлес салмағы
(%)
|
Өндіріс көлемі (млн. теңге)
|
НАИ (%)
|
Үлес салмағы
(%)
|
Өндіріс көлемі (млн. теңге)
|
НАИ (%)
|
Үлес салмағы
(%)
|
тамақ өнімдері
|
3035,6
|
106,0
|
6,2
|
5326,6
|
131,7
|
8,3
|
3174,8
|
102,0
|
4,4
|
нан-тоқаш өнімдері
|
1529,5
|
112,7
|
3,0
|
2437
|
121,8
|
3,8
|
1261,1
|
100,1
|
1,8
|
тоқыма бұйымдары
|
40,8
|
104,8
|
0,1
|
45,2
|
63,6
|
0,1
|
63,6
|
09,0
|
0,1
|
киімдер
|
156,4
|
95,0
|
0,3
|
200,5
|
151,6
|
0,3
|
199,1
|
87,2
|
0,3
|
химиялық өнеркәсібі
|
13504,5
|
73,2
|
27,8
|
15270,7
|
116,6
|
23,9
|
21704,6
|
151,9
|
30,1
|
машина жасау
|
8016
|
60,8
|
16,5
|
15668,3
|
161,1
|
24,5
|
13562,0
|
115,2
|
18,8
|
өзге де металл емес минералды өнімдер
|
8142,4
|
96,0
|
16,7
|
6106,4
|
106,7
|
9,6
|
8412,7
|
78,3
|
11,7
|
мұнай өңдеу өндірісі
|
8,4
|
-
|
0,02
|
6,4
|
-
|
0,01
|
9477,1
|
24,2 раза
|
13,1
|
металлургия өндірісі
|
4396
|
76,5
|
9,0
|
4263,8
|
92,2
|
9,6
|
3473,8
|
91,1
|
4,8
|
Металл құрылым құрылыс өндірісі
|
5517,6
|
44,6
|
11,3
|
8816,8
|
150,0
|
13,8
|
9292,9
|
105,4
|
12,9
|
фармацевтикалық өндірістер
|
97,2
|
144,2
|
0,2
|
142,0
|
98,7
|
0,2
|
61,3
|
71,3
|
0,1
|
резеңке, пластассалық бұйымдар
|
4229,1
|
146,5
|
8,7
|
4615,9
|
67,1
|
7,2
|
3916,3
|
96,5
|
4,0
|
Машина жасау
Машина жасау қала өнеркәсібінің тез өсіп келе жатқан салаларының бірі болып табылады: 2012-2014 жылдарда өндіріс көлемі 1,3 есе өсті. Қалада мұнай-газ машинасын жасау дамыған, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруге байланысты кеме жасау дамып келеді.
Саланың бәсекелестік артықшылықтары жер қойнауын пайдаланушылардың жобаларына жақындық, біліктіліігі жоғары мамандардың болуы, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің жеткілікті желісі бар болып табылады.
Саланың негігі кәсіпорындары: «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «GММОS Қазақстан» ЖШС. 2015 жылы бұрандалы сорғылар шығаратын зауыт пайдалануға берілді, жобаның бастамашысы – «КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС (Индустриялық парк).
Өнім мен қызметтердің негізгі түрлері: бұрғылау соғрылары мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, жоғары технологиялық мұнай-газ жабдығы, кемелер мен мұнай-газ жабдығын жөндеу.
Металлургия өнеркәсібі
2012-2014 жылдардағы кезеңде саланың өнім өндіру көлемінің және нақты көлем индексінің бәсеңдеуі байқалады. 2013 жылы Иранға қарсы экономикалық санкциялардың күйшейді, бұл болат дайындамалар экспортының қысқаруына әсер етті. Ішкі нарықта ресейлік өндірушілердің тарапынан болған бәсекелестік арматура сатуды қысқартуға алып келді. 2014 жылы әлемдік рыногта металл бағалары төмендеді. Нәтижесінде, «АҚЗ» ЖШС Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының Оңалту жоспары бойынша міндеттерді орындамады1.
Саланың негізгі кәсіпорындары: «Ақтау құйма зауыты» ЖШС – «АҚЗ» ЖШС (негізгі қызмет түрі – болат дайындамалар өндіру мен жаймалау өндірісі); «АrcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ (үлкен диаметрлі болат спиралды-жікті құбырлар өндірісі).
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі (металл өңдеу саласы)
Саланың негізгі кәсіпорындарыв: «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС (бұрынғы «Keppel Kazahstan» ЖШС). Саланың негізгі кәсіпорындары КТҚС-да теңіз мұнай операцияларын жүргізуге арналған металл конструкцияларды шығаруға бағдарланған.
Мұнай-химия» (мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі)
Саланың негізгі кәсіпорындары: «CASPI BITUM» БК» ЖШС, (Ақтау қ.) «Қазақ газ, өңдеу зауыты» АҚ («ҚазГӨЗ» ЖШС) (Жаңаөзен қ.). Негізгі өнім түрлері: жол битумы, сұйытылған көмірсутегі газдары.
2013 жылы қазақстандық-қытайлық кәсіпорын – жол битумдарын өндіретін зауыттың («CASPI BITUM» БК» ЖШС) пайдалануға берілгенінің нәтижесінде, 2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде өңдеу саласының құрамындағы кіші саланың үлесі 0,02%-дан 13,1%-ға дейін өсті (4-кесте). 2014 жылы 153,0 мың тонна битумдық өнім шығарылды. 2013 жылы зауыт өндіріс қуатына шықты.
Химия өнеркәсібі
2012-2014 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты ауқым индексі өсу беталысын көрсетеді (4-кесте).
Негізгі кәсіпорын – Қазақстан Республикасындағы азоттық минералды тыңайтқыштарды шығаратын ірі кәсіпорын «ҚазАзот» ЖШС (ҚР-дағы азоттық минералды тыңайтқыштар шығарудың жалпы көлемінің 93%-дан астамы). Негізгі өнім түрлері: аммиак селитрасы, сұйық аммиак, азот қышқылы және басқалар.
4 кесте. 2012-2014 жылдардағы шығарылған өнімдердің көрсеткіштері
Өндіріс атаулары
|
Өлшем бірлігі
|
2012 жыл
|
2013
жыл
|
2014 жыл
|
2014 жыл 2012 жылға, %
|
Аммиак өндірісі
|
мың тонна
|
94,8
|
110,1
|
159,4
|
168,1
|
Азоттық минералды тыңайтқыштар өндірісі
|
мың тонна
|
148,3
|
171,2
|
264,3
|
178,2
|
Көміртегі диоксиді өндірісі
|
тонна
|
123
|
108
|
158
|
128,4
|
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру
«Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі» саласы бойынша 2012-2014 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты көлем индексі өсу беталысын көрсетеді.
Негізгі өнім түрлері: цемент, әк, бетон, темір-бетон бұйымдары, тротуар тақтасы. Шығарушы - «Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС, «Строй – Деталь» ЖШС.
Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы іске қосылған: Үй құрылысы комбинатын, Индустриялық құрылыс комбинатын, Темір-бетон бұйымдары зауытын, құрылыстық жарық селдірлі конструкциялар өндіретін шағын зауытты («Ақтау теңіз порты» АЭА) жобалық қуаттылыққа шағыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жеңіл өнеркәсіп
Сала өнімінің нақты ауқым индексі 2012 жылғы 107,8%-дан 2014 жылы 104,2%-ға дейін төмендеді (2013 жылы – 105,2%).
Саланың негізгі кәсіпорындары: «Жамал-ай» АҚ, «Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС.
Негізгі өнім түрлері: күштік құрылымдарға арналған арнайы қорғау аяқ киімі, арнайы қорғау киімі, тоқыма бұйымдар, мұнай-газ саласына арналған арнайы киім, халық тұтынатын тауарлар (5 кесте).
5 кесте. 2012-2014 жылдардағы жеңіл өнеркәсіптің көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлш. бірл.
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2014 жыл 2012 жылға, %
|
Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі
|
млн.
теңге
|
555,3
|
802,3
|
949
|
170,8
|
Төсек-орын тыстарын өндіру көлемі
|
мың дана
|
24,1
|
23,4
|
25,8
|
107,1
|
Жұмыс киім өндіріс көлемі
|
мың дана.
|
12,5
|
18,3
|
15,5
|
124,0
|
Былғары және осы сияқты өндірістердің (аяқ киім) көлемі
|
мың жұп
|
66,4
|
59,5
|
63,1
|
95,0
|
Фармацевтика өнеркәсібі
2012-2014 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты ауқым индексі орнықсыз динамиканы көрсетеді.
Өңірдің фармацевтика өнеркәсібі халық үшін рецепттер бойынша және облыс ауруханалары үшін облыстық ауруханааралық дәріхананың дәрілік заттарын өндіруден тұрады.
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. дана инфузиялық дәрілік формалар болатын «Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен» инвестициялық жобасы іске асырылуда. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 300 адам. Аяқтау мерзімі – 2016 жыл.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру өнеркәсібі
2014 жылы электр энергиясын өндіру 5 080,2 млн. кВт сағ. құрады , бұл 2013 жылға қарағанда 10,1%-ға жоғары және жылу энергиясы 3311,1 мың Гкал мөлшерде (2013 жылдық деңгейге 111,3%).
Қаланың өнеркәсіптік құрылымында электрмен жабдықтау, газ, бу беру және әуе салқындатқыш өндірісінің үлесі 39,3%-ды құрайды. «МАЭК-Казатомпром» ЖШС – бірден-бір электр өндіруші және облыстың 90%-нан астамы қолданатын кәсіпорын. 1999 жылы сәуір айындағы тәжірибелі-өнеркәсіптік реактор жылдам БН-350 нейтрондарынан шағарылғаннан кейін «МАЭК-Казатомпром» ЖШС пайдалануға берілуден толықтай табиғи газда жұмыс жасайды (6 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |