БАҒдарламасы ақтау, 2016 жыл мазмұны 1 Бағыт. Экономика 11



бет5/16
Дата03.07.2016
өлшемі8.42 Mb.
#175593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.1.2. Бағыт. Әлеуметтік сала


2.1.2.1. Білім беру

Қаланың білім беру аясында 75 мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдары (22 кіші орталықтарды қоса есептегенде), 29 жалпы беретін мектептер, оның ішінде 4 жеке-меншік мектеп («Қайнар», «Дарын», Некрасова ағылшын мектебі, мемлекетаралық ағылшын мектебінің филиалы), 2 кешкі мектептер, 2 жоғарғы оқу орындары, 15 колледж, 2 кәсіби мектеп, 3 мектептен тыс ұйымдар.

Қаланың білім беру жүйесінде жұмыс орташа мерзімді кезеңде 2010-2020 жылдардағы білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде асырылды.

Ақтау қаласының 2011-2015 жылдардағы Даму бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде білім беру жүйесінде белгілі жеткен жетістіктер: мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарының 35%-ға артуы, қорытындысында мектептен тыс дайындықтағы жалпы көлемінен 5-6 жастағы балдардың толықтай қамтылуы, мектептердің 56%-н астамы электронды оқыту жүйесін енгізді, мектептердің 28%-ы инклюзивтік білім беру үшін қолайлы жағдай құрды, колледжердің 60%-ы қос білім беру жүйесіне көшті.

2014 жылы қаланың білім беру жүйесіне 8,9 млрд. теңге бөлінді немесе қаланың жалпы бюджетінен 42%-нан астамы.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беру

«Балапан» Мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде 2010-2020 жылдардағы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және білім берумен қамту бойынша жұмыстар, Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінде 2020 жылы 3-6 жастағы балдарды 100 пайыздық қамтуға бағытталды.

5-6 жастағы балдарды мектептен тыс дайындауды қол жетімді қылу, мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін ұлғайту бойынша шаралар қабылданды. 2014 жылы мектепке дейінгі ұйымдар жүйесі 2012 жылмен салыстырғанда 4 ұйымға өсті (1 кесте).
1 кесте. 2012-2014 жылдардағы мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім берудің көрсеткіштер динамикасы

Атаулары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға,%

Балабақшалар саны, бірлік

38

40

42

110,5

Балабақшадағы балалар саны, адам

10984

11524

12037

109,6

Шағын-орталықтар саны, бірлік

18

19

20

111,1

Шағын-орталықтардағы балалар саны, адам

665

690

740

111,2

3 жастан 6 жасқа дейінгі балдардың жалпы қамтылуы, %

70,1

74,3

80,3

х

1 жастан 6 жасқа дейінгі балдардың жалпы қамтылуы, %

57,1

57,3

57,6

х

Жоғарғы және бірінші санаттағы педагогтардың жалпы санынан үлесі, %

28,4

30,5

41,9

х

Бұл ұйымдарда 12247 бала оқытылып және тәрбие алып жатыр, оның ішінде 12037 бала 3-тен 6 жасқа дейінгі. Қазіргі таңда, мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы кезегін анықтау үшін 16660 бала тұр, оның ішінде 0-ден 3 жасқа дейінгі – 13705 бала және 3-тен 6 жасқа дейінгі – 2955 бала.

2015 жылдың басында 3-тен 6 жасқа дейінгі алдардың мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтылуы 80,2%-қ деңгейге жетті, ал 1-ден 6 жасқа дейінгі – 46,1%-ға (облыс бойынша 40,8%).

Мектеп жасына дейінгі балдарды балабақшалармен қамту мақсатында 2010-2015 жылдарғы қадамдық жоспары жасақталды, аталған жоспар бойынша 2015 жылы әрқайсысы 280 орындық 4 жаңа балабақша ашылды және қаланың 4,6,12,13 шағын аудандардағы 4 балабақша ғимараттары қайтарылды. Нәтижесінде, ағымдағы жылы 1400 балаға балабақшаға кіру мүмкіндігі туды және олардың 3-тен 6 жасқа дейінгі балдардың қамтылуы 89,6%-ды құрайды.

Бұдан басқа, мектеп жасына дейінгі мекемелерде орынға сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесін өзектілейді. Жалпы көлемнен жоғарғы және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі 26,1 %.
Жалпы орта білім

Қалада 2014 жылдың соңында 25 жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасайды, 2 кешкі және 4 мемлекеттік емес мектептер (2 кесте).



2 кесте. 2012-2014 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жүйесі динамикасы

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2014 жылға,%

Мектептер саны, бірлік

31

31

31

100

оның ішінде, мемлекеттік

27

27

27

100

Оқушылар саны, адам

30 644

31 892

31 810

103,8

Жоғарғы және бірінші санаттағы педагогтардың жалпы санынан үлесі, %

39,7

50,8

55,6

х

Қаланың аумағында апаттық мектептер мен 3 рет ауысып оқыту мектептері жоқ, оқушылар орнының дефициті жоқ. 24 мектеп үлгілік ғимараттарда орналасқан, 1 мектеп (Өмірзақ селосындағы №27 ОМ) бейімделу ғимаратында орналасқан.

Қаланың барлық мектептерінде кең белдеулі интернетке қосылған және компьютерленген. 2014 жылы жалпы білім беретін мектептерінде компьютермен жабдықтау 12 оқушыға 1 компьютерден.

Мектептердің пәндік кабинеттерінде материалды-техникалық жарақтаудың жеткіліксіздігі орын алып отыр. 2014 жылы жаңа нұсқадағы кабинеттермен жарақтандырылған мектептер саны орташа 83,1%-ды құрады, 2012 жылға өсім 8,5%-ды құрады (3 кесте).


3 кесте. 2012-2014 жылдырдағы мектептердің пәндік кабинеттерімен жарақтандырылуы

атаулары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

қамтамасыздық,%

Мультимелиялық кабинеттер

43

43

43

86,0

Физика кабинеті

25

25

25

82,5

Химия кабинеті

21

29

31

80,1

Биология кабинеті

29

29

29

84,0

Барлығы

118

126

128

83,1

2012-2014 жылдары мектептерде 10 жаңа нұсқадағы кабинеттер (химия) орнатылды, 2015 жылы бұл мақсатта қаражат бөлінбеді.

Қаланың мектептерінде 2322 педагог қызметкерлері жұмыс жасайды, оның ішінде 92,4%-ы әйелдер (2145 адам), ауылдық жердегі – 62%. Жоғарғы және бірінші санаттағы оқытушылар саны 2013 жылы 50,8%-дан 2014 жылы 55,6%-ға дейін өсті. Үш жылда 379 педагог «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өтті.

Электронды оқыту 14 мектепке кіргізілді немесе жалпы санынан 56%-ы. Қаланың жалпы мемлекеттік мектептерінде дербес веб-сайттары жұмыс жасайды.

Келесі сабақтар бойынша педагогикалық кадрлардың қажеттілігі бар: физика, математика, орыс тілінде оқыту бастауыш сыныптары.

2014-2015 оқу жылының Ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша (бұдан әрі – ҰБТ) қала бойынша орташа балл 77,71, бұл облыстық орташа баллдан жоғары (75,7 балл). 2012-2013 оқу жылы – 74,36 балл (облыста 3 орын), 2013-2014 оқу жылы – 76,74 балл (3 орын).

2014 жылы 4 оқушы мемлекетаралық олимпиада және конкурстар жеңімпазы атанды. (2012 жылы – 2).



1 сурет. 2013-2014 жылдардағы ҰБТ қорытындысының негізгі көрсеткіштері
Жазғы кезеңде 4 орта мектептің және «Тұлпар» клуб алаңының мектеп жанындағы лагерьлері жұмыс жасайды. 2014 жылы балдарды жазғы демалыспен қамту, сауықтыру және еңбекпен қамту 84,5%-ды құрады. (2012 жылы – 64%, 2013 жылы – 74,3%).

Қаланың барлық мектептері ыстық тамақпен қамтылған, сонымен қатар, 1-ші сыныптағы 4255 оқушы тегін тамақтанады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 мамырдағы № 159 бұйрығына сәйкес, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық (сынамалық) режимде, №11 мамандандырылған физика-математикалық мектептерінде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындалу бойынша жұмыстары жүріп жатыр.
Қосымша білім беру.

Қалада мектептен тыс оқытумен айналысатын 7240 оқушыға 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Қаланың қосымша білім беру ұйымдарының әрекеті көрсеткіші 4 кестеде бейнеленген.


4 кесте. 2012-2014 жылдардағы қосымша білім беру ұыймдарының әрекеті жөнінде көрсеткіштер динамикасы


Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға,%

Қосымша білім беру ұйымдарының саны, бірлік

3

3

3

100

Үйірмелер саны, бірлік

208

198

169

81,2

Үйірмелермен шұғылданатындар саны, адам

7893

8256

8312

105,3



Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

2015 жылдың 1 қаңтарына қалада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 356 балалар мен жетім-бала тіркелген, оның ішінде 179 бала бекітілген уйге ие. Бекітілген үйі жоқ балдар үшін тұрғын-үймен қамту мәселесін шешу мақсатында 2014 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында жинақтаушы шот ашылған болатын.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, қала бойынша 738 баланы жалпы қамтитын 5 арнайы (түзету) мектебі мен 2 арнайы ұйым (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 1 оңалту орталығы) жұмыс істейді.

2014 жылы 7 мектепте (28%) инклюзивтік білім беруге жағдай жасалды 92012 жылы – 12%, 2013 жылы – 17,9%).

Қалада отбасылық тәрбиенің балама нысандарын дамыту мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде, 2014 жылы интернат мекемелердің 11 тәрбиеленушісі қорғаншылыққа және қамқоршылыққа берілді, 1 тәрбиеленуші асырып алынды, мамандандырылған балалар үйінің 14 баласы отбасыларға орналастырылды.
Салаларды дамыту SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:


- мектепке дейінгі мекемелердегі кезектің ақырындап қысқаруы, жаңа балабақша мен шағын-орталықтарды ашу, құрылысы жолымен МЖДҰ жүйесін кеңейту есебінен балдарды мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтудың өсуі, оның ішінде жеке-меншік, бұрынғы ғимараттарлы қайта ұйымдастыру мен қайтарып алу арқылы;

- пилоттық апробация жан-басына шаққандағы орта білім беруді нормативті қаржыландыру жаңа форматтағы қаржыландыруға ауысуды жеңілдетеді;

- қаланың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім-балаларды қолдау бойынша бастамасының жетістігі;

- қаланың мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту бойынша бастамасының жетістігі;

- интернатты мекемелердегі балалар санының азаюы және балалардың отбасында орнығуы;

- мүмкіндігі шектеулі балдарға арналған арнайы ұйымдардың (түзету) ашылуы;

- дайындықтан өткен мамандарды жұмыстандыру мәселесін шешетін корпоративтік білім беру қағидаларын ұстану.


- мектеп жасына жейінгі ұйымдарда, әсіресе бөбектік топтар бойынша кезектің сақталуы;

- білім беру ұйымдарында материалды-техникалық жеткіліксіз жарақтануы, оның ішінде жаңа нұсқадағы кабинеттермен, арнайы техникамен және жабдықтармен, заманауи компьютерлік техникаларымен;

- мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында педагогтардың профессионалдық деңгейінің төмендігі, методист-пәнді жүргізу дифициті, мектепке дейінгі-педагогтардың, аз кешенді мектептер үшін кадрлар мен инклюзитвтік білім беру бойынша мамандардың дифициті;

- шетел тілдері оқытушылар сапасыз құрамының жеке көрсеткіштері нашарлауы (орта жастағылардың өсуі, жоғарғы санаттағы оқытушылар үлесінің төмендеу);

- білім беру ұйымдарында мултимедиялық-лингафондық кабинеттерімен жеткіліксіз жарақтандырылуы;

- салалардың жеткіліксіз қаржыландыру білім бері ұйымдарының материалды-техникалы базасын айтарлықтай тозуға әкеліп соғуы;

- күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің жылдық өсуі;

- инклюзивтік білім берудің жеткіліксіз дамуы;

- отбасылар және балалар амансыздығын анықтау біріңғай белгілерінің болмауы;

- жетім-балалар санынан түлектерді жұмыстандыру механизмінің орындалмауы.




МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:


- мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жаңа балабақшалар құрылысы, ғимараттарды жалға алудан қайтару;

- білім беру ұйымдарын жарақтандыру, оның ішінде білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа нұсқадағы кабинеттермен;

- Е-learning аясында сандық білім беру ресурстарын (СББР) қолдану мүмкіндігі;

- үш тұғырлы жүйе бойынша мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру.



- мемлекеттік қаржыландырудың мектепке дейінгі білім беру аясында жеткіліксіздігі және жеке сектордың әлсіз бастамасы балаларды оқытуға адекватты дайындау бойынша мүмкіндікті шектеуі;

- бюджеттік қаражаттың шектеулігі білім беру ұйымдарындағы материалды-техникалық базаның әлсіздігін көрсетеді;

- халықтың жақсы еңбекақы мен өмір сүру жағдайына жетуге және педагогикалық кадрлардың жүйелік жылыстауына әкелуі;

- ата-ана қамқорлығынан және жөнелтілген отбасылық орнын басатынынан айырылған балалардың өмір сүруі бойынша қайта даярлау кадрлар бағдарламасының жоқтығы.




Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:

- мектепке дейінгі және орта білім беруде оқушылар орнының дифициті;

- білім беру ұйымдарының нашар материалды-техникалық базасы;

- білім беру жүйесіндегі ұйымдар мен мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге жеткіліксіз қаржыландыру;

- орыс тілінде оқытатын мектептерде кадрлардың тапшылығы сақталуда;

- білім беру жүйесіндегі тексерулер санының көптігі, ол білім беру қызметінен басқаға алаңдатады;

- инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (пандустар, лифтілер, шкафтар және т.б.);

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің төмендігі;

- қалалық жердегі студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі;

- колледж түлектерін жұмысқа орналастыру проблемалары.


Жастар саясаты

Жастар саясатын іске асырудың басты мақсаты - жастардың әлеуетін жан-жақты дамыту болып табылады. Сонымен бірге, жастардың қуатын дамыту қарқыны қаланың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына жағдай жасайды.

Қала бойынша 2015 жылдың басында жастар саны 45207 адамды құрады немесе облыс тұрғындарының жалпы санынан 25%-ы немесе 2012 жылдық деңгейден 10,8%-ға жоғары.

Қалада мемлекеттік жастар саясатын жүргізу қалалық ішкі саясат бөлімі және оның 2013 жылдан бері жұмыс жасап тұрған ведомстволық бағынысты бөлігі «Жастар орталығы» МКМ арқылы жүзеге асады (1 кесте).

Барлық ЖОО-ы мен кәсіби-техникалық оқыту орындарында жастар ісі бойынша 26 комитет жұмыс атқарады.
1 кесте. 2013-2015 жылдардағы жастар саясаты бойынша жұмыстар көрсеткішінің динамикасы

Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Қала бойынша жастардың саны, адам

44473

45207

49257

110,8

Қала халқының жалпы санындағы үлесі, %

24,3

24,4

26,5

х

Жастар саясаты бойынша өткізілген іс-шаралар саны

26

35

34

130,8

Іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат, млн. теңге

27,5

39,0

34,3

124,7

2014-2015 жылдары мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 210,2 млн. теңге бөлінді.

Осыған қарамастан, өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында бірқатар өзекті мәселелер орын алады. Олардың арасындағы ең маңыздысы, бұл – жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі. 2014 жылдың қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,3%-ды құрады (облыс бойынша – 5,6%). жұмысшылардың негізгі талабы - біліктілігі, білім деңгейі және жұмыс өтілі.



1 сурет. 2012-2014 жылдардағы қала бойынша жұмыссыздық деңгейі
Жұмыстандыру мәселесі бойынша өткізілген мақсатты жұмыстарға байланысты жұмыссыздық деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 2,2 пайыздық орынға төмендеді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, бірқатар қажетті шаралар өткізіліп тұрады. «Жұмыспен қамту – 2020», «Дипломмен ауылға» және «Жасыл ел» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда. Осы бағдарламалардың аясында 2013-2014 жылдарда 7015 жастар жұмыстанды, бұл жастар жұмыссыздығының жалпы көлемінен 20,4%-н құрайды. 2015 жылы бір жас маманға Өмірзақ селосынан тұрғын-үй сатып алуға 2,9 млн. теңге кредит берілді.



2 кесте. 2013-2014 жылдардағы мемлекеттік бағдарынша жұмыстанған жастардың саны

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

«Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Жастар практикасы» бағытындағы жұмыстанғандар, адам

76

44

63

82,9

Мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаржы, мың теңге

26

19

42

161,5

Әлеуметтік көмек көрсетілген ауылдық елді мекенге тұруға және жұмыс жасауға келген мамандар, адам

2

1

4

2 есе

Ауылдық елді мекенге тұруға және жұмыс жасауға келген мамандарға әлеуметтік көмек төленуі, мың теңге

226,5

121,2

518,5

2,2 есе

Жастарды тұрғын-үймен қамту облыс пен қаланың бірден-бір өзекті мәселесі болып табылады. Ақтау қаласында 2014-2014 жылдары 164 098 адамнан тек 420 ғана жас отбасы тұрғын-үй алды. Соңғы үш жылда қалада жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр. Бұдан өзге, 2014 жылы жергілікті бюджеттен жетім-балаларға 147,1 млн. теңгеге 9 пәтер сатып алынды.

Жастар саласындағы проблемаларды шешу және анықтау үшін, басқарма жастардың ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Облыс бойынша жастардың ҮЕҰ-ның саны 30 бірлікті құрайды, оның ішінде 21-ден астамы белсенді жұмыс істейді.

Облыстағы жастардың үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік тапсырыс жүйесі арқылы жастар арасындағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсенді тартылуда.

Өңіраралық ынтымақтастық аясында әр-түрлі іс-шаралар өткізілді. 2014 жылғы 4 маусымда Қазақстан республикасының Мемлекеттік символдары күнін тойлау мақсатында Ақтау қаласында «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар патриоттық фестиваль құрылды. Іс-шарада Атырау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облысынан 15 адам қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет