Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
- патриоттық өзіндік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті көтеруге бағытталған жастармен өзара іс-қимылдың тиімді моделі (әкімдік – облыстық жастар саясаты орталығы – ҮЕҰ) құрылды;
- әлеуметтік белсенді және азаматтық позиция мен салауатты өмір салтының қалыптасуы, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуеттің дамуы, жас таланттарды қолдау;
- облыстағы жастардың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемі өсті;
- Облыстық ҮЕҰ жастарымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға қаржыландыру көлемінің өсу тиянақтылығы;
- мемлекеттік органдардың жастардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының маңызды институттары: барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, (қалалық) жастар форумдары құрылды.
|
- бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысуының төмен деңгейі;
- аудандарда және ауылдық жерде жастар инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы;
- жастардың ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының орындалу сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы.
|
МҮМКІНДІКТЕРІ:
|
ҚАТЕРЛЕРІ:
|
- өңірде жастар саясатын жүргізуді жақсарту үшін «Жастардың жол картасы – 2016» бағдарламасының жасақталуы;
- Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;
«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;
- «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
|
- жастар арасында нашақорлықтың, діни экстремизмнің таралу мүмкіндігі;
- жастардың іс-шаралары мен жобаларын толық қаржыландырмау.
|
Жастар саясатының негізгі проблемалары:
- жастар арасындағы жұмыссыздық;
- дипломы бар жастарды жұмыстандыру;
- 15-28 жастағы NEET үлесінің болмашы төмендеуі;
- жастардың тұрғын үймен қамту.
2.1.2.2. Денсаулық сақтау
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымының едәуір дамуы Ақтау қаласында байқалады. Қалаға облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының 36,2%-ы, стационарлық жәрдем көрсететін аурухана мекемелерінің 53,5%-ы кіреді. Бұдан өзге, қала халқына 20-дан астам жеке мемлекеттік медициналық ұйымдар қызмет етеді. Қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдардың қаржыландырылуы облыстық бюджеттен жүзеге асады.
Денсаулық сақтау саласында қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде 2012-2014 жылдарда халық денсаулығының медициналық-демографиялық және негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Өңір бойынша халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы 71,79 жасты құрады (ҚР бойынша – 70,45 жас), бұл – 2012 жылдың деңгейінен жоғары (71,56 жас, 2013 жылы – 71,68).
Бала туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 29,81 промиллені құрады (облыс бойынша 32,3) 2012 жылға қарай – 25,60 промилле. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 5,93 промилле (облыс бойынша 4,66), 2012 жылдық деңгейге қарай 3,9%-ға төмен.
Табиғи өсімнің көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2014 жылы 23,88 промилле (облыс бойынша – 27,64) 2012 жылға қарай 20,27.
1 сурет. 2012-2014 жылдардағы негізгі демографиялық көрсеткіштер
Облыс бойынша 2012-2014 жылдары 1000 тірі туылған адамға шаққандағы нәрестелер шетінеуі 2012 жылы 11,6 промилледен 2014 жылы 9,0 промиллеге дейін төмендегені байқалады не 22,4%-ға төмен (облыс бойынша – 10,5).
Аналар өлім-жітімінің 1000 адамға шаққандағы көрсеткіштері тұрақсыз күйінде қалуда. Мәселен, ол 2012 жылы – 7,8 промиллені құрады (облыс бойынша – 5,9), 2013 жылы – жоқ (облыс бойынша – 11,2), 2014 жылы – 19,5 промилле (облыс бойынша - 21,2). Аналар өлім-жітімінің жоғары болуының негізгі себептері бала көтеретiн жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі.
Өлім-жітімнің барлық жағдайлары облыстық Денсаулық сақтау басқармасының емдеу-бақылау комиссиясында қарастырылуда және емханалық-сауықтыру қызметін жақсарту жұмыстары бойынша ұйымдастырылған шаралар қабылдануда.
Біздің облыс 2015 жылы ерте жастағы балалардың, ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын жақсартуға, нәрестелер мен балалар өлім-жітімін төмендетуге бағытталған ЮНИСЕФ жобасы бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық өңір ретінде белгіленді.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру нәтижесінде 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2012 жылғы 82,1 промилледен (облыс бойынша - 81,2) 2014 жылы 77 промиллеге дейін (облыс бойынша - 71,2) немесе 6,2%-ға азайды.
1 кесте. 2012-2014 жылдардағы өлім-жітімнің негізгі тармақтары бойынша динамика
Көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2014 жыл 2012 жылға,%
|
Барлық өлгендер, адам.
|
1106
|
1089
|
1091
|
98,2
|
оның ішінде: қан айналымы ауруаларынан
|
378
|
237
|
176
|
46,5
|
жаңа өскіндерден
|
183
|
182
|
183
|
100
|
тыныс органдары ауруларынан
|
44
|
48
|
49
|
111,4
|
жазатайым жағдайдан
|
120
|
127
|
105
|
87,5
|
ас қорыту органдарының ауруларынан
|
62
|
109
|
71
|
114,5
|
Маңғыстау облысы бойынша өлім-жітімдегі үлесі,%
|
42,7
|
38,3
|
39,3
|
х
|
Есепті кезеңде қан айналымы жүйесінің аурулары (бұдан әрі – ҚАЖА) 2012 жылы 378 адамнан 2014 жылы 176 адамға дейін төмендеді. Қатерлі жаңа өскіндерден өлім-жітім көрсеткіші іс-жүзінде 2012 жылдық деңгейде қалып отыр.
ҚАЖА-ның негізгі көрсеткіштерін жақсартуға Ұлттық скрининг бағдарламасын енгізу, жоғары технологиялық диагностикалау тәсілдерін енгізу, кардиохирургиялық көмекті жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді. Нәтижесінде ҚАЖА-нан өлім-жітімді 2012 жылдық деңгейге 1,8% төмендетуге қол жеткізілді
Қала бойынша қатерлі ісіктерден өлім-жітім 3 жылдың ішінде 1000 адамға шаққандағы 183 адам деңгейінде болып отыр. Өлім-жітім көрсеткіштерін қысқарту мақсатында БМСК ұйымдарында қосымша онкологиялық кабинеттер ашу, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Облыстық онкологиялық диспансердің төсек-орындық қуаты 2012 жылғы 45-тен 2014 жылы 70-ке дейін және онкологиялық науқастарды мамандандырылған емдеумен қамту 2012 жылғы 52,3%-дан 2014 жылы 93,8%-ға дейін арттырылды.
Дегенмен, позитивті беталысқа қарамастан қатерлі ісіктерден өлім-жітімнің жоғары болуы қалада орын алып отыр (100 мың тұрғынға шаққанда 91,2). Негізгі себеп, қала емханаларында дәрігер-эндоскоптардың (онкология, маммология) жоқтығы.
2014 жылы АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 0,033 құрады, 2012 жылғы 0,004-ке қарсы. АИТВ инфекциясын диагностикамен қамту 12,3% жоғарылағаны байқалуда (2014 жылы 87472 адам тексерілген, 2012 жылы – 77908 адам).
Облыстағы дәрігер кадрлардың тапшылығы - басым мәселелердің бірі болып қала беруде. Мәселен, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау басқармасының қала бойынша 765 дәрігер, 2349 орта медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды. Бұл ретте, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу – 41,3-ті (облыс бойынша – 22,7), 10 мың тұрғынға шаққанда орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу – 126,9-ды (облыс бойынша – 78,8) құрайды.
«350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана» бағдарламасы бойынша 2015 жылы Өмірзақ селосында 20 ауыстыру қатынасында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
- демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;
- медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында салу есебінен кеңеюі;
- медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы;
- халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі;
- елдің медициналық ЖОО студенттерді оқыту;
- медициналық ұйымдардың басшыларын «Алматы менеджмент университетінің» Денсаулық сақтау менеджменті факультетінде оқуы.
|
- дәрігерлік кадрлардың дефициті;
- БМСК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі;
- бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;
- туберкулезбен ауырудың салыстырмалығы жоғарылығы;
- әлеуметтік маңызды аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы.
|
МҮМКІНДІКТЕРІ:
- денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасы ету арқылы жергілікті жерде қалдыру;
- аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен тарту;
- денсаулық сақтау объектілерін, ауысымына 500 келушіге арналған емханананы салуды бюджеттік және жеке қаржыландуры көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалану арқылы ұлғайту.
|
ҚАТЕРЛЕРІ:
- жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы оларды жергілікті жерде орнықтыруға теріс әсер етеді;
- еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі;
- көші-қон ағымдары салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық аурулардың өсу тәуекелі.
|
Денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары:
дәрігер кадрларының тапшылығы, оларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету;
Маңғыстау облыстық ауруханасының базасындағы инсульт орталығын жарықтандырудың жеткіліксіз деңгейі;
бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;
БМСК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі.
2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту және халықтың табысы
Қалада халықты жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейі байқалады. Жұмыспен қамтылғандар саны 2014 жылы 103,8 мың адамды құрады немесе экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 95,1%-ы (облыстық орташа есеппен – 92%). Қалада экономикалық тұрғыдан белсені халық 2012 жылы 105,2 мың адамнан 2014 жылы 109,2 мың адамға дейін өсті немесе 3,3%-ға (3,6 мың адамға).
Тұрғындардың жұмыспен қамтылғандар қимасында жалдамалы жұмысшылар басым, 2014 жылы олардың саны 97,5 мың адамды құрады немесе экономикалы белсенді халықтың 89,3%-ы (2012 жылы – 89,5%, 2014 жылы – 89,3%). Тұрғындардың жұмыс жасайтын құрамында өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың салыстырмалы үлесі айтарлықтай төмен, және қазіргі таңда экономикалық белсенді халықтың 5,8%-н құрайды (2012 жылы – 5,7%, 2013 жылы – 5,8% (1 кесте).
1 кесте. 2012-2014 жылдардағы қала бойынша еңбек рыногының негізгі индикаторлары
Еңбек рыногының негізгі индикаторлары
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2014 жыл 2012 жылға,%
|
Экономикалық тұрғыда белсенді халық, мың адам
|
105,4
|
106,4
|
109,2
|
103,6
|
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам, оның ішінде:
|
100,3
|
101,2
|
103,8
|
103,5
|
жалдамалы қызметкерлер, мың адам
|
94,3
|
95,0
|
97,5
|
103,4
|
өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам
|
6,0
|
6,2
|
6,3
|
105,0
|
Жұмыссыз халық, мың адам
|
5,1
|
5,2
|
5,4
|
105,9
|
Жұмыссыздық деңгейі, %
|
4,8
|
4,9
|
4,9
|
х
|
Қаланың өз бетінше жұмыспен қамтылғандары көбіне сауда-саттық аясында қызмет етеді.
Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі өнеркәсіпте – 32,9%, дәлірек айтқанда кен өндіру өнеркәсібінің кіші секторында - 23,9% және өңдеу өнеркәсібінде – 6,1% шоғырланған. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында құрылыста – 7,6%-ы, көлік және қоймалауда – 10%-ы, әлеуметтік салаларда: мәселен, бюджеттік сияқты (мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, өнер) – 27,5%-ы жұмыспен қамтылған.
2012-2014 жылдардағы жұмыспен қамту органдарына тұрақты немесе уақытша жұмысқа өтініш білдірген 5948 тұлғалардың ішінен 4119 адамы жұмыспен қамтылды немесе 69,3% (2012 жылы – 7,0%, 2013 жылы – 6,0%).
Инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды жүзеге асыру барысында «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012-2015 жылдық кезеңде жалпы сомада 85,4 млн. теңге тұратын 5 инвестициялық жоба іске асырылды және 48 жұмыс орны құрылды. (2 кесте).
2 кесте. 2012-2014 жылдардағы «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асуы
Көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2014 жыл 2012 жылға,%
|
Құрылған жұмыс орны
|
7416
|
7832
|
8282
|
111,7
|
жұмыспен қамтуға өтініш білдірген тұлғалар саны, адам
|
1891
|
2105
|
2042
|
107,9
|
оның ішінде: ерлер
|
819
|
877
|
892
|
108,9
|
әйелдер
|
1072
|
1228
|
1150
|
107,3
|
жұмыспен қамтуға өтініш білдірген тұлғалардың жұмыстанғандары
|
415
|
355
|
403
|
97,1
|
Әлеуметтік жұмыс орындарына жөнелтілгендер
|
13
|
0
|
15
|
115,3
|
Жастар практикасына жөнелтілгендер
|
215
|
139
|
97
|
45,1
|
Ақылы қоғамдық жұмыстарға жөнелтілгендер
|
527
|
655
|
447
|
84,8
|
Оқытуға жөнелтілгендер
|
133
|
74
|
45
|
33,8
|
Тіркелген жұмыссыздар деңгейі, %
|
0,4
|
0,4
|
0,5
|
х
|
2012-2014 жылдары Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 іске асыру шеңберінде 1173 адам жұмыспен қамтылды немесе өтініш білдірген азаматтардың жалпы санынан 19,4%-ы (2012 жылы – 5,6%. 2013 жылы – 16,9%, 2014 жылы – 19,7%).
Жұмыспен қамтудың төменгі көрсеткіштеріне себеп, жұмыссыздардың орналасатын жұмысының төмен жалақысы мен лауазымының біліктілігі бойынша, білім деңгейі мен қызмет өтіліне жоғарғы талап. Сондықтан, жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыс түрінде уақытша қамту ұсынылады (3 кесте).
3 кесте. 2012-2014 жылдрдағы «Жұмыспен қамту – 2020» екінші бағытының іске асырылуы
Іс-шара атаулары
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2014 жыл 2012 жылға, %
|
Кәсіпкерліктің негізі оқуынан өткендер
|
10
|
10
|
5
|
50,0
|
Микрокредит алғандар
|
5
|
3
|
2
|
40,0
|
Кредит сомасы, млн.теңге
|
14,8
|
7,2
|
6,0
|
40,5
|
Құрылған жұмыс орны
|
7
|
8
|
8
|
114,3
|
2014 жылы жұмыспен қамту органдарына лайықты жұмыс іздеп, 2042 жұмыссыз жүгінді, бұл 2012 жылға қарағанда 7,9%-ға көп (2013 жылы – 3,1%-ға төмен).
Қала бойынша 2014 жылы жұмыссыз азаматтардың қимасы келесі көрсеткіштермен сипатталады (4 кесте).
4 кесте. Қала бойынша жұмыссыз азаматтар қимасы
Жасы бойынша:
|
Жынысы бойынша:
|
16-19 жас - 4,2% (43 адам);
20-29 жас – 37,5% (383 адам);
30-44 жас – 38,% (391 адам);
45 жас және жоғары – 19,9% (203 адам).
|
Ерлер– 48,2% (492 адам);
Әйелдер – 52,8% (528 адам).
|
Білімділік деңгейі бойынша:
|
Кәсіби-біліктілік құрамы бойынша:
|
жоғарғы – 26,8% (274 адам);
орташа кәсіби – 26% (265 адам)
орта білім – 46,8% (477 адам)
|
Жұмыстық мамандығы бар жұмыссыздар үлесі – 48,2%;
Лауазымдық қызметшілер – 38,7%
Бұрын жұмыс жасамағандар - 21,1%
|
Кету себебі:
|
|
Ұйымның таратылуы не штат немесе адам санының қысқаруы – 2,2% (54 адам);
Өз еркімен – 37,4% (926 адам)
|
|
Тіркелген жұмыссыздар саны 2013 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артты және 585 адамды құрады (2012 жылы – 61,6%, 2013 жылы – 5,3%). Тіркелген жұмыссыздар санының өсуі жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатын жұмыссыз азаматтардың тіркелуіне байланысты.
Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдауда 2 кәсіпкер мал шаруашылығын дамыту үшін 3 млн. теңгеден кредиттік қаржы алды.
Бұрынғысынша, 2014 жылы 426 адамды құраған жастар жұмыссыздығының (15-тен 28 жас аралығы) жоғарғы деңгейі қалып отыр немесе барлық жұмыссыздардың 7,8%-ы. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында оқыту және қаланың жастарын жұмыспен қамту бойынша іш-шаралар өткізіліп тұрады.
4 кесте. Жұмыспен қамту – 2020 шеңберінде «Жастар практикасы» арқылы жұмыстанғандар
Кезең
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2014 жыл 2012 жылға,%
|
Жастар практикасына жөнелтілген жастар саны
|
76
|
44
|
63
|
82,9
|
Оқытудан кейін жұмыстанғандар, адам
|
26
|
19
|
42
|
161,5
|
Бюджеттік қаражаттың бөлінуі, млн. теңге
|
6,8
|
5,2
|
7,1
|
104,4
|
Жастар жұмыссыздығының деңгейі,%
|
5,3
|
7,5
|
5,3
|
х
|
2014 жылы жұмысшылардағы үлкен талап, экономикалық қызметтің келесідей түрлері бойынша ұйымдар мен кәсіпорындар мәлімденді: мектеп жасына дейінгі мекемелер – 23%, көтерме және бөлшек сауда - 16%, өңдеу өнеркісібі - 13%, әлеуметтік өріс - 16%, банк қызметтері – 13%, құрылыс - 10 %, денсаулық сақтау - 4%, қонақ үй қызметтері – 3%, көлік пен байланыс - 2%.
2014 жылы жұмысшылардан 326 бос орын барлығы жөнінде мәлімет түсті, оның ішінде бос орындар: жұмыстық біліктілікті мамандықтары бойынша – 30%, қызмет лауазымы бойынша – 39%, жұмыстық біліктілікті емес мамандықтары бойынша – 31%.
Нәтижесінде, жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 2014 жылы бір бос орынға есептегенде 9 адамнан келеді.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату бойынша кезекті жұмыспен 2014 жылы Ақтау қаласынан 10 отбасы (35 адам) Форт-Шевченко (Түпқараған ауданы) қаласына көшіп барды. 2015 жылы – 3 отбасы, оның ішінде 2 отбасы Түпқараған ауданына, 1 отбасы Риддер қаласына.
Жыл сайын, өзара ынтымақтастық туралы қала әкімшілігі мен қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін құрметтеу жұмысшыларымен Меморандумдар жасақталады, сондай-ақ «ЭКО Маңғыстау» ҮЕМ, «Ремиф» жергілікті агенттігі және «Ақтау жұмыс» ерікті әлеуметтік сайты мен облыстағы халықты әлеуметтік қолдау арасында ынтымақтастық туралы Меморандумдар.
Достарыңызбен бөлісу: |