БАҒдарламасы ақтау, 2016 жыл мазмұны 1 Бағыт. Экономика 11


Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану бойынша негізгі проблемалар



бет8/16
Дата03.07.2016
өлшемі8.42 Mb.
#175593
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16



Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану бойынша негізгі проблемалар:

- кадр мамандардың жетіспеушілігі кәсіпорындарды тексерулермен толық қамтуды төмендетеді, сондай-ақ үлкен жүктеме мен жұмыс көлемі тексерулер сапасына теріс әсер етеді;

- тексерулер санының төмендеуіне және жұмыс берушілердің еңбек қаіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қаматамасыз етуге арналған шығыстарды қысқартуына негізделген өндірістік жарақаттанудың өсуі.
2.1.2.4. Мәдениет

Қаланың өмір сүру сапасын құрайтын маңыздылардың бірі қолжетімді мәдени орта болып табылады. Қала әкімдігімен басқарылатын Орталық қалалық кітапхана жұмыс жасайды, бұл кітапханалардың 1 филиалы қала шағын аудандарындары мен Өмірзақ селосында және Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде (МДК орналасқан. Сондай-ақ, қала аумағында мәдени әлеует пен халықтың эстетикалық сұранымдарын және рухани қанағаттандыруын көтерумен айналысатын драма театр, қүыршақтар театры, облыстық филармония, креведтік мұражай, тарихи мәдени кешен, ғылыми-әдістемелік және мәдени-демалыс қызметінің орталығы, облыстық әмбебеп кітапханасы жұмыс жасайды. Бұлар, облыстық Мәдениет басқармасының ведомствоасты мекемелі болып табылады.

2012-2014 жылдардағы кезеңде қалада 2698 концерттік және басқа іс-шаралар өткізілді.

1 кесте. 2012-2014 жылдарда қала бойынша концерттік және басқа іс-шаралар саны



Объектілер

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Іс-шаралар саны

Барғандар (адам)

Іс-шаралар саны

Барғандар (адам)

Іс-шаралар саны

Барғандар (адам)

Абай атындағы МДК

142

140640

356

229019

190

155479

Н. Жантөрин атындағы облыстық драма театры

217

25904

207

24243

215

29554

М. Өскенбаев атындағы облыстық филармония

227

41050

232

45000

234

46700

Облыстық қуыршақ театрлары

221

25300

223

25405

225

26400

2014 жылы өткізілген іс-шаралар санының төмендеуіне Абай атындағы МДК ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу әсер етті (2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың желтоқсаны бойынша).

Абай атындағы МДК-і қаланың бірден-бір негізгі мекемесі болып табылады. Кәсіпорында «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» құрмет атағаның 3 иегері және «Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы үздігі» құрмет атағының 2 иегері жұмыс жасайды.

Абай атындағы МДК-а 38 шығармашылық ұжымдар бар, оның ішінде 6 ұжым «Ұлттық ұжым» атағына ие, 5 – «Үлгілі ұжым» атағын. 2015 жылы ұлттық аспаптар оркестрі құрылды, 25 адамдық.

Мәдени әлеует қаланың имиджін жоғарылату маңызды инструменті сияқты қолданылады. Халықаралық фестивальдарға табысты түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болатын шығармашылық ұжымдыр. 2013 жылы ұжымдар Халықаралық фестивальге г.Сан-Ремо (Италия) әндері мен музыкаларының орындалуын қабылдады, 2014 жылы – «Алтын микрофон» ХІІ Халықаралық вокалдық конкурсы (Қостанай қаласы), Алания қаласында IV Халықаралық фестиваль-конкурсы (Түркия) және ХІ Халықаралық «Езерски бисери» (Македония) фестивалі.

2014 жылы тарихи және мәдени мұраны сақтау және дамыту арқылы халықтың мәдени деңгейін дамыту мақсатында қала әкімшілігімен «Әлемдік жаһандану жағдайында мәдени мұраларды жаңғырту» тақырыбында Еуразия Әлемдік мұралары қалаларының 7-ші Халықаралық конференциясы өткізілді. Конференция ЮНЕСКО қамқорлығымен өтті. Конференция жұмысына халықаралық ұйымдарының өкілдері, мәдени, тарихи және архитекторлық мұраларды сақтайтын қорлар, қалалардың одақтары мен бірлестіктері, академиялық және ғылыми-зерттеу мекемелері, білім беру мекемелері, мұражай және басқа мәдени мекемелерден он мемлекеттің 41 қалаларынан 275-тен астам адам қатысты,

2014 жылы мұражайға келушілер 2012 жылмен салыстырғанда16,9%-ға көбейді (2013 жылмен салыстырғанда – на 4,4%), облыстық әмбебап кітапханасына 40,2%-ға ( 2013 жылмен салыстырғанда – на 20%). 2014 жылдың мамырынан бастап Орталық қала кітапханасы ғимаратының жабылуына байланысты келушілер 2013 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға төмендеді.
2 кесте. 2012-2014 жылдардағы қаладағы мұражай мен кітапханаларға келушілер саны


атаулары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

келушілер, адам

келушілер, адам

келушілер, адам

Облыстық өлкетану мұражайы

35535

39781

41546

Облыстық әмбебап кітапханасы

2947

3444


4134

Қалалық орталық кітапхана

2183

12610

10961

Ұлтаралық келісімді, мәдениетті сақтау мен дамыту, қалада өміп сүретін халықтың дәстүрі мен тілін нығайту мақсатында әкімшілік, этно-мәдени бірлестіктерімен бірге «Бір шаңырақ астында» атты әлеуметтік жобасын жасақтады. Әлеуметтік бағдарламаның аясында келесі іс-шаралар сияқты ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған: халықтар достығы фестивальі, Махтумкули Пырағының туылғанына 290 жылдығына орай ғылыми конференция, Тарас Шевченконың 200 жылдығына іс-шара, түркі фольклорлық пен славяндық музыка және басқа фестивальдері.

Халықаралық - «Бір шаңырақ астында» жобасын іске асыру барысында қала деңгейінен дамыды. Бұған дәлел, екі ел қалаларының бірлесе өткізген іс-шаралары. Мұндай іс-шаралар қатарында осетин этномәдени бірлестіктерімен ұйымдастырылған Ақтау қаласындағы Осетин мәдениет күнін атауға болады. Іс шараға қатысу үшін Алания Солтүстік Осетия Республикасы Халықаралық байланысы жөнінде министрінің бірінші орынбасары жеткшілік ететін – Хадиков Сослан Бесланович ресми делегациясы келді. Аталған іс-шараның аясында Солтүстік Осетияның еңбек сіңірген әртісі Ю.А.Алборова жетекшілік ететін «Горец» би ансамблі үлкен концерт берді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Ақтау қаласының Дағыстан мәдениеті күні аясында, Дағыстан Республикасы Баспасөз және ақпарат министрінің орынбасары Миясат Муслимова қатысқан Дағыстандық ЭКО мерекелік концерті өтті. Іс-шаралар аясында Дағыстан халқының шығармашылығы және ас үй көрмелері ұйымдастырылды. Бұдан басқа, дәстүрлі болып қалыптасып қалған Ақтаулық және Дағыстандық спортшылары арасында еркін күрестен турнир өтті.

Ақтау қаласының басшылығы мен ресми делегациясы өкілдері арасында «Туысқандық келісімге» немесе «Экономикалық және мәдени-іс ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылды.
Мәдениет бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- мәдениет саласындағы қызметтерге қажеттіліктің өсуі;

- облыстың тарихи-мәдениетті сақтау және дамыту халықтың мәдени даму деңгейін көтеру



- жоғарғы шағын аудандар тұрғындарын кітапханамен, концерттік залдармен және басқа да мәдени мекемелермен аз қамтылуы;

- жұмысшылардың төмен еңбекақы есебінен кітапханаларда кадр тапшылығы және осы бағытта Түлектер қызметінің төменгі қызығушылығының сақталуы;

- мәдениет объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттілігі


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- тарихи-мәдени аумақтарды дамытуды есепке ала отырып, тұрғындарға қызмет көрсетудің қазіргі заманғы нысандарын енгізу;

- мәдениет объектілерінің желісін дамыту (жаңаларын салу, жұмыс істеп тұрғандарын жөндеу) жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын тарту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдану.



- тарихи-мәдени мұра объектiлерiне табиғи-климаттық жағдайдың терiс әсер етуi;

- білікті кадрлардың мәдениет саласынан кетуі.




Мәдениет саласындағы негізгі проблемалар:


  • концерт және алаңдардың жеткіліксіздігі;

  • қала алаңы бойынша мәдени мекемелерінің тең емес бөлінуі;

  • қаланың солтүстік-батыс бағытына кеңеюіне байланысты жаңа жоғарғы шағын аудандарға мәдени мекемелер құрылысының кажеттілігі;

  • мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі.


2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт

Қаладағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 2014 жылы 54,5 мың адамды немесе қала халқының жалпы санының 29,4%-ын құрады (2012 жыл – 27,6%, 2013 жыл – 29,3%).

1 сурет. 2012-2014 жылдардағы дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар саны, мың адам
Қалада шұғылданатындардың мейлінше көп үлесі, бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың жалпы санынан (32,1 мың адам) 7 ден 18 жасқа дейінгі балдар – 58,9%. 2014 жылы 202 қалалық спорт іс-шаралары өткізілді, бұл 2012 жылға қарағанда 23,9%-дан көп (117 іс-шара). Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 17,5 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі таңда, қалада балдар мен оқушылардың әр-түрлі спорттармен шұғылданатын 7 жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды,



1 кесте. 2012-2014 жылдардағы жасөспірімдер спорт мектептерінің даму көрсеткіштері



Атауы



2012 жыл



2013 жыл



2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға,%

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (бұдан әрі - БЖСМ), бірлік.

7

7

7

100

БЖСМ шұғылданатындар, адам

4283

4357

4480

104,6

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардағы жастар мен балалардың саны, адам

30486

31295

32100

105,3


Жалпы шұғылданушылардан, дене шынықтыру және спортпен айналысатын 7-ден 8 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қамтылуы, %

60,4


57,9


58,9


х


Қалада жыл сайын спорт нысандар саны өсуде, мәселен, 2015 жылдың 1 қаңтарына спорт объектілерінің жалпы саны 199 бірлікті құрады немесе 2012 жылдық деңгейден 17,1%-ға жоғары.


2 кесте. 2012-2014 жылдардағы қала бойынша спорттық нысандар



Атаулары



2012 жыл



2013 жыл



2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға,%

Қала бойынша барлығы

170

198

199

117,1

Спортттық кешендер

8

9

9

112,5

Стадиондар

2

2

2

100

Теннис корты

7

11

11

157,1

Жүзу бассейндері

4

6

6

150,0

Атыс тирі

2

2

2

100

Ату алаңы

1

1

1

100

Яхта-клубы

1

1

1

100

Спорттық залдар

90

97

98

108,9

Спорттық алаңдардың ашылуы

54

68

68

125,9

Хоккейлік корт

1

1

1

100

Атап кететін жәйт, Ақтау қаласында республикада бірінші рет мүгедек спортшылар айналысатын мүгедек спортшылар клубы ашылды. 20 жылдан астам олар әр-түрлі спорттық топтарда шұғылданып, Чемпионаттар мен халықаралық турнирлерде жүлделі орындарды алып келеді. Сондай-ақ, отырып ойнайтын, жағажай, отырып ойнайтын жағажай волейболдары бойынша көбасшысы болып табылады

Сонымен бірге, қалада дене шынықтыру мен спорт салаларының дамуын тежейтін мәселелер бар. Бұл, облыстық орталықта және ауылдық елді мекенде спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі болып саналады, сондай-ақ білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Тұрғындарды спортпен шұғылдануға және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғарғы білікті спортшыларды дайындау үшін жағдай жасауға тарту мақсатында, қаланың жалпы білім беретін мектептері аумағында 474,6 млн. теңгеге 4 спорт зал құрылысы жобасы жасақталды. Бұл, кешкі уақыттағы ересек тұрғындардың күндізгі уақыттағы спортқа тартуға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бұл спорттық залдарда спортпен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар айналысады. Өткізу қабілеті күніне 200-250 адам.

Қазіргі уақытта, мұндай залдар қалалық мәслихат депутаты Т. Найзабековтің жетекшілігімен 2 шағын ауданда жұмыс жасайды.

Жаңа объектілердің ашылуы арқылы спортпен шұғылданатын адамдар саны 2,5 мың адамға өсті және спортпен шұғылданатын халықты қамту 2015 жылы 30,7%-дан 2016 жылы 32,1%-ға өсті.


Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы;

- жұмыс істеп тұрған спорт объектілерінде спорт топтары мен секциялардың саны артуда;




  • объектілердегі материалды-техникалық жарақтанудың жетіспеушілігі;

  • жаттықтырушы жұыстарының төменгі еңбекақысы;

спорт залдары мен спорт кешендері, жүзу бассейндері және спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу;

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;

  • балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту

  • бұқаралық спортты дамыту, спорттық резервті және халықаралық класстағы спортшыларды дамыту жұмыстарын жандандыру

  • қолайсыз экономикалық жағдайға байланысты қаржыландырудың қысқаруы;

  • бюджеттік ұйым қызметшілерінің төменгі еңбекақысы себепті, спорттық салада персоналдың кетуі;

  • балдар, оқушылар және жастар арасында қылмыстың өсуі



Дене шынықтыру мен спорт саласындағы негізгі проблемалар:

- облыс орталғында және Өмірзақ селосында спорт инфрақұрылымының жеткіліксізлігі;

- еңбек ұжымдарында дене шынықтыру және спортпен 19-дан 29 жастағы ересек тұрғындар мен жастардың жеткіліксіз қамтылуы ;

- оқу-жаттығу үдірісі көрсеткіштерін төмендететін заманауи спорттық базалардың жоқтығы;

- спорт мектептерінде білікті персоналдың жетіспеушілігі;

- балалардың аулалық клубтары желісінің, оның ішінде дене шынықтыру бойынша жеткілікті дамымауы.


2.1.2.6. Туризм

Өңір айтарлықтай туристік әлеуетке ие: бірегей мәдениет (тарихи туризм), әдемі тұмса табиғаттың бар болуы (экологиялық туризм), Каспий теңізіндегі жағажайлық және круиздық туризм, спорттық туризм, экстремалдық туризм.

Мейлінше дамыған туристік дестинациялар – бұл, өңірі бойынша сиымдылығы 47% 55 орыннан 26-сы жұмыс жасайтын Ақтау қаласы.

Бұл орналасатын орындарда 1950 бөлме бар, бұл уақытта бір жолғы сиымдылық 2900 төсек орнын құрайды.

Сондай-ақ айта кететін жәйт, өңірде туристік сала әлсіз дамыған, негізгі себептер – инфрақұрылымның, туристік бағыттар маркетингі мен менеджментінің, өңірдегі қатысушы тұлғалар үдерісінің арасында серіктестіктің дамымауы болып саналады.

Туристік өнімдерді жылжыту үшін Туризм басқармасы веб-сайты ашылды, Каспий аймағында туризмді дамыту мәселесі бойынша халықаралық форумдар, халықаралық операторлары мен БАҚ өкілеттеріне ақпараттық тур өткізіледі

ҮЕҰ-мен бірлесе, аз қамтылған отбасылар мен балдарға және оқушыларға өңір бойынша экскурсия ұйымдары жүзеге асырылады.

Ақтау қаласындағы 2009 жылы ашылған Маңғыстау туризмдік колледжі халықаралық деңгейде туристік және мейрамханалық бизнеске кадрларды дайындауды жүзеге асыратын республикадағы жалғыз оқу орны болып табылады. Сондай-ақ, кадрларды дайындауға шетелдік сарапшыларды тартады.



Туризм бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- Кендірлі курортын дамытудың ұлттық деңгейде қолдануы;

- орналастыру орындары дамуының оң динмикасы;

- Маңғыстау туризм колледжімен ынтымақтастық;

- туризм басқармасының веб-сайты арқылы туристік өнімдерді жылжыту.



- дестинациялардың әлсіз менеджменті;

- жаңадан салынып жатқан бұрыннан бар туристік объектілер мен маршруттарға апаратын сыртқы инфрақұрылымның жоқтығы;

- сараланбаған туристік қызметтер;

- туристік қызметтердің төмен сапасы;

- туризм субъектелірінің әлсіз үйлестірілуі;

- жоғары баға саясаты.



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- облыстың бірегей табиғат жағдайлары (Каспий теңізі, Үстірт шоқысы) және мәдени-тарихи көрнекі жерлер;

- ҚР туристік кластерін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына кірген Батыс Қазақстан туристік кластерінің орталығы ретінде даму;

- шетелдік инвесторларды тарту;

- балалар мен жасөпірімдер туризмін дамыту және ҚР-дағы қызметтер саласын дамыту бағдарламасының аясында гидтерді оқыту;

- ЭКСПО-2017 іс-шараларына қатысу.


- инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;

- өнеркәсіптік қалдықтардың себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы;

- бюджеттік шығыстардың қысқаруы;

әлемдік макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан ішкі және келу туризмі көлемінің қысқаруы.




Туризмді дамытудың негізгі проблемалары:

- негізгі туристік өнімдерге арналған бағалардың жоғары деңгейі;

- негізгі туристік объектілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділіктің төменгі деңгейі;

- туристік қызметтердің төмен сапасы;

- туристік орналастыру объектілерінің бір бөлігінің тозуы;

- туристік инфрақұрылым – паркингтермен, биоәжетханалармен жеткілікті жарақталмауы;

- салада жұмыспен қамтылған мамандардың кәсіптік даярлау деңгейінің жеткіліксіз деңгейі;

- жергілікті кәсіпкерлердің туристік өнімдерді дамыту және әртараптандыру бойынша бастамалары жеткілікті дамымаған;

- туризмді дамытуды талқылау және жоспарлау үшін әріптестік тәсіл әлсіз дамыған.
2.1.2.7. Үш тілді дамыту.

Қалада тілді дамыту әрекеті, қалада өмір сүретін барлық этностардың тілін сақтаудағы ұлттық бірлікті нығайту маңызды факторы сияқты мемлекеттік тілді қалыптастырумен қамтамасыз ету бағытына бағдарланды. Нәтижесінде, 2012-2014 жылдары қаланың мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындарының үлесі 2012 жылы 75%-дан 2014 жылы 92%-ға дейін артты.

Аталған жұмыс мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру, мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, мемлекеттік тілді қолдану, тіл жан-жақтылығын сақтау және ағылшын және басқа да шет тілдерді меңгеруге ынталандыру бағытында жүргізілді.

Сонымен қатар, қаланың ерекшелігі - тұрғындардың бірігіп, нығаюы үшін тілдік саясаты маңызды рөл атқаратын оралмандардың ағымы болып табылады.

Қазақ тілін үйрену заманауи оқыту құралдарымен және оқу-әдістемелік кітаптармен жабдықталған тілдерді оқыту орталықтарында жүргізіледі.

2014 жылы Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы мемлекеттік қызметкерлерді «КАЗТЕСТ» оқу бағдарламасы бойынша білімдерін бағалады. Оның нәтижесі бойынша, тесттен өткендердің 60 пайызы «орташа» және «орташадан жоғары» деген баға алды (1 кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет