БАҒдарламасы ақтау, 2016 жыл мазмұны 1 Бағыт. Экономика 11



бет2/16
Дата03.07.2016
өлшемі8.42 Mb.
#175593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.1.1. Бағыт. Экономика


2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2012 жылғы 115,3 млрд. теңгеден 2014 жылы 154,5 млрд. теңгеге дейін немесе нақтылы есептегенде  34%-ға өсті.

Нақты ауқымдық индексі (бұдан әрі – НАИ) 130,6%-ды құрады (2012 жылы – 91,5%, 2013 жылы- 119,4%). Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде қарастырылады:


  • тау-кен өнеркәсібі – 12,8 млрд. теңге (НАИ – 83,3%);

  • өңдеу өнеркәсібі – 72,1 млрд.теңге (НАИ – 124,5%);

  • электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 60,7 млрд. тенге (НАИ – 119,3%);

  • сумен жабдықтауда – 8,9 млрд. тенге (НАИ – 105,5%).


83,3%

124,5%

119,3%

105,5%

тау-кен

өңдеу

электрмен қамту

сумен қамту

Өнеркәсіптік салалар бойынша НАИ,% %%ҒНАИраслям промышленности, %


Сурет 1. 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы (млрд. теңге)
Қаланың өнеркәсіптік өндірісінің көлемі Маңғыстау облысы бойынша жалпы көлемінен салыстырмалы үлесі 2014 жылы 6,5%-ды құрады, бұл өңірдің аудандар арасынан 4 орын, (2012 жыл – 5,2% 5 орын, 2013 жылы – 6,0% 5 орын).

Ауыл шаруашылығының үлесі 2012 жылғы 7,6%-дан 2014 жылы 3,6%-ға дейін төмендеді, тиісінше көлік пен қоймалаудың үлесі 33,0%-дан 34,4%-ға, өзге де қызметтердің үлесі 27,6%-дан 30,4%-ға дейін артты. Сонымен қатар, көтерме және бөлшек сауданың үлесі 82,6%-дан 85,9%-ға дейін құрылыстың үлесі 22,7%-дан 22,8%-ға дейін артты.





Сурет 2. 2014 жылға Ақтау қаласы бойынша өнеркәсіп өнімі көлемінің құрылымы
Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2014 жылы 834,7 мың теңгені құрады (облыс бойынша орта есеппен – 3815,9 мың теңге). 2012 жылмен салыстырғанда (629,2 мың теңге) көрсеткіш 32,7%-ға өскен.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге салалары бойынша көрсетілген – мәрмәр, әк тас, түйіршіктелген, қиыршық тастар табиғи құм және осы аядағы техникалық қызметтер сияқты кен өндіру өнеркәсібі 12,8%-ға шақ.

Өңдеу өнеркәсібі болып тамақ өндірісі, тоқыма бұйымдары, фармацевтикалық өндірістер, жеңіл, химиялық өнеркәсіптері, машина жасау және өзге де салалық өндірістер болып айқындалды.

Ақтау қаласы республикалық бюджеттің және жалпы мемлекеттік салықтардың бюджеттік аударылуы көлемінің бірден-бір негізі болып табылады. Осылайша, 2014 жылы мемлекеттік бюджетке салық пен өзге де төлемдерден түскен қаражат (контингент) жалпы сомада 90,0 млрд. теңге (2012 жылдық деңгейден 48,5%-ға жоғары), оның ішінде республикалық бюджетке – 35,6 млрд. теңге (62,6%-ға) және жергілікті бюджетке – 54,4 млрд. теңге (40,6%-ға).



Мемлекеттік бюджетке түсім, млрд. теңге

Жергілікті бюджетке түсім, млрд. теңге



Сурет 3. 2012-2014 жылдарға қала бойынша салық пен жинақтардан түсімнің динамикасы
Қалалық бюджетке түскен салық пен салықтық емес түсімдердің көлемі 2012 жылы 38,4 млрд. теңгеден 2014 жылы 50,3 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 31,0%-ға.

Қала бюджетін құрайтын негізгі салықтар - бұрынғысынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық, орта есеппен барлық салықтар мен жинақтардың түсімінен 88,0%-н құрайды. 2014 жылы осы салықтар түрінен 44,8 млрд. теңге түсті немесе 2012 жылдық деңгейден 29,8%-ға көп (2013 жылы – 21,1%-ға). Сонымен қатар, 2012 жылы аталған түсімдерден облыстық бюджетке – 25,8 млрд. теңге, 2013 жылы – 37,4 млрд. теңге, және 2014 жылы – 34,1 млрд. теңге аударылды.


Өңіраралық макроэкономика бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- қала аумағындағы «Ақтау Теңіз порты» АЭА қызметін жалғастыру үшін қолайлы бизнес-орталығы мен инвестициялық ахуалын құру;

- өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салалары қарқынды түрде даму үрдісі, мұнайгаз секторларына бағдарлы – машина жасау, металлургия, құрылыстық сала. ;

- Ақтау Теңіз порты болғандықтан «Солтүстік-Оңтүстік» пен ТРАСЕКА халықаралық көліктік коридорлардың облыс аумағы арқылы өтуі үшін жоғарғы транзиттік потенциал.;

- айтарлықтау туристік-рекреациялық потенциял;

- оралмандар мен Қазақстанның басқа да өңірлерінен келген тұрғындар есебінен халықтың көші-қондық жолмен қарқынды өсуі.


- өңірдің экономикасын моно мамандандыру (кен өндіру өнеркәсібінің басымдылығы);

- табиғи тұщы су көзінің жоқтығы, ауыл шаруашылығын дамуына табиғи-климаттың шекеулігі және облыстық қауіпсіз азық-түлікпен қамту ;

- қала халқы санының аздығы (республиканың басқа да облыстық орталықтары арасында 12 орын);

- облыстық біліктілік еңбек ресурстарының аздығы, біліктілігі жоғарғы емес мигранттардың айтарлықтай келуі;

- облыстағы ішкі тұтыну рыногының шектеулі көлемі және логистиканың жеткілікті дамымауы;

- мұнай-газ секторы мен экономиканың қалған секторлары арасындағы жалақының саралануы



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- мұнайгаз, құрылыс индустриясы, туристік салаларында кластер дамуының мүмкіндігі;

- өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік пен логистика дамуының есебінен өнеркәсіп өндірісі салаларының оңтайлануы;

- ауыл шаруашылығының дамуында инновациялық тәсілдемелерді нығайту – тамшылатып суару, жылыжайда өсімдік өсіру, өңірдің аумағындағы жем-шөп өндірісі.;

- «Ақтау Теңіз порты» АЭА аумағындағы эксопорттауға жоғарғы технологиялар өндірісін орналастыру, олар үшін қажетті инженерлік және көліктік инфрақұрылым құру ;

- шағын және орта бизнесті дамытуға инженерлік инфрақұрылымды құрумен бірге өндірістік аймақ қалыптастыру


- облыстағы мұнай-газ ресурстарының түгесілу қаупі;

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық учаскелерінің баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы;

- Солтүстік Каспий жобасының 2-ші кезеңін іске асыруды ауыстыру салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;

- азық-түлік тауарларының және оларды өндіруге арналған шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты облыстағы азық-түлік қауіпсіздігінің қатері.



Өңірлік макроэкономиканың негізгі проблемалары:

- өңір экономикасының моношикізаттық бағыты;

- ішкі нарықтың тарлығы;

- өңірдің республиканың негізгі экономомикалық орталықтарынан шалғайлығына байланысты жоғары көліктік шығындар;

- ауыз су тапшылығы;

- меншікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты импортталатын азық-түлік өніміне арналған жоғары бағалар;

- халық табысының жоғары саралануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет