Билингвалды компонент: тышқан – мышь, сауысқан – сорока, шалқан – репка. Педагог саусақ бұлшық еттерін дамыту жаттығуын жасатады.
Бір саусағым тіпті де Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 8 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, оқу қызметі ұнаса, алдарыңдағы күліп тұрған смайликты көтеріңдер, ал егер ұнамаса, ренжіп тұрған смайликті көтеріңдер.
№ 9 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Ғ» дыбысы .
Мақсаты: «Ғ» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Ғ дыбысының сөздегі орнын табуды үйрету. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Тапқырлыққа, ойының ұшқыр болуына тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: жұмбақ шешеді, сөз ойлап айтады, жаңылтпашты жаттап алады, сөздерді буынға бөледі;
Түсінеді: буынға бөлуді, оны сызба түрінде көрсетуді.
Қолданады: «Ғ» дыбысы бар сөз ойлап, құрауды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, сызғыштың суреті. Билингвалды компонент: сызғыш – линейка.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балалардың назарын өзіне аударады да, жұмбақ жасырады.
Жұмбақ:
Ғарышкерде сөз басында, Аға сөзінің ортасында. Ойшыл болса қай бала – Тез табады ойлана.
Кәне, шешіп көрейік,
Қызық жұмбақ айнала.
– Дұрыс таптыңдар, балалар, бұл – «Ғ» дыбысы.
2. Негізгі бөлім
«Ғ» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дауыс шымылдығының дірілінен «Ғ» дыбысы естіледі.
Балалар, «Ғ» дыбысын айтып көрейік.
«Ғ» дыбысы – дауыссыз дыбыс, ол әндетіп, созып айтуға келмейді.
Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейтін едік?
«Ғ» дыбысы бар сөздерді кім тез тауып айтады?
Кәне, кім «аға» сөзін буынға бөліп береді
Енді «Ғ» дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.
Жаңылтпаш:
Ағабай ағасын, Ағатай ағасын!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.
Педагог сызғыштың суретін көрсетіп, осы сөзді буынға бөлдіреді. Ғ дыбысының орнын тапқызады.
Ғ дыбысы сөздің ортасында тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |