Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет20/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: суретке қарап сөйлем құрауды, сөздерге дыбыстық талдау жасайды; Түсінеді: дыбысты еститінін, қырманда астықтар болатынын; Қолданады: қима суреттермен ойын ойнайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптері, астық түрлерінің суреттері, түрлі дәнді дақылдар, жануарлар мен дақылдардың қима суреті.
Сөздік жұмыс: қырман. Билингвалды компонент: күріш – рис.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Кәне, балалар, бүгін бәріміз бірге қырманға көмекке барамыз. Сендер ол жерден көптеген дәнді дақылдар түрлерін көресіңдер. Қырманда астық тау болып үйіліп жатады.

Ол біздің диқан ағаларымыздың ерен еңбектері екенін білуіміз керек.
2. Негізгі кезең:

  • Міне, қырман. Қырман – астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.

  • Балалар, сендер не көріп тұрсыңдар?

  • Иә, бұл – егіс алқабынан жиналып алынған дақылдар. Сендер осы дақылдардың атауларын білесіңдер ме?

  • Мынау – арпа, тары, жүгері, күріш, бидай.

  • Бұл дақылдар бізге оңай келе салмайды. Көп еңбекті қажет етеді. Егін бітік шықса, нан түрлері көп болады. Бүгін біз «арпа», «күріш», «жүгері» сөздерінде кездесіп тұрған «Р» дыбысымен танысамыз.

  • Біз дыбысты естиміз. Кәне, қолайнаға қарап, бірге «Р-р-р-р-р», – деп айтып көрейік.

Мысалы: Ит «Р-р-р-р», – деп ырылдайды.

  • Сендер не естідіңдер?

  • Міне, дауысты сендер естіп тұрсыңдар, көріп тұрған жоқсыңдар.

«Р» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін сәл ашылып, тілдің екі жағы жалпақтана жоғары көтеріліп, дем қарқынды түрде тіл ұшынан шыққанда «Р» дыбысы жасалады. «Р» – дауыссыз дыбыс.

  • Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

«Р» дыбысы бар сөздерді айтқызу.

  • Ара, гүл, балдың суреттерін іліп, осы суреттерді қатыстырып, бір сөйлем құрайық (егіс даласы, арпаның суретін іліп қояды).

  • Міне, сендер көргендеріңнің бәрін қысқаша сөйлем етіп жеткіздіңдер.

  • Сөйлем қысқа сөйлем және ұзақ сөйлем болып екіге бөлінеді. Сендер көргендеріңді сөзбен жеткізе аласыңдар. Жеткізген сөздерің құрала келіп, сөйлем болады.

Педагог балаларға ара, арпа сөздерін буынга бөлгізеді.

  • «Ара», «арпа» сөздерінде «Р» дыбысы қай жерде кездесіп тұр?

  • Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

  • «Ара» сөзінде неше дыбыс бар?

  • Неше буыннан тұрады?

  • Дыбыстардың дауыссыз не дауысты дыбыс екенін ажыратайық.

  • «Арпа» сөзінде неше дыбыс бар?

  • Неше буыннан тұрады?

  • Дыбыстарға талдау жасайық.

Билингвалды компоненттерді қайталатады. Сергіту сәті:
«Азия» тобының орындауындағы «Қырманға кел, қалқатай» әнінің әуенімен жасатуға болады.

Ботақаным,
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасаң көзің тоймайды.
(І.Жансүгіров)

  • Қай сөздерде «Р» дыбысы кездеседі?

«Дыбыстарды танып ал» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.
Ойын шарты: жануарлар мен дақылдардың қима суретін араластырып қояды. Таңдап алған суретте «Р» дыбысы бар не жоқ екенін айтып береді.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №11 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет