Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет19/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, қазір күз мезгілінің қай айы? Бүгін күн қандай? Ашық па?
2. Негізгі кезең:
Педагог жаңылтпаш айтады.
Қара қарғаларға Ала қарғалар үйір.
Ала қарғаларға
Қара қарғалар үйір.

  • Балалар, «Ғ» дыбысы қай сөздерде кездесіп тұр?

  • Сол «Ғ» дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

Педагог балаларға сұрақ қою арқылы сөз жұмбақ шештіреді. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқымысты, білгір адамды кім деп атайтынын табады.
Сұрақтар.
1.Ғарышқа ұшатын адам кім?
2.Елордамыз қай қала?

  1. Ешкінің төлін не дейміз?

  2. Ас әзірлейтін бұйымдарды не дейміз?

  3. Тышқан неден қорқады?

Билингвалды компонент: ғарышкер – космонавт
Дұрыс жауап берсе, педагог сол сөзді буынға бөлдіреді.
Дидактикалық ойын: «Досыңды тап»
Ойын шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздерін таңып, өз достарын табу керек. Олар шаштарын сипау, киімдерін ұстау арқылы таниды.
Сергіту сәті:
Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп,
Достық үйін құрамыз. Тіл ұстарту.
Атқа тақты – таға.
Болсын таза – жаға. Аман болсын – аға.
Педагог саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу жасатады.
Домбыраның құлағын, Мәнерімен бұрағын.
Достарыңды ертіп кел,
Содан келіп шертіп көр.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 10 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. – Бүгінгі "Досыңды тап"ойынында достарыңды қалай таптыңдар?
11 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі:Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Р» дыбысы.
Мақсаты: «Р» дыбысымен таныстыру
Міндеттері:Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш, төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, сөйлем құрауға үйрету, сөйлем туралы түсінік беру. Дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет