Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет15/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Н» дыбысымен таныстыру.
Мақсаты: «Н» дыбысының дауыссыз, үнді дыбыс екенін түсіндіру.
Міндеттері: Н дыбысының сөздегі орнын тапқызуға үйрету. Тапсырмаларды орындату арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу, тыйым сөздерді үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: «Н» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін;
Түсінеді: тыйым сөздердің мағынасын, жұмбақты қалай шешуді; Қолданады: сөздерді буынға бөлуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: обал, сауап. Билингвалды компонент: нан – хлеб ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балалардың назарын өзіне аударады.

  • Қолымызды иектің астына қойып сөздер айтайық, қолымыз төмен қарай неше рет түссе, сонша буынға бөлінгені. Мысалы: А-та, а-па, ә-теш, тек-ше-лер, ше-міш-ке. Балалар, сендер қолдарыңды иектің астына қойып сөздер айтып, буын санын анықтадыңдар.

2. Негізгі бөлім
Енді тақтадағы суретке қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар? (Нан).

  • Ендеше «нан» деп бірнеше рет қайталайық.

  • Бірінші қандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр?

  • Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз – «Н».

Балаларға нанның суреті бойынша әңгіме құрауға тапсырма беріледі.
Нанның пайдасы айтылып, «обал», «сауап» сөздеріне түсінік беріледі. Тыйым сөздер:
Нанды бір қолмен үзбе! Нан уағын тастама!
Жұмбақ шешу:
Өзі үлкен жануар, Үстінде бір тауы бар.
Шешуі: нар.

  • Нар сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі?

  • Н дыбысы.

«Н» – дауыссыз үнді дыбыс.
«Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: Ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің үстіне тиеді, тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Тілдің төмен түсуінен «Н» дыбысы жасалады.
Сергіту сәті:
Нан уағын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
«А-на», «нан» сөздерін салыстыра айтқызу арқылы буынға бөлгізіп, «нан» сөзінің буынға бөлінбейтінін түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет