Билингвалды компонент: нан – хлеб.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №30 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
– Педагог қорытынды жасайды. Қандай ойындар ойнағанын, алған әсерлерін көрсету балаларға ұсынады.
№ 31 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері Тақырыбы: «Ө» дыбысы.
Мақсаты. «Ө» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Балаларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажыратуға. Буынға бөлуін, ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру.
Тапсырмаларды орындау арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже.
Жасайды: «Өмір » сөзіне дыбыстық талдау; Түсінеді: «Ө» дыбысының дауысты дыбыс екенін; Қолданады: дыбыстарды текшемен белгілеуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптері, қоржын Сөздік жұмыс: арғы, өткел. Билингвалды компонент: өрмекші – паук, өзен – река.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Кәне, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізге алғыс сөз, тілек айтайық.
Негізгі кезең
Балалар, сендер мынау не екенін білесіңдер ме? (Қоржынды көрсету).
Сендер дыбысты не істейсіңдер?
Құлағымызбен естиміз.
«Ө», – деп қайталайық.
Бірнеше рет қайталайды. Ө дыбысын әуенмен әндетіп айтады: ө-ө-ө-ө-ө.
«Ө» дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін педагог айтып кетеді.
«Ө» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай:
Ерін алға созылып ауыз домалақ болып жай ғана ашылады. Дыбыс ұзақ айтылады.
Ұзақ айтылатын дыбыстарды қандай дыбыс деп айтамыз?
Дауысты дыбыс деп айтамыз.
Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
Қызыл текшемен белгілейміз.
«Ө» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.
Өрмек, өмір, өркен, өзен өжет, өрмекші.
Енді осы өздерің айтқан сөздерге сөйлем құраңдаршы.
Апам өрмек тоқыды.
Өзеннің арғы жағасына өткел арқылы өтеміз.
Өткел – өзеннен өтетін таяз жер.
Өр, өс, өркен, өмір, өн, қан, тақ өрт.
Осы сөздердің ішіндегі «Өмір » сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
Ө – қандай дыбыс?
М – қандай дыбыс?
І – қандай дыбыс?
Р – қандай дыбыс?
Достарыңызбен бөлісу: |