Билингвалды компонент: өрмекші – паук, өзен – река.
Сергіту сәті:
Бала, бала, балапан, Кәне, қайсы алақан? Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Жазда барып өзеннің
Жағасына бөгелдім.
Айтыңдаршы, балалар,
Мен ол жерден не көрдім?
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Ойын шарты: бір баланың көзін байлап, ортаға шығарып тұрғызады. Шеңбердегі баланың бірі, ортадағы баланың атын атайды, ортадағы кім екенін табу керек.
Жұмыс дәптермен жұмыс: Дәптердегі № 31 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балалар сендерге оқу қызметі ұнады ма? Түсінбеген жерлерің барма? Түсінікті болса бәрің қол шапалақтаңдаршы.
№32 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: "Ө" дыбысы.
Мақсаты. «Ө» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Балаларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажыратуға үйрету. Буынға бөлуін, ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру. Тапсырмаларды орындау арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сөз және сөйлем құрауды;
Түсінеді: "Ө" дыбысының дауысты, жіңішке екенін түсінеді; Қолданады: сөздерді буынға бөлу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қармақ, қағаз балықтар, дәптер, суреттер,жұмыс дәптері, смайликтер.
Сөздік жұмыс: қаймықпау, өңеш. Билингвалды компонент: балық – рыба.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
– Бүгінгі оқу қызметімізде өткен дыбысымыз "ө" дыбысын қайталаймыз.
2. Негізгі кезең
"Ө" дыбысы – қазақтың төл дыбыстарының бірі. "Ө" дыбысын айтылуына байланысты қандай дыбысқа жатқыздық?
– Тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар? Ал енді иегіміздің астына қолымызды қойып суреттерді атайық. Иегіміз неше рет төмен түссе, сөзінде сонша дауысты дыбыс бар.
Сөздік жұмыс: Өңеш – жұтқыншақ пен тамақ арасындағы ас жүретін жол.
Мақал-мәтел жаттаймыз.
Өнерпаздың он қолы бар.
Өнеріне қарай өрнегі.
Өнерді үйрен де жирен.
Тіл ұстарту
Өс-өс-өс, Тігін алдым қос, Екіге екіні қос,
Көңілде жоқ қос.
Өс-өс-өс, Өнегелі болып өс, Ұқыпты боп өс,
Ағаш тез-тез өс.
Дидактикалық ойын: "Не артық?".
Педагог бір топқа жататын сөздерді тез-тез бір бөгде сөзді қоса айтады. Балалар сол артық сөзді табуы керек.
Мысалы: нан, шай, май, тай...
Қызыл, жасыл, ақ, тақ, көк...
Алма, шие, бөрік, өрік...
Екі, үш, төрт, бес, кес...
Сергіту сәті:
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
Жүрек деген не үшін керек?
Жауларыңнан қаймықпау үшін!
Тіл мен жағың не үшін не керек?
Ақиқатты айту үшін!
Ал аяғың...
Ал аяғың сыртта жүрсең
Туған жерге қайту үшін!
Достарыңызбен бөлісу: |