Билингвалды компонент: құмыра – ваза, тоңазытқыш – холодильник.
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да, Оң қолыңды соз алға. Қол ұшына қара да, Ұшбұрыш сыз ауада.
Сол қол басқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Дидактикалық ойын: «Эстафета».
Педагог сөйлемді айтады, оны қайталайды, сөйтіп бірінші баланың алдына текше немесе кішкене зат қояды, ол дереу бірінші сөзді айтады.
Педагог келесі балаға текше бергенде, ол екінші сөзді атайды т.б.
Мысалы: күн, жер, қас, бала, бақа, алма т.б.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 35 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі. 3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, бүгін ойнаған ойындар сендерге ұнады ма? Ұнаса, бәрің қол шапалақтаңдаршы.
№36
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Қайталау. Біз нені білеміз.
Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту.
Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту. Саусақ моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды:дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады;
Түсінеді: ойын шартын түсінеді;
Қолданады: текшелерді дұрыс қолданады, сөйлем құрастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: сайыс – соревнования.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері.
Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілейміз тыныштық, Ашық болсын көк аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз.
Педагог балаларға бүгін екі топқа бөлініп, "сайыс" оқу қызметін өткізетінін айтады. Билингвалды компонент: сайыс – соревнования.
Негізгі кезең
Педагог балаларды екі топқа бөледі. Балалардан барлық дыбыс атауларын сұрайды. Дыбыстарды көп және тез атаған топ жеңіске жетеді.
Дидактикалық ойын:
"Кім зерек?"
Педагог балаларға қызыл, көк текшелерді алдарына қоюларын сұрайды.
Егер мен дауысты дыбыс айтсам қызыл текшені, дауыссыз дыбыс айтсам көк текшені көтересіңдер.
Келесі сайыс түрі – "Мақал-мәтел".
Педагог өтілген мақал-мәтелдің басындағы, бірінші сөзін айтады, балалар жалғастырып кетуі керек. Мысалы: Ер дәулеті ...
Еңбек түбі – береке, ...
Ер қадірін – ел біледі, ...
Елі байдың –...
Тіл тас жарады, ...
Бірлік болмай – ...
Әдептілік белгісі – ...
Келесі сайыста екі топ бір-бірлеріңе жұмбақ жасырасыңдар. Мысалы:
Жер астында жез қазық, Жеуге болар ас қазық. Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Жұмбақта кездесетін жез сөзі бұл жерде қызғылт сары деген мағынаны білдіріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |