Бағдарламасы бойынша фармацевтикалық талдау пәнінен зертханалық жұмысты орындауға Әдістемелік нұСҚау тараз 2022


Қағазды хроматографияны және келесі айқындағыштарды пайдалану



бет3/16
Дата10.04.2023
өлшемі323.75 Kb.
#472000
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
фарм талдау лаб

Қағазды хроматографияны және келесі айқындағыштарды пайдалану:
Қағазды хроматография үшін пайдаланған еріткіштер жүйесі-
1. Бутанол: сірке қышқылы: су (БСС) (40:12,5:29)
2. 6%-тік сірке қышқылы
3. Бутанол: сірке қышқылы: су (6:7:3) + 0,01г нингидрин
4. ЭА: Нас: су (5:3:2)
5. Бензол: сірке қышқылы: су (6:7:3)
6. Бутанол: сірке қышқылы: су (6:7:3)
Қағазды хроматография үшін айқындағыштар-
1. Алюминий хлориді
1%-ті алюминий хлоридінің этанолдағы ерітіндісі, флавоноидтарды айқындау үшін қолданылады.
2. Диазотталған п-нитроанилин (ДЗПНА)
0.3%-ды п-нитроанилин ерітіндісін 8%-ды тұз қышқылында дайындап, 5%-ды натрий нитритінің бірнеше тамшысын қосып, пайдаланар алдында араластырады, қоспаны тек пайдалану кезінде даярлайды. Хромотограммаға дайындалған ерітіндіні бүркеді де, бөлме температурасында кептіріп, содан кейін 20%-ды сода ерітіндісімен өңдейді.
3. о-толуидин айқындағышы
96%-дық 10 мл этанолда 0.4 г салицил қышқылын және 0.5 мл о-толуидинді ерітеді. Хроматограмманы айқындағышпен өңдеп, кептіріп, 5 минут 105ºС температурада қыздырады.
4. Нингидринді реактив
Нингидриннің ацетондағы 1%-тік ерітіндісі, амин қышқылдарды анықтайды.
5. Ванилинді реактив
Тұз қышқылындағы 1%-дық ванилин ерітіндісі, флавоноидтарды анықтайды.
6.Аммиак буы
Флавон, флавонолдарды анықтайды.
жұқа қабатты хроматография үшін еріткіштер жүйесі:
1. хлороформ:гексан 8: 2
2. хлороформ: ЭАс 8:2
3. гексан: ацетон 8:2
4. гексан : этанол 9:1
Жұқа қабатты хроматография үшін айқындағыш:
1. SeSO4 6%
2 Зертханалық жұмыс. Дәрілік заттардың сыну көрсеткішін, рефрактометрмен анықтау. Ұшқыш заттарды талдау. Дистилденген су, этил спирті 95%, 90%, 70%, 40%. Фармацевтикалық препараттардағы спирттің мөлшерін сандық анықтау
Этил спиртті: 45%,70%,95%


Тәжірибенің орындалуы:



  1. 2 мл спиртті 0,5 мл мұзды сірке қышқылымен, 1 мл концентрлі күкірт қышқылымен араластырып, қайнағанша қыздырады – этилацетаттың өзіне тән иісі пайда болады.




  1. 0,5 мл препаратты 5 мл натрий гидроксиді ерітіндісімен араластырады, 2 мл 0,1Н йод ерітіндісін қосады, нәтижесінде хлороформ иісіне ұқсас иіс пайда болады және біртіндеп йодоформның сары тұнбасы пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет