Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет13/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс: жемістер, алма, алмұрт.
Көптілділік: жемістер – фрукты – fruits, алма – яблоко – apple, алмұрт – груша – pear. Сергіту сәті.
Мен шиемін,шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін.
Педагог:

  • Енді,алмұртты жасауға кірісеміз.Сары түсті ермексазды алып,алақанға салып жұмсартып, сопақша пішінге келтіреміз.

Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішінін мүсіндейміз.
Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын жасаймыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.
Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігін домалақтап алып, қолымызбен басып жалпақтаймыз.Үлкендердің көмегімен арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып,сабағына орналастырамыз.
3. Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.
Балалармен жұмысты талдайды.«Күз аруымен» бірге педагог балалардың жасаған жұмысын аралап, көріп мадақтайды.
Педагог қорытынды жасайды. Балалармен бірге ата-аналарға арналған көрмені ұйымдастырады.
2 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Себет.
Мақсаты:себеттің қажеттілігі туралы түсінік беру, ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, есу тәсілі арқылы затты құрастырып мүсіндеуге үйрету.
Міндеттері:
білімдік:ермексаз кесектерін үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана
отырып себетті мүсіндей алу білімдерін бекіту; дамытушылық: ұсақ қол, саусақ, қимылдарын дамыту; тәрбиелік: жұмыс барысында тазалыққа, бір-біріне өзара көмек
көрсетуге , жақсы нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: тазалық шараларын сақтауды, ауызекі сөйлеуде«себет»
сөзінің мағынасына қарай дұрыс қолдануды; түсінеді:себеттің қажеттілігі, түрлері туралы,мүсіндеу барысында
түрлі тәсілдерді пайдалануды; қолданады:себеттің түрлері туралы мәліметтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет