Сөздік жұмыс:қызылша, сиқырлы,көгөністер: қияр, сәбіз, қызанақ.
Көптілділік: көгөніс – овощ – vegetables, қияр – огурец –cucumbers, сәбіз – морковь–carrots.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын Күн! Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, достарым, Сендерді көрсем қуандым.
2.Негізгі кезең.
«Кім не біледі?» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.
Балалар педагогтің қойған сұрақтарына жауап береді. Кім тез және көп ұпай жинаса,сол бала жеңімпаз атанады.
Қандай көгөністі білесіңдер?
Көгөністер қайда өседі?
Көгөністің пайдасын айт, т.б.
Балалар,бізге орманнан қоян сиқырлы қап беріп жіберіпті. Кәне,ішін ашып көрейікші.
Балалар қап ішіндегі көгөністерді алып, оның пішінін, түрін, түсін зерттеп көреді.
Алдымен мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып, Әкелді әкем бір күні.
Қызғылт сары түсті ермексазды алып,жұмсартып конус тәрізді пішінге келтіреміз.Жасыл түсті ермексазды жіңішкелеп есу арқылы жапырақтарын жасаймыз.
Енді,қызылшаны мүсіндейміз. Ол үшін алақанға қызыл түсті ермексазды салып жұмсартып, содан соң домалақтаймыз. Ұш жағын шымшып созу арқылы жіңішкертеміз. Жасыл түсті ермексаздан есіп жіңішке сабағын дайындап, біріктіреміз.
Сергіту сәті.
Педагог көгөністер бейнеленген суреттерді балаларға үлестіріп береді. Әуен ырғағымен балалар билейді,айналады, музыка тоқтағанда олар бірігіп, «салат» болады.
Енді қиярды мүсіндеуге кірісейік. Ол үшін жасыл түсті ермексазды алып жұмсартып, есу арқылы сопақша пішінге келтіреміз. Шымшу арқылы бүршіктерін жасаймыз. Тағы бір кішкене бөлігін алып есіп, қиярдың сабағын орналастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |