Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған


Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар



бет14/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар:
№1 жұмыс дәптері,себет түрлері, ТОҚ, интерактивті тақта,№1слайд,№2слайд,ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.
Сөздік жұмыс: себет, тоқыма себет.
Көптілділік:себет – корзина –basket, бағбан – садовник –the gardener, көгөніс –овощ – vegetables, сопақша – овал –oval.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Есік қағылады. Педагог балалардың назарын дыбыс шыққан жаққа аударады.Бөлмеге бағбан кейпіндегі қария кіреді.
Педагог:
–Сәлеметсіңдер ме, балалар? Кәне, балалар, атайға орын берейік, алыстан жол жүріп, шаршап келген болар. Иә, атай, бізге қандай өтінішпен келдіңіз? Айта отырыңыз.
Атай:

  • Балалар, өздерің білетін боларсыңдар, қазір қай мезгіл?Күз мезгілінде барлық жемістермен көгөністер пісіп жетіледі.Менің бақшамда өскен жемістер мен көгөністерді жинайтын себетім жоқ. Сендер өте шебер, еңбекқор балалар деп көмек сұрай келдім. Маған бірнеше себет керек болып тұр.

Педагог:

  • Кәне, балалар, атайдың өтінішін орындауға дайынбыз ба?

2.Негізгі кезең.
Жұмысты бастамас бұрын себеттің түрлерімен танысып алайық. Интерактивті тақтамен жұмыс.
№1 слайд. Пішіні әртүрлі себет түрлері (дөңгелек, сопақша, төртбұрыш).
№2 слайд. Талдың шыбығынан, сымнан тоқылған себет түрлері.
Педагог тазалық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.
Жасайтын себеттердің түсін, түрін балалардың өздеріне таңдатады.

  • Ермексазды 2 бөлікке бөлеміз. Бұл себеттің астыңғы және үстіңгі бөлігін жасау үшін керек.

1-бөліктен табанын жасау.Алақан арасына салып домалақтаймыз және тақтайша үстіне тегістеп жалпақтаймыз.
2-бөліктен есу арқылы қабырғаларын жасаймыз. Сопақша пішінге келтіріп, бірдей 6-7 бөлікке бөліп, тақтайша үстіне ширатып созамыз.
Сергіту сәті.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүрмек – шешем, Титтей бөбек – мен.
(Е. Өтетілеуұлы.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет