Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет15/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс: себет, тоқыма себет.
Көптілділік:себет – корзина –basket, бағбан – садовник –the gardener, көгөніс –овощ – vegetables, сопақша – овал –oval. қызылша – свекла, сиқырлы – волшебный.
Жеке бөліктерді құрастыру, орналастыру.
Дөңгелек пішінді ермексаздың шетін кескішпен тегістейміз, шеткі бөлігіне біртіндеп иілген ермексазды ию арқылы ұштарын біріктіріп, жабыстырып орналастырамыз.

  • Балалар, себеттің қандай бөлігі жетпей тұр?

Тұтқасын да дәл осындай ширатылған ермексаздан жасаймыз.Есілген ермексаздың екі шеткі бөлігін қабырға ұштарына жабыстырамыз, тегістейміз.
Педагог жұмыс барысында қиналған балаларға көмектеседі.

3.Рефлексия.
Бағбан атай балаларға алғысын білдіріп, бағынан жинап келген құрамы дәруменге бай көгөністер мен жемістерін тарту етеді.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.Балалармен бірге ата-аналарға көрме ұйымдастырады.

3 ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Көгөністер.
Мақсаты:балаларға көгөністің пайдасын түсіндіре отырып, оларды мүсіндеу тәсілдерін үйрету.
Міндеттері:
білімдік:геометриялық пішіндерді пішінге келтіру арқылы қияр,
қызылша, сәбіз т.б. көгөністерді мүсіндеу; дамытушылық: қолдың ұсақ моторикасын,ойлау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып көгөністерді
мүсіндейді; түсінеді: заттық мүсіндеу дегеннің не екенін; қолданады:домалақтау, жалпақтау, есу тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, көгөністің суреттері,муляждар,ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет