Сөздік жұмыс: көгөніс, қияр, сәбіз, қызылша.
Көптілділік: көгөніс – овощ – vegetables, қияр – огурец –cucumbers, сәбіз – морковь –carrots.
3.Рефлексия.
Педагог «Көгөністер дауы» ертегісін айтып беру арқылы сабақты қорытындылайды. Жасалған көгөністер себетке салынады.
№4 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Саңырауқұлақтар.
Мақсаты:балаларға саңырауқұлақ туралы түсінік бере отырып, ермексаздан саңырауқұлақты мүсіндеу тәсілін меңгерту.
Міндеттері:
білімдік:саңырауқұлақ түрлерімен таныстыру,түс ерекшеліктерін
ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу, саңырауқұлақ алқабын жасау; дамытушылық:балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту; тәрбиелік:еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып саңырауқұлақты
мүсіндейді; түсінеді:саңырауқұлақтың әртүрлі болатынын;
қолданады:саңырауқұлақтың пішінін келтіруде мүсіндеудің әртүрлі
тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар:
№1 жұмыс дәптері, саңырауқұлақ түрлерінің суреттері, шөп өскен алқап, ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.
Сөздік жұмыс:саңырауқұлақ.
Көптілділік:саңырауқұлақ – грибы– mushroom , қоңыр – коричневый –brown, ақ – белый – white, алқап – поляна – borderland.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру.
Қол алысып, кәне біз, Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Педагог сурет бойынша балалармен әңгіме өткізеді.
Балалар, мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
Саңырауқұлақтар бір-біріне ұқсай ма?
Иә, саңырауқұлақтың бойлары, түстері әртүрлі екен.
Осы саңырауқұлақтар туралы не білеміз?
Қандай ертегі білесіңдер?
Балалар,саңырауқұлақ туралы тақпақ, ертегі біледі екенбіз. Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбен мүсіндеп көрейікші.
Достарыңызбен бөлісу: |