Сөздік жұмыс: күз, алтын күз.
Көптілділік:күз – осень –autumn, жапырақ – лист –leaves, табиғат – природа – nature, алтын күз – золотая осень –golden autumn, сары – желтый –yellow, қызыл –красный –red.
– Енді артық ермексазды қалақшаның көмегімен қырып алып тастаймыз. Саусағымыздың ұшымен шымшу арқылы жапырақтың жиектерін тегістейміз. Кескіш таяқшамен жапырақтың үстін бедерлеп, сызықтар түсіреміз.Міне, жапырағымыз дайын болды.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.
Балалар сары жапырақтарды бір қатарға, қызыл жапырақтарды екінші қатарға тізіп, жұмыстарын талдайды.
Тапсырма:серуен кезінде кіші топ балаларына жапырақтан тізбек жасап беру.
№6 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Жаңғақ кемірген тиін.
Мақсаты:тиіннің тіршілік ортасы туралы түсінік беру;мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып тиіннің пішінін келтіру.
Міндеттері:
білімдік:алған білім дағдыларын пайдалана отырып, тиіннің мүсінін
жасау, дене бөліктерін біріктіріп қосу, табиғи материалдарды сәйкес таңдай білу қабілеттерін қалыптастыру; дамытушылық:баланың ойын, тілін, шығармашылық қабілетін,
көркемдік талғамын дамыту; тәрбиелік:жан-жануарларға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:әртүрлі тәсілмен мүсіндейді; түсінеді:тиіннің тіршілік ету ерекшеліктерін; қолданады: ұқыпты, таза жұмыс жасау дағдысын.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, музыкалық орталық, DVD, тиіннің суреті, ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш, қарағай бүрі, еменжаңғақ.
Сөздік жұмыс:кеміру.
Көптілділік:тиін – белка –squirrel, жаңғақ – орех –walnut, кеміру – грызёт –kemro, шырша – ель –tree,қарағай бүрі – шишка –bump, еменжаңғақ – жёлудь –emeneau.
Достарыңызбен бөлісу: |