Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет30/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Жүйрік ат.
Мақсаты: мүсіндеудің өздері білетін әдіс-тәсілдерін қолдана отырып жүйрік атты мүсіндеуді үйренеді.
Міндеттері:
білімдік:үй жануарларын мүсіндеу әдістерімен таныстыру; дамытушылық: мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын
молайту, тілін дамыту; тәрбиелік: бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, төзімділікке
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:үлгіге қарай отырып, аттың денесін (аяғын, басын, құлағын,
құйрығын, жалын) жасайды; түсінеді:аттың адамның серігі екенін;
қолданады:таныс әдіс-тәсілдерді қолданып, аттың ерекшелігін ескере
отырып, түрлі қалыпта мүсіндейді. Сулы шүберекпен пішіннің үстін тегістеуді қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, ТОҚ, интербелсенді тақта, ермексаз, тақтайша, сулы орамал, алжапқыш, кескіш құрал.
Сөздік жұмыс:аттың жалы, жүйрік, тұяқ.
Көптілділік: ат – лошадь –horse, жүйрік – скакун–steed, құлын – жеребёнок–foal, тұяқ – копыта–hooves, қымыз – кумыс–koumiss, жал – грива–rent.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Түйе, жылқы, сиыр, қой – Төрт түлік осы біліп қой. Аяғым тұлпар – жылқымын, Мақтанымын жұртымның.
Ерге қанат тұлпар – мен, Қай түлік келер маған тең?! Сүтім – қымыз, етім – ем, Білесің бе, оны сен?
(Қ.Қайым) 2.Негізгі кезең.
Педагог әңгіме жүргізеді: Біздің ата-бабаларымыз жылқыны сенімді серігі деп санаған, «ішсе – сүт, жесе – ет, мінсе – көлік» деп айтқан.
Жылқы – ең жүйрік жануар, оның сүтінен қымыз дайындалады.
– Балалар, бүгін жылқыны мүсіндеуді үйренеміз.
Педагог дәптердегі жасалу жолын көрсете отырып, түсіндіреді:
1.Қоңыр түсті ермексазды алып, екіге бөліп, алақанымызға салып жылқының денесін сопақша пішінде жасаймыз.
2.Денесінен кескіш құрал көмегімен бөліп, шымшып созу, тегістеу арқылы аяқтарын шығарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет