Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, түрлі ойыншықтар, «Үш аю» ертегісінен слайдтар, үлестірмелі материал-жұлдызшалар, тақтайша, ермексаз, кескіш.
Сөздік жұмыс:жабайы аңдар.
Көптілділік: жабайы аңдар – дикие животные – wild animals, аю – медведь – bear, қонжық – медвежонок – bear, апан – берлога –den.
ҰОҚ-нің барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға шаттық шеңберін жасату.
Слайд арқылы «Үш аю» ертегісінен үзінді көрсету. Балалар ертегі соңын өздері аяқтайды.
Балаларға мойнына барабан ілген қоянның,бал толы бөшке көтерген аюдың суреттерін көрсету.
Негізгі кезең.
Балаларға пластмасса,резеңке мен жұмсақ матадан әзірленген ойыншықтарды көрсетіп, олардың денесінің көлеміне,жалпақ табанды аяғына, көлемі шағын домалақ құлақтарына, қысқа құйрығына көңіл аударту.
Алдыңғы аяқтарын көтеріп тікесінен тұрған немесе төрт аяқтап тік тұрған аюды бейнелейтіндерін түсіндіру.
1.Суретте көргендеріндей қонжықтың денесін қоңыр түсті ермексаздан мүсіндейміз.
2. Аяғын, қолын мүсіндеу үшін шұжық тәрізді етіп есіп аламыз.
3.Табанын жасау үшін екі шар тәрізді домалақ алып, саусақпен жаншып аяқтарына жапсырамыз.
4.Басын, денесін мүсіндеу үшін бір үлкен, бір кішкене шар тәрізді домалақ жасаймыз.
5. Денесін жасау үшін шарды аздап басып суретте көрсетілгендей үлкен шарға жапсырамыз.
6.Бетіне «Т» әрпін керісінше төңкеріп қарындашпен салып,көздерін табиғи материалдардан орналастырамыз.
Алдыңғы екі қолын жасау үшін жіңішкерек екі шұжық есеміз. Дайын болған аяқтарын, қолдарын денесіне біріктіреміз.
Сөздік жұмыс:жабайы аңдар.
Көптілділік: жабайы аңдар – дикие животные – wild animals, аю – медведь – bear, қонжық – медвежонок – bear, апан – берлога –den.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Мойымызды бұрайық, Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Оңға, солға иіліп,
Денемізді бұрайық.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагогоқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты талдайды.Ата-аналарға арнап, балалар жұмысынан көрме ұйымдастырады.
«Ормандағы аю» қимылды ойынын ойнатып, оқуқызметін бекіту.
№18 ұйымдастырылған оқу қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |