Сөздік жұмыс:коньки, шаңғы тебу.
Көптілділік компонент:шана – сани –sled, әдемі – красивый – beautiful, қысқы ойын – зимние игры – winter games, қар – снег –snow.
Сергіту сәті.
Балалар көңілді музыка ырғағымен еркін билейді.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.
Балалардың жасаған әдемі жұмыстарынан көрме ұйымдастыру және баланың өзін-өзі бағалауын анықтау. Балалардың қызығушылын арттыру үшін, серуен кезінде шанамен жарыс ұйымдастыру.
№15 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Аққала соққан бала.
Мақсаты:балаларға қыс мезгілі және қыс айлары туралы түсінік беру, аққаланы жасау тәсілін меңгеру.
Міндеттері:
білімдік:әртүрлі көлемдегі домалақтар жасау арқылы, ермексазбен
қалай мүсіндеу керектігін үйрету; дамытушылық: есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, сөздік
қорын молайту, еңбек үрдісі арқылы бала қиялын жетілдіру, ұсақ қол моторикасы арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:аққаланы мүсіндейді; түсінеді:әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктері болатынын; қолданады: мүсіндеу әдіс-тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар:
№1 жұмыс дәптері, тақтайша, ермексаз, кескіш.
Сөздік жұмыс:аяз, ызғар, аққала.
Көптілділік: аққала – снеговик –snowman, аяз – мороз–frost, мұрын – нос–nose, ауыз – рот– month, көз – глаза – eyes.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам.
Ұқыпты осындай, Болайықшы досым-ай.
(А. Меңжанова)
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар, қыста біз қандай мерекелерді атап өтеміз?
Кәне, балалар, қыс көрінісін экраннан тамашалайық. Қараңдаршы, айнала қандай әдемі!
Педагог аққаланы суреттеп, бейнелеп (денесі үш аппақ дөңгелектен, қолында сыпырғысы бар, т.с.с) айтып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |