Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет37/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс:жәрмеңке, Дымков ойыншығы.
Көптілділік: қуыршақ – кукла – doll, жәрмеңке – ярмарка – fair, ойыншықтар – игрушки – toys.

  • Енді бәріміз сазбалшықты аламыз.

Педагог жасалу жолын түсіндіреді:
1.Сазбалшықты сопақша пішінге келтіріп, дене бөлігінің үстіңгі жағынан бас бөлігіне арнап ойық жасаймыз, көйлегінің етегін үңгу арқылы кеңейтеміз.Саусақты сулап сылаймыз.
Сергіту сәті.
Ойыншықтар –құрдасым, Ойыншықтар – достарым. Сол достармен күнде біз, Кешке дейін біргеміз. Кейде еңбек етеміз, Кейде ойнап кетеміз. Болмашыға таласып, Ұрысқанда емеспіз. Бір кез теріс қарасып, Тырысқан да емеспіз.

  1. Сазбалшықтан басын, мойнын,денесін мүсіндейміз. Қалақша көмегімен мойнын денесімен жалғап,тегістеп жымдастырамыз.Саусақты сулап сылаймыз.

  2. Сазбалшықтың екі бөлігінен сопақшалап қолдарын жасап, денесіне бекітеміз, сылаймыз.

  3. Сазбалшықты жалпақтап, кескішпен өрнектің жиегін иректеп кесеміз (басына, көйлектің етегіне, қолы, жеңіне жапсыру үшін),сылаймыз.

Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Әр халықтың өзіндік дәстүрі, өнері бар. Сендер де бүгінгі оқу қызметінде Дымков ойыншығының жасалу жолын, ерекшелігін біліп, әдіс-тәсілдерін үйрендіңдер.
Ата-аналарға арналған көрме ұйымдастыру.
17 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Біздің аю.
Мақсаты:аюдың өзіне тән ерекшеліктерін ажырата отырып мүсіндей білуге үйрету. Міндеттері:
білімдік:үңгу, бекіту әдістерін меңгерту, салыстыра отырып жұмыс
істеу дағдыларын қалыптастыру; дамытушылық: мүсіндеу іскеліктерін, қол, саусақ икемділіктерін дамыту;
тәрбиелік: табиғатты сүюге және аялауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды:қарапайым қатынастарды сақтай отырып, жануардың
пішінін жасайды; түсінеді: ұжыммен жұмыс жасауда тиянақты, ұқыпты болуды; қолданады:ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып, түрлі әдістерді (домалақтау, қысу, екі саусақпен шымшу, бөлу) қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет