Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет35/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

2.Негізгі кезең.
Педагог әптердегі сюжетті суретпен жұмыс жүргізіп, балаға ат қойғызады.

  • Бүгін Асан сияқты аққала жасап үйренейік. Ол үшін бізге ермексаз, тақтайша, қалып қажет.

  • Аққаланы қандай түспен жасаймыз?

  • Ермексазды ширатып үш бөлікке бөлеміз де, бірінші ең үлкен бөлігін алақанымызбен домалақтаймыз.

  • Бұл –көлемі үлкен домалақ бөлік. Енді бұдан сәл кіші домалақ жасауымыз керек, ол үшін ермексаздың екінші орташа бөлігін алақанымызға салып домалақтаймыз.

  • Енді ең кіші домалақ жасауымыз керек,ол үшін ермексаздың үшінші, соңғы кіші бөлігін алақанымызға салып домалақтаймыз.

  • Дайын домалақтарды көлеміне қарай бірінің үстіне бірін ойық жасап, басу әдісі арқылы орналастырамыз.

  • Балалар, қараңдаршы, аққалада не жетпей тұр?

  • Қараңдаршы, біз неше домалақ жасадық?

  • Аққаланың көзін қандай түсті ермексаздан жасаймыз?

Ендеше қара түсті ермексаздан саусағымыздың ұшымен шымшып үзіп аламыз да, домалақтап, жапсырамыз.
Сөздік жұмыс:аяз, ызғар, аққала.
Көптілділік: аққала – снеговик –snowman, аяз – мороз–frost, мұрын – нос–nose, ауыз – рот– month, көз – глаза – eyes.
Сергіту сәті. Таң атады арайлап, Оянады бар аймақ. Оянады достарым, Мен қаламын қарайлап.
Жуынамыз, таранып,
Айнаға да қаранып,
Назар салып сағатқа, Отырамыз тамаққа.
(Т.Айдаров)

  • Енді мұрнын жасаймыз.Мұрнын жасау үшін қызыл ермексазды алақанымызға салып, сүйірлеп есеміз.Аққаланың мұрны неге ұқсаушы еді?

  • Енді аққаланың басына шелек, қолына сыпыртқы ұстатуымыз қажет.Ол үшін бірінші шелегін жасайық.

  • Шелегін қандай түстен жасауға болады?

  • Жарайды, қызыл түстен жасайық.

  • Қызыл түсті ермексаздан ширатып үзіп аламыз да, алақанымызға салып домалақтаймыз, бас бармақтың көмегімен ішін үңгіп, тегістеп шелек жасаймыз.

Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет