Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Торсық.
Мақсаты:қазақтың ұлттық бұйымы – торсықпен таныстыру; торсықты ермексаздан мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін үйрету.
Міндеттері:
білімдік:торсықты әртүрлі әдіс-тәсілдермен безендіру; торсықтың
пішініне сәйкес ою-өрнектерді шығармашылықпен таңдап, әшекейлеу жолдарын түсіндіру; дамытушылық: ұсақ қол қимылдарын дамыту, көру арқылы мүсіндей
білу іскерліктерін қалыптастыру; тәрбиелік:ұлттық бұйымға деген қызығушылықтарын ояту, өнерді
сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:ермексаздан торсықты мүсіндеп, ою-өрнекпен әшекейлейді; түсінеді:торсықтың қымыз, шұбат сияқты сусындарға арналған ыдыс екенін;
қолданады: заттық мүсіндеуде жұмсарту, созу, жаю, тегістеу,
жалпақтау, домалату тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, қазақтың ұлттық ыдыстары, дайын торсық, ұлттық бұйымдар бұрышы, үнтаспа, ермексаз, тақтайша, таяқша, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс: торсық, шұбат құятын ыдыс, қошқармүйіз.
Көптілділік: торсық – торсык, бұйым– изделие –representative.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Топ бөлмесі ұлттық бұйымдармен безендірілген, үнтаспадан күй ойнап тұрады.
Педагог балаларға торсықтың тұрмыста қолданылуы жайлы әңгімелейді.
Балалар, бұл ұлттық бұйым – торсық. Торсыққа ұзақ жолға шыққан жолаушы (ержігіт) қымызды толтырып алып шығады, жолда ішкен қымыз әрі шөл қандырады, әрі күш береді.
Педагог қымыз құятын ыдысты (немесе суретін) көрсетіп, оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне, теріден жасалатынына, жеңіл болатынына назарларын аударады.
2.Негізгі кезең.
Балалар, бүгін осы ұлттық бұйым, қымыз құятын әдемі торсықты мүсіндейік. Ермексазды алақандарына салып, сопақша пішінге келтіріп, осы бөліктен шымшып созу арқылы мойнын шығарамыз, екі бүйірінен үшінші саусақпен созып шымшып, қысу арқылы үшбұрыштап оюлап иіп, мүсінін келтіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |