Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет18/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Шабуыл соққылары. Волейбол ойынында төте, бүйірден шабуыл соққылары, білезік пен кеудемен бұрылып ұру пайдаланылады.
Төте шабуыл соққысы координация жағынан күрделі қимылдармен сипатталады Төте шабуыл соққысын орындауға дайындық жүгіруге ауысатын жедел жүрумен жүзеге асырылады. Екпін алу қарқыны шабуыл соққысын орындау үшін доп тастау жылдамдығы мен траекториясына байланысты. Екпін алу ұзындығы 2-3 адым мен секіруді құрайды. Секіріп соққанда алға шыққан аяқ табаны өкшеге қойылады (жедел адым), екінші аяқ біріншісіне қосылады, тіктелген қолдар кері жіберіледі. Тіреуден серпілу қолды доғамен артқа-алға-жоғары серпуден, аяқты бүкпей-ақ басталады. Волейболда өте жоғары секіру үшін ойыншы барынша қаттырақ серпілуі тиіс. Ойыншы ұшумен бір мезгілде ұратын қолын жоғары-кері сермейді, кеудесі мен белі бүгіледі, тізесін аздап бүгеді, оң иығын кері (егер оң қолмен ұрса) жібереді, сол қолын шынтақтан аздап бүгіп, жоғары жанына жібереді. Допты ұру кезінде ұратын қол шынтақ буынында тіктеледі, сермегенде созылған қарын, кеуде және қол бұлшық еттері күрт жиырылады. Қол тіктеледі, білезік босаңсып, допқа тиеді, соққы белгілі бағытта орындалады. Допты ұрған соң ойыншы бүгілген тізесін және табанының алдыңғы бөлігіне жерге отырады.
Бүйірден шабуыл соққысын орындау қозғалысы төте шабуыл соққысымен бірдей. Айырмасы, сермеу мен соққыда үстіңгі бүйірден тастаудағы секілді қозғалыс жүреді.
Қол мен кеудені ауыстырып шабуыл соққыларын орындауда, қозғалыстар төте шабуыл соққысымен бірдей шамасында, айырмасы, ойыншы доппен ұру кезінде қол білезігі мен кеудені өзіне қажет бағытқа бұрады.
Допты төменнен екі қолмен қабылдау. Бел деңгейінде (не белден төмен) ұшқан доптар, әдетте, төменнен екі қолмен қабылданады. Мұнда қол білезіктері бірге біріктіріліп, алға шығарылады. Доп жақындағанда ойыншы аяқтарын бүгеді, кеудесін біршама жоғары және алға көтереді. Допты ұру иықпен орындалады, сосын қолдарын алға-жоғары қозғалтып, кеудесін түзетеді және аяқтарын жазады.
Допты төменнен бір қолмен қабылдау. Ойыншыдан алыс ұшып бара жатқан доптар, ойыншы алдын-ала қозғалғаннан кейін бір қолмен қабылданады. Допты төменнен бір қолмен кеудеге және ішпен сырғанап немесе жанынан құлау арқылы қабылдаудың маңызы зор.
Алға аттап, сосын аяғымен серпіп ойыншы кеудесін төмен-алға жібереді, қолдары кері кеткен. Ұшқан допты ұру алақанның сырт жағымен немесе жұдырықпен жүзеге асырылады. Допты ұрғаннан кейін ойыншы қолдарын алға созады да, екі жағына жібереді. Жерге отырғанда кеудесі алаңмен сырғиды, иегін біршама жоғары көтереді.
Допты ұрғаннан кейін иық арқылы тоңқалаң асып құлап бара жатқан допты бір қолмен төменнен қабылдау өте тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет