Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет20/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

«Қырағы көз». Көзбен белгі бойынша жүру не жүгіру кезінде жаттығушылар алдын-ала дайындаған қимылдарды орындайды. Мысалы, жоғары көтерілген қол, оқушылар алға аттау және волейболшы тұрғысын жасау керектігін білдіреді.
Нұсқа: екі қолды да жоғары көтеру, екі-үш адымдап, волейболшы төмен тұрғысын қабылдап, жоғарыдан екі қолмен доп тастауды имитациялауды білдіреді.
«Сиқырлы таяқ». Жаттығушылар диаметрі 6-7 м шеңберге тұрады, ретпен санайды. Шеңбер ортасында жүргізуші, ол тік тұрған таяқтың жоғарғы ұшын ұстап тұрады. Жүргізуші ойыншылардың біреуінің нөмірін айтып шақырады да, таяқтың жоғары ұшын қоя береді. Шақырылған адам, аттап, таяқты құлатпай ұстап алуы керек. Егер ол тапсырманы орындаса өз орнына қайтып барады, ал егер үлгермей қалса, жүргізушіні алмастырады. Ойын әрі қарай жалғасады. Біртіндеп шеңбер көлемін ұлғайтып, таяқтың орнына допты қолдануға болады.
«Күн мен түн». Екі команда алаңның ортасында бір-біріне арқасымен 1,5-2 м арақашықтықта тұрады. Бір команда «күн», екіншісі «түн». Әр команданың алаң жағында өзі үйі бар. Жүргізушінің «күн» деген сөзінен соң тез өз үйлеріне қашады, ал «түн» қуады. Сосын бәрі бұрынғы орындарына барады. Ұсталғандарды санайды, ойын қайталанады. Қарсыластарын көп ұстаған команда жеңеді.
Нұсқалар: командалар «қарғалар» мен «қарлығаштар»,-деп аталады, ойыншылар бір-біріне арқасымен тұрмайды, жанасып қарама-қарсы отырады.
Допты беру.
1. Ойыншылар қатарға біреуден орналасады. Беру әдісіне қарай, допты әр түрлі биіктікте бірнеше рет лақтырады.
2. Жаттығушылар қабырға жанында лекте бір-бірден тұрады. Бірінші ойыншы допты қабырғаға берудің таңдамалы әдісімен ұрады, сосын лек соңына барады, жаттығуды келесі адам жалғастырады.
3. Жаттығушылар бір-бірінен 5-6 м арақашықтықта екі қатарға тұрады. Бірінші қатардың ойыншылары екінші қатарда тұрған ойыншылар жағына доп беруді (жоғарыдан, төменнен) орындайды.
4. Жаттығушылар алаңның екі жағына торға қарсы қатарға орналасады, тордан 5-6 метрде тор арқылы таңдамалы әдіспен (жоғарыдан, төменнен) доп беру орындайды.
5. Жаттығушылар лекте бір-бірден допты ойынға қосу орнына тұрады да таңдамалы әдіспен доп беру орындайды.
6. Доп берулер белгілі аймақтарға және алаңда орналасқан бағдарлар бойынша орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет