Оқыту әдістері:
Бұл әдісте оқушының білімі, қимыл-қозғалыстары, қабылдау қабілеттері шынықтырылады. Мұғалім әртүрлі қимыл-әрекеттерді түсіндіріп көрсетеді. Әдіс таңдау оқушылардың қабілеттеріне, өтілетін материалдың мазмұнына байланысты болады. Спорттық ойындарды жүзеге асыру барысын үш бөлімге бөлуге болады:
а) жазбаша; б) көрнекілік; в) іс-жүзіндегі.
Алғашқы екеуі оқуды бастауға дәнекер болуға септігін тигізеді. Іс-жүзіндегі оқу-жаттығудың мақсатын іске асырады. Барлық әдістер бір-бірімен тығыз байланыста болып, біріктіріліп қолданылады.
Жазбаша әдісі – әңгімелесу, түсіндіру, талдау, тапсырма, бағыттау, талап етуді құрайды. Әңгіме – балалардың шұғылданып жатқан ойындарының әдістерін толықтыру үшін қажет. Әңгіме – үлгілі, әсер қалдыратын, түсінікті болуы тиіс. Әңгіме – сұрақ-жауап, әдіс алмасу, жіберген қателікті талқылау, оны қайталамауды болдырмау жолын қарастыруы қажет. Әңгіме көпшілікпен немесе жеке болуы мүмкін.
Түсіндіру – әр қимылдың әдістерін ашып қана қоймай, себебін анықтап, дұрыс орындалуына көмектеседі. Түсіндіру кезінде ең негізгі қимылдардың әдістеріне, ойын үйреткенде оның ережелерін толық меңгеру үшін қажет.
Талқылау – спорттық тәжірибеде бір тапсырманы орындағаннан кейін немесе екінші бір командамен кездесу алдында болады. Мұғалімнің өзі талқылауды бір жақты өткізуі немесе оқушылармен бірге өткізуі мүмкін.
Тапсырма – сабақтың алдында алға қойған мақсатқа байланысты немесе ойын басталар алдында беріледі. Тапсырма жеке немесе бірнеше ойыншыға беріледі.
Бағыттау – тапсырмадағы қысқаша орындалатын қимылдардың орындалу әдіс-тәсілі. Бұл амалды оқу-жаттығу ойындарын ұйымдастырғанда өзара байланысты нығайту үшін керек.
Талап ету әдісі – ол қысқа да нұсқалығымен ерекшеленеді. Оның белгілі-бір түрі жоқ. Тапсырманы орындауға немесе орындауға дайындық үшін беріледі.
Тәжірибелік әдіс – оқушылардың өз еріктерімен жасалатын ынталы қозғалыстарға негізделеді. Жаттығу әдісін өте көп рет қайталай беру арқылы ойынды түсініп, терең меңгеруге болады. Жекелеп немесе жалпы қайталауға болады. Әр қимылды жекелеп қайталау ойынды толық меңгеруге жол ашады. Ойын қимылдарының орындалуын жеңілдету түрлерін қарастырып үйрету ойыншының қабылдау қабілетін арттырады.
Ойын әдісі – әртүрлі қимылдардың тәжірибесін меңгергеннен соң пайдаланылады. Ойыншылардың арасындағы қарым-қатынасты тексеру мақсатында қолданылады. Бұл әдіс оқушыларды ынталандырып, көңіл-күйлерін көтеріп, тәжірибелік есте сақтау қабілетін арттырады. Оқушылар бір немесе бірнеше қимылдарды меңгере отырып, ойын ережелерін сақтап, әрі мұғалімнің тапсырмаларын орындап, бір-бірімен тығыз байланыс жасайды.
Жарыс әдісі – оқу, дайындық барысында дененің барлық мүшелерінің әртүрлі қимылдарға бейімдеп, шынығып қалыптасуына көмектеседі. Балалар алдымен жаттығудың кейбір бөліктерін орындап, содан кейін ережесі қарапайым ойындар ойнап, ең соңында қарсыластармен кездесу өткізеді. Бұл әдіс ойын тәжірибесін жинақтауға, ойын барысын дұрыс бағалай білуге, қарсылас командаға қарсы тиімді әдіс қолдануға үйретеді.
Ойын әдістерін үйрету құрылымы.
Спорттық ойындарда бұл әдіс 4-ке бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |