Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет42/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Допты ойынға қосу.
Амортизаторда бекітіліген допты ойынға қосу;
7-10 м қашықтықтан допты ойынға қосқандай қабырғаға ұрып беру, доп 2,5 м биіктіктен төмен болмайтындай деңгейде қабырғаға тиюі керек;
Екеулеп, допты ойынға қосу мен оны қабылдауды байланыстыру.
Шабуыл соққылары
Қабырғаға допты бір қолмен соғу: соғу-еден-қабырға-соғу, көп қайтара;
А мортизаторда бекітілген допты соғу: орнында тұрып, орнында тұрып секіріп, екпін алып;
Ұстатқыштағы доппенен шабуыл соққсын жасау: қабырғаның жанында (еден-қабырға) және тор арқылы;
Серігінің допты лақтыруымен жасалатын шабуыл соққысы: қабырға-ның жанында (еден-қабырға) және тор арқылы;
Ө зі лақтырып шабуыл соққысын жасау (қабырғаның жанында және тор арқылы);
Серігінің көтеріп беруімен жасалатын шабуыл соққылары, соққылар 4-2-3 аймақтардан жасалады.
Тосқауыл қою:
- амортизаторға бекітілген допқа тосқауыл қою: орнында тұрып, орнында тұрып секіріп және қозғалып жүргеннен кейін;
- бір заттың (подставка) үстінде тұрғанда тосқауыл қою, серігі секіру кезінде екі қолмен бастан асырып, допты тордан асырып лақтырады;
- алдыңғы екі жаттығу, тек алаңның өзінен секіріп, тосқауыл қою;
- шабуыл соққысы үшін көтеріліп берілген допқа тосқауыл қою: бір заттың үстінде тұрып және секіру кезінде;
- Дене қасиеттерін дамытуға және техниканы жетілдіруге жәрдемдесетін бірнеше жаттығулар:
- жоғарыда айтылған орын ауыстырулар, қолда тек іші нығыздалған доп, құм салынған қалта болады;
- допты қабылдау мен беруді үйлестіре отырып, әртүрлі орын ауыстырулар жасау;
- амортизатордағы допты соғумен бірге көп қайтара секірістер жасау, тосқауыл қойып та осылай жасау, допты соғу мен оған тосқауыл қоюды алсатырып отыру;
- жоғарыдан секіру және амортизатордағы допқа секіріп соққы жасау;
- қолдағы іші нығыздалған доппенен секіру және жоғары секіріп допты екі қолмен бастан асырып лақтыру, кезекті секірісте амортизаторға ілінген допты соғу;
- тәсілдерді қабырғада біртіндеп орындау: допты ойынға қосу, төменнен қабылдау, жоғарыдан беру, шабуылдау соққысы.
Ойынға өзіңді жақсылап даярлағың келсе, жаттығуларды серігіңмен бірлесіп орындау қажет:
- екі жақтағы алаңның әрқайсысында екі ойыншыдан болады. Допты беру тәсілдерімен тордың үстімен екінші жаққа бағыттау керек, онда допты қабылдау жүзеге асырылып, доп торға қарай бағытталады, торды бойлай доп беріледі, қабылдаушы торға жақын шығып, допты секіру арқылы беріп немсе шабуылдау соққысымен допты тордың үстімен екінші жаққа жібереді және т.б.
- үш ойыншы бір жақта, қарсы жақта допты ойынға қосатын бір ойыншы: үшеуі допты қабылдайды, шабуылдау үшін допты көтеріп береді және комбинацияны шабуыл соққысын жасап немесе секіріп беру арқылы аяқтайды;
- бұл да осындай, тек доп ойынға қосылғаннан кейін ойыншы допты «қорғаныста» қабылдайды; тосқауыл енгізілген шабуыл соққыларымен жасалатын жаттығулар.


Ойын тактикасы
Волейболдағы тактика - бұл әртүрлі ойын жағдайларында техниканы білгірлікпен пайдалану және бәсекелестен басым түсу мақсатында ойыншылардың жеке және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыра білу.
Әрбір ойыншының мүмкіндігін қолайлы түрде пайдалану және шабуылдаушылар деп бөледі. Байланыстырушылар - олар шабуылдау соққысын жасау үшін допты бере білу дағдыларын жақсы меңгергендер. Ал шабуылдаушылар - шабуылды аяқтаудың шеберлері. Алаңдағы команданың құрамында әдетте төрт шабуылдаушы және екі байланыстырушы (4+2) ойыншылар болады, байланыстырушы біреу де болуы мүмкін (5+1). Барлық ойыншылар ойынның тәсілдерін жақсы меңгеру қажет, жарыстарда волейболшылардың жеке ерекшеліктерін дұрыс пайдалану үшін олардың атқаратын жұмыстары бөлініп беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет