Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет35/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

1. Ойын әдістерімен жалпы таныстыру. Бұл кезеңде ойналатын ойын жөнінде анық та айқын, дұрыс бағыт көрсетіп мәлімет береді. Ол үшін бірнеше рет қайталап көрсету әдісі қолданылады. Алдымен, ойын кезіндегідей тез, содан кейін жәй қимылдап, қимылдың маңызды жерлеріне назар аудару керек. Қимылдың орындалу әдісі түсіндірілуі тиіс. Әсіресе, қимылдың ойын барысындағы маңызы айтылады. Содан кейін, қатысушылар ойын әдістерін өздері қайталайды. Олардың бірінші ойындарында қателікке жол бермеулерін қадағалау керек.
2. Қарапайым әдістерді қолдана отырып үйрету. Мұнда қимылдың құрылымын дұрыс меңгере білу мақсаты қойылады. Бұл қарапайым жағдайда орындалады. Мысалы, волейболда мұғалімнің берген добын қабылдау және беру бастауыш сынып оқушыларына ойынның қимылдарын бөлшектеп үйрету әдісін қолдану керек. Мұғалім әрбір жаттығуды таңдағанда қарапайымнан күрделіге бейімдеп үйрету әдісін алдын-ала мұқият жоспарлауы тиіс. Жаттығуды орындау барысындағы жіберілген қатені анықтап, оны түзету керек.
3. Күрделі әдістерді пайдалана отырып үйрету. Бұл әдістің ерекшелігі мақсатқа жеткенше тыным таппай жұмыс жасай беру керек. Күрделі жағдайда қатысушылар ұйымшылдық танытып, бір-бірін түсініп қимыл жасайды. Тіпті, қарсыластарының да әдіс-айласын біліп алады. Жаттығуды жылдамдықты үдету, арақашықтықты ұлғайту, доптың бағытын өзгерту арқылы күрделендіруге болады.
4. Ойынның әдістерін толық меңгеру. Мұнда мұғалім командасын кездейсоқ жағдай болғанның өзінде дұрыс шешім қабылдап, қиын сәттен шығудың амалын қарастырып жеңіске жетелеуі тиіс.


1.5 Ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыру

- ғылыми-зерттеудің кезеңдері және ұйымдастырылуы;


- зерттеу тәсілдері;
- ғылыми-тәжірибелік әдістер;
- ғылыми жұмыс түрлері.

Барлық ғылыми зерттеулер, соның ішінде, волейболдағы педагогикалық зерттеулер де белгіленген жүйеде іске асырылуы тиіс: мәселенің қойылуы және тақырыпты таңдау, әдеби материалдарды талдау және тәжірибелік жұмыстарды талдап қорытындылаудың негізінде сұрақтың жай-күйін үйрену, зерттеу міндеттері мен тәжірибелік әдістер көмегімен материалдар жинау, теориялық нәтижелер мен практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.
Тақырыпты таңдауда зерттеушінің білім деңгейін және жеке бейімділіктері мен қабілеттерін ескеру қажет. Қорытынды тақырыпты таңдауға осы мәселені жасауда жеткен деңгейі және қазіргі заман ғылымының теориялық ұстанымы әсерін тигізеді.
Ғылыми жетекші немесе кеңесші зерттеушіні бақылайды және бағыттайды, мәселе мен нақты тақырыпты анықтауға көмектеседі.
Жұмыс тақырыбын жекелеген зерттеу міндеттері анықтайды. Міндеттер көп болмауы тиіс, олар бір-бірімен қисынды жүйелілікте және байланыста болуы тиіс. Әрбір міндет тақырыптың кез-келген бөлімін ашады, олардың шешімінің нәтижесі жұмыс қорытындысында көрінеді.
Тақырыпты анықтап, зерттеу міндетін нақтылаған соң, жұмысқа ат беру қажет. Ол ықшамды және орындалатын зерттеудің мазмұны мен мағынасын айқын көрсетуі қажет. Зерттеу барысында атаудың өзгеруі мүмкін.
Ғылыми зерттеудің келесі кезеңі сұрақтың жай-күйін үйрену болып табылады, әдеби талдау мен тәжірибені талдап қорытудың қайда кіретінін үйрену болып табылады.
Зерттеудің бастапқы кезеңінде әдебиетті оқу теориялық мәліметтермен танысуға, зерттеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы әдебиеттерді оқу-теориялық білімді кеңейтіп тереңдетеді, жұмыс барысында пайда болған сұрақтарға жауап береді, алынған нәтижелерді алдыңғы алынған мәліметтер нәтижелерімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Әдеби материалдарды үйрену әдебиетті іріктеуден басталады. Әдебиетті дұрыс іріктеуге библиография жасау мүмкіндік береді.
Сұрақтың жай-күйін үйренудің ажырамайтын бөлігі педагогикалық тәжірибені талдап қорыту болып табылады. Педагогикалық тәжірибе ұғымының кең мағынасында үйрену мен тәрбиелеу тәжірибесі түсініледі, ал тар ұғымда – ұзақ шығармашылық жұмыс нәтижесінде ие болған педагогтар іскерлігі.
Тәжірибені талдап қорытудың негізгі әдістері мыналар:
- күнделікті және мұрағат құжаттарды жоспарлауды және спорттық жұмыстарды есепке алуды үйрену;
- әңгіме және сұрақ;
- сауалнама толтыру;
- конференциялардағы, жаттықтырушылар кеңесіндегі және семинарлардағы көрсетулерді жазып отыру;
- жарыс немесе оқу-жаттығу сабақтары үдерістеріндегі педагогикалық бақылаулар;
- волейболшылар дайындығының әртүрлі жақтарының көрсеткіштері мен спорт нәтижелерін жүйелеу және жинау;
- оқу-жаттығу жұмыстары мен жарыстардың кең шеңберлі сұрақтарын түсіндіретін жаттықтырушы мен волейболшылар күнделігін оқу.
Педагогикалық тәжірибені қорытып талдау үдерісінде алынған мәліметтер дербес мағынаға ие болуы мүмкін, сонымен қатар, алдағы тәжірибелік жұмыстарға қосымша материал бола алады, тәжірибелі зерттеулерді табысты өткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тәсілдері.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде әртүрлі зерттеу әдістері қолданылады.
1. Ғылымның кең шеңбері үшін сипатталатын жалпы әдістер:
- қисынды (талдау жасау);
- бақылаулар;
- сауалнама.
2. Спорт ғылымына барынша жақын қолданылатын жеке әдістер (үлгілеу, сынақ тапсыру, болжау).
3. Арнайы әдістер мен әдістемелер (хронометраждау).
Аталған әдістер тобы бір-бірімен өзара байланысты. Жалпы әдістеме негізінде жеке әдістерді қолданады, бұл кезде спортпен тығыз байланысты ғылымдар, соның қатарында әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық және басқа да спорттағы заңдылықтарды объективті және жан-жақты үйренуге мүмкіндік беретін әдістер кеңінен қолданылады. Сондықтан, волейболдағы педагогикалық зерттеулердің барлығында әдістерді тиімді қолданған дұрыс. Мысалы, волейболшылардың оқу-жаттығу үдерісінде қолданылатын жүктемелерді үйрену үшін бақылау әдісі мен хронометраж әдісі қолданылады.
Қандайда мәселелерді зерттеу кезінде құрама әдістерді қолдану ұсынылады. Мысалы, волейболшылардың дене дайындығын зерттеу әдістемесі сынақ қабылдау, полидинамометрия, тензометрия, антропометрия әдістерін қамтиды. Волейболдағы әртүрлі әдістер қолданудың бірнеше түрін атап өтеміз.
Антропометрия – дене дамуын зерттеу әдісі. Волейбол үшін бұл әдістің маңызы өте үлкен, себебі, ойыншының бойы мен оның қозғалысы жақсы ойыншы дайындауда басты қызметтердің бірін атқарады. Антропометрия дене дамуының негізгі белгілерінің мөлшерін анықтайды. Антропометриялық тексеруге самотаксония да кіреді – кеуде жасушасының формасы, бұлшық еттер дамуы, май басу, аяқ формасы, т.б. дене ерекшеліктерді анықтайды.
Гониметрия – буындардағы қозғалысты және олардың ауытқу шегін анықтайтын әдіс.
Полидинамометрия – бұлшық еттер тобының күш мүмкіншіліктерінің топографиялық картасын жасауға көмектесетін әдіс. Волейболшылардың бұлшық ет топтарының күшін анықтау үшін динамометрлер кеңінен қолданылады.
Бұл әдістер волейболшылардың бұлшық ет күшін анықтайды. Доп беруді орындау кезіндегі арнайы күшті анықтау үшін екпінді динамометр қолданылады. Секіруде, беруде және басқа техникалық тәсілдерге күш көрсетуде тензометриялық аппараттар қолданады. Мысалы, секіру күшін анықтау үшін волейболшының аяқ киіміне тензометриялық төсеніш салынады.
Ойыншылардың жылдамдық қасиеттерін анықтау үшін секундамерлер қолданылады.
Волейболшылардың ептілігін, икемділігін, төзімділігін және басқа да қасиеттерін анықтау үшін арнайы сынақтар, бақылау тесттері қолданылады. Тесттер әдісі волейболшылардың дене қабілеттерінің барлық жағын қамтиды. Одан басқа олардың көмегімен әртүрлі мамандықтағы волейболшылардың – жаңа ойыншылардан бастап, республиканың ұлттық құрама командасының ойыншыларының да дайындықтарының техникалық және тактикалық деңгейін анықтауға болады. Волейболшылардың дене қабілеттерінің даму деңгейін әртүрлі техникалық амалдар көмегімен кеңінен тексереді. Қазіргі кезде, волейболшыларды жаттықтыру әдістерін жетілдіру міндеттерін шешу үшін ағзаның жүктемелерге қарсы жауап реакциясының толығымен және объективті көрсеткіштерін білу өте қажет, былайша айтқанда, волейболшылардың функционалды дайындығын үйрену, себебі, жоғары спорттық нәтижелерге жету жүрек қан-тамыры және тыныс алу жүйелерінің даму деңгейіне, тірек-қозғалыс аппаратының жай-күйіне, жүйке жүйесіне тікелей бағынышты болады.
Арнайы жұмыста ағзаның функционалды өзгерісі туралы қосымша мәліметтерді қышқылды-сілтілі тепе-теңдік көрсеткіштерін, қанның сілтілік қорын, күре тамырының оттегімен байытылуын көрсетуге мүмкіндік беретін биохимиялық әдістер көмегімен алуға болады.
Ойынның техника мен тактикасын зерттеуде құрама әдістемелерді қолданады – суретке түсіру, киноға түсіру, т.б. Қазіргі кезде, жұмыста бейнекамера кеңінен қолданылады, оның көмегімен волейболшының кез-келген әрекетін таспаға жазып алуға болады, содан соң, жазып алынғандарды кез-келген жылдамдықта көре отырып талдауға болады.
Электрография әдісі – бұлшық еттердің биотогын жазып алуға мүмкіндік береді. Ол арқылы белгіленген қимыл сәттеріндегі бұлшық еттердің белсенділік дәрежесі туралы айтуға болады және қимылдың ішкі құрылысын және жаңа ойыншы мен спорт шебері қозғалыстарының арасында салалық айырмашылықты анықтауға болады. Волейболшылардың тактикалық дайындығы ойыншыларды жинақтау және олардың командадағы ойынға төселгендігі үздік ойыншының өзара қарым-қатынастарының құрылысын анықтауға мүмкіндік беруші психология және социометрия әдістерімен шешіледі.
Жұмыста қандай әдісті қолданылса да, тәжірибе нәтижесінде алынған материалдар математикалық статистика көмегімен өңделуі қажет.
Қандай да бір әдісті таңдау жұмыстың міндеттерімен, оның әрбір жағдайындағы тиімділігімен және зерттеудің техникалық мүмкіншіліктерімен анықталады. Бірақ, кез-келген жағдайда таңдалған әдістеме мынадай болуы керек:
- тиімді және барынша объективті ғылыми материал алуды қамтамасыз етуі;
- сенімді және елестетушілік (көпқайтара зерттеулердегі әртүрлі контингенттегі зерттеулердегі және әртүрлі зерттеушілермен зерттелгендегі ұқсас нәтижелер);
- үнемді;
- қарапайым және қауіпсіз;
- ғылыми, сыйымды (құбылыстың шын үлгісін бейнелеуге мүмкіндік беретін барынша мәліметтер беру);
Педагогикада барлық әдістерден барынша жиі қолданылатындары келесі әдістер:
Бақылау әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылаулар – бұл оқу-жаттығу немесе жарыс үдерістерінің табиғи сезім мүшелерімен немесе зерттеушілердің араласуынсыз аспаптар көмегімен жүзеге асырылып үйренетін құбылыстардың сандық және сапалық сипаттамаларының мақсатқа сәйкес, жоспарлы және жүйелі қабылдануы.
Педагогикалық бақылау – ғылыми мәліметтер алудың маңызды әдістерінің бірі. Педагогикалық бақылау дайындығы келесі формалардан тұрады:
- бақылаудың міндеттері мен жоспарларын анықтау;
- бақылау объектісін таңдау;
- берілген бақылау тәсілдерін белгілеуді өңдеу;
- алынған мәліметтерді талдау әдістерін анықтау.
Волейболда бақылау келесі түрде жіктеледі:
1. Оқу үдерісін (жеке, топтық және командалық бақылаулар) ұйымдастыру объектілерінің түрлері бойынша.
2. Ғылыми үдерістің ұзақтығы бойынша (ұзартылған, қысқа мерзімді және үзік-үзік бақылаулар).
3. Бақылау нәтижелерінің амалдары және тіркеп жазулары бойынша (көру арқылы, аспаптармен, теледидарлық).
Спорттық жаттығу тәжірибесінде бақылау жүргізу үшін көбінесе, әртүрлі сызбаларды, хаттамаларды, кестелерді және шартты белгілермен арнайы істелген карталарды есепке алуды қолданады.
Спорттағы техникалық әдістердің енгізілуіне байланысты қазіргі кезде педагогикалық бақылаулар, көбінесе, сурет, кино, бейне аппараттар және басқа да құралдар көмегімен өткізіледі, бұл әржақты және объективті мәліметтерді үлкен мөлшерде алуға мүмкіндік туғызады.
Ғылыми-тәжірибелік әдіс. Педагогикалық тәжірибе спортта практика мен теорияда кездесетін жағдайлардың дұрыстығын немесе жалған екендігін, оқу-жаттығу үдерістерінің бекітілу заңдарын және ғылыми фактыларды алу үшін кез-келген әдістер мен тәсілдердің тиімділігін анықтау үшін өткізіледі. Ғылыми тәжірибелер мен гипотеза теориялардың пайда болуына әкеледі. Волейбол мәселелерін жете зерттеуде педагогикалық ғылыми тәжірибені техника мен тактика тәсілдерін жетілдіруге, жаттығу әдістері мен амалдарын рационалдауға байланысты нақтылы сұрақтарды шешу үшін қолдануға болады.
Ғылыми тәжірибе – педагогикалық бақылауға қарағанда, терең және тиімді әдіс, себебі, ол келесі мүмкіндіктерді береді:
- кез-келген жағдайда бақыланатын құбылысты бірнеше рет қайталау;
- бөлектенген түрде мүмкін емес құбылыстарды немесе үдерістерді таза түрінде үйрену;
- алдыңғы өткізілген зерттеулерді, шарттарды елестете отырып қайталап тексеруді.
Педагогикалық ғылыми тәжірибеден зертханалық әдістің айырмашылығы бар, ол тек тексерушінің сыртқы әрекеттерін ғана емес, ағзаның физиологиялық реакциясын ашуды да ескеруге мүмкіндік туғызады. Зертханалық ғылыми тәжірибеде көп жақты байланыстардан зерттелінуші үдерістің бір немесе бірнеше жақтары іріктелініп алынады. Табиғи ғылыми тәжірибеде волейболшының немесе команданың әрекеттері жұмыс жағдайында зерттелінеді.
Ғылыми тәжірибені өткізуде қажет:
1. Жұмыс гипотезасын дұрыс құру және міндеттерді дұрыс қою үшін сұрақтың теориясындағы және практикадағы жай-күйін алдын-ала ұқыпты зерттеу.
2. Барынша жоғары мәліметтерді және уақыт пен күшті мейлінше аз жұмсау үшін, ғылыми тәжірибе өткізудің толық жоспарын құру.
Үміт еткен нәтижелердің сенімділігіне әсер етуге себеп болатын жағдайларды ескеру және оларды жою шараларын қабылдау (мысалы, тексерілетіндердің санын дәл анықтау).
3. Зерттеудің әрбір бөлшектерінің мазмұны мен жүйелілігін толық жете зерттеу.
4. Зерттелінуші үдеріске жүйелі бақылау жүргізу (фактілерді дәл суреттеу).
5. Өз зерттеулерінің көрсетулерін алдыңғы зерттеулермен салыстыру. Анықталған фактілерді қазіргі ғылым тұрғысынан түсіндіру.
6. Ғылыми тәжірибе барысында алынған нәтижелерге сын көзбен қарау. Мәліметтерді көп қайтара тексеру, оларды талдау, егер мүмкін болса – математикалық өңдеу.
Одан басқа, ғылыми тәжірибе өткізуде сыналушылардың біртекті тобын іріктеп алу керек, тәжірибе шарттарын теңестіру керек, сыналушылардың толық құрамын тәжірибе аяғына дейін сақтау қажет, басқа да факторлардың ең аз әсер етуіне жеткізу керек.
Бақылау сынақтары немесе тест алулар волейболшылар дайындығының тәжірибесінде берік енгізіледі және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің ең маңызды және әрекетшіл әдістерінің бірі болып табылады. Олардың көмегімен волейболшылардың дене жұмыс қабілеттілігінің және жаттығуының даму деңгейін, психикалық қасиетін, дайындық барысындағы спорттық нәтижелер өзгерісін, соның қатарында техникалық тәсілдерді меңгерудің көп жылдық деңгейін, олардың тұрақтылығын және тиімділігін, жаттығуды жоспарлау жүйесіндегі кемшіліктерді, дарынды спортшыларды іріктеу жүйесін, қолданылатын үйрену әдістері мен амалдарының артықшылықтары мен кемшіліктерін табуға болады.
Волейболшылардың қозғалыс әрекеттері дене мүмкіндіктерін құрама көрсетуімен сипатталады, осыған байланысты бақылау сынақтарын өңдеуде, жүргізуде негізгі талаптарды қатаң қадағалау қажет.
1. Тестті орындаудың дәл математикалық көрсетілу мүмкіндігі және статистикалық өңдеу үшін алынған нәтижелердің жеткіліктілігі.
2. Орындалу шарттарының стандарттылығы және тұрақтылығы.
3. Тесттердің орындалу шарттарының нақты ойын жағдайлары мен ойын әрекеттерінің тәртібін үлгілеуге дейін жақындауы.
4. Қойылған міндетке тесттің сәйкестігі, тест көрсеткіштері мен үйлесімді ойын көрсеткіштерінің жеткілікті байланысы.
5. Ойыншы мүмкіндігін барынша көрсету шарттарын қамтамасыз ету.
6. Тесттердің орындалу нәтижелерін бөлшектеп талдау.
Алынған мәліметтерді өңдеу және тіркеу әдістері.
Зерттелген мәселе бойынша ғылыми-тәжірибелік міндеттерді жинау жоспарланған, ойластырылған және ғылыми негізделген болуы керек. Зерттеу нәтижесінде алынған мәлімет қисынды жүйелілікке тартылуы тиіс (жіктеуге) және математикалық статистика әдістерінің көмегімен өңделуі тиіс. Үйлесімді математикалық-статистикалық әдістерді қолданудағы статистикалық материалды талдау соңғы кезең болып табылады. Нәтижелерді сандық талдау спорттағы әртүрлі құбылыстар заңдылықтарын анықтауға, жинақталған материалдардағы өлшемнің түрлену шамасын анықтауға, сандық айырмашылықтың дұрыстығын есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
Ғылыми жұмыс түрлері. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері реферат, курстық жұмыс, ғылыми мақала, дипломдық жұмыс, диссертация, оқу құралы, монография түрінде берілуі мүмкін. Жұмыстың жоспары келесі жүйде көрсетіледі:
1. Мұқаба (сыртқы беті). Бұл бетте ғылыми мекеменің атауы, жұмыстың қай жерде орындалғандығы, жұмыстың авторының аты-жөні, тегі, жұмысты жазған жылы және қаласы көрсетіледі. Осы бетте ғылыми жетекшінің немесе кеңесшінің аты-жөні, тегі ғылыми дәрежесімен бірге көрсетіліп жазылады.
2. Мазмұны. Оны кеңінен көрсеткен дұрыс. Жұмыс бөлімдері, бөлімдер бойынша тақырыптары, реттік нөмірлер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшаларды қамтиды.
3. Кіріспе бөлім. Мұнда тақырыптың өзекті мәселелері, ғылыми жаңашылдығы, практикалық және теориялық маңызы, негізгі қағидалары, зерттеу әдістері, зерттеу объектісі көрсетіледі.
4. І тарау. Отандық және шетел ғалымдарының зерттеу жұмыстарына шолу беріледі, тақырыптың тарихи, сандық талдауы баяндалады, автордың жеке пікірі айтылады, ашылмаған сұрақтар анықталады. Жұмыстың бұл бөлімі тәжірибе мен қазіргі кездегі тактиканы талдап қорыту мен зерттелуі негізінде құралады.
ІІ тарау. Педагогикалық тәжірибелер, фактыға негізделген материалдар, кестелер, суреттер, сызбалар анық және қысқа баяндалады. Зерттеу нәтижелерін баяндай отырып, алынған мәліметтермен тығыз байланыстырып, оларды түсіндіру және дәлелдеу қажет.
5. Қорытынды – тұжырымнан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.
Ғылыми құнды болып табылатын жұмыстар ғылыми журналдарда мақала түрінде басылып шығарылады.
Ғылыми мақала (5-10 бет көлемінде) – зерттеудің мазмұны, негізгі нәтижелері баяндалады (жаңалығы, тәжірибелік ұсыныстар, қорытындылар).
Тезистер – зерттеудің нәтижелерін, әдістерін, мазмұнын қысқаша баяндау. Соңында қорытындысы беріледі. Тезистер көлемі 2-3 бетті құрайды.
Реферат – берілген тақырып бойынша негізгі мазмұн мен мәліметтерді қысқаша баяндау (көлемі 10-15 бет).
Оқу құралы – тақырып мазмұнының кең шеңберін қамтиды, волейболдағы зерттеліп жатқан мәселе туралы толық түсінік береді. Оқу құралы берілген тақырып бойынша ғылыми жұмыс нәтижесінде алынған сипаттамалар мен қорытындылар негізінде жасалады. Материал ешқандай дәлелдемесіз жеңіл баяндалады (оқу құралының мазмұнына байланысты көлемі әртүрлі болады).
Диссертация – ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесін алу үшін орындалатын ғылыми еңбек. Диссертацияда мамандық бойынша, негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, шет тілдеріне арналған журналдар). Диссертация екі немесе үш, төрт тараудан тұруы мүмкін. Онда зерттеудің әдістері көмегімен алынған материалдар толық баяндалады. Көлемі 150-300 беттен аспауы тиіс.
Монография – бір мәселені жан-жақты түсіндіруші күрделі еңбек. Маңызды тақырыптар бойынша монография диссертация қорғауға ұсынылуы мүмкін (көлемі 10-20 баспа табақ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет