Волейбол ойыны кезіндегі қауіпсіздік сақтау ережелері.
1. Аяқты қажамас үшін аяқ киім оқушының өзіне шақ болуы керек.
2. Тамақ іше салып жаттығулар жасауға болмайды.
3. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтынын үнемі есте сақтау керек.
4. Ойын барысында қатты дауыс көтеріп айқайлауға болмайды.
5. Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы дұрыс қабылдап, шынайы орындауы тиіс.
6. Төрешінің берген белгісін естіген сәтте ойынды тоқтату керек.
7. Допқа бара жатқан ойыншыны артынан итеріп жіберуге болмайды.
8. Қандай жағдай болса да, дөрекі іс-әрекеттер көрсетуге болмайды.
9. Ойынға киетін спорт киімдері өзіне шақ, арнайы тігілген болуы шарт.
10. Ойын ережелерін қатаң сақтау керек.
11. Ойыншы қандайда бір жарақат алған жағдайда ойын тоқтатылып, шұғыл алғашқы көмек көрсетілуі тиіс.
12. Ойын барысында мұғалім оқушыларға волейбол ойын ережесіне жат қылықтар көрсетуіне жол бермеуі тиіс.
13. Волейбол бағанасы арнайы материалдармен қапталуы тиіс.
14. Жарақат алмау үшін тордағы трос сымдары шығып тұрмауы керек.
15. Ойын алаңында оқушыны жарақаттамау үшін (шеге, шыны, т.б. заттар) болмауы керек.
Бақылау және өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Волейболдың шығу тарихы және даму кезеңдері;
2. Волейболдың Ресейде дамуы;
3. Волейболдың Қазақстанда дамуы;
4. Волейбол ойын техникасының жіктелуі;
5. Волейбол ойын тактикасының жіктелуі;
6. Волейболшылардың дене қабілеттерін дамыту әдістемесі;
7. Волейболшылардың арнайы дайындығын дамыту әдістемесі;
8. Жарыс түрлері, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі;
9. Волейболдан өткізілетін жарыс кестесін құру әдістемесі;
10. Мектеп жасындағы оқушылармен сабақ өткізу әдістемесі;
11. Волейбол сабағында техника қауіпсіздігін сақтау әдістемесі;
12. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесі;
13. Айналма әдіспен жарыс өткізу әдістемесі;
14. Олимпиадалық жүйемен жарыс өткізу әдістемесі;
15. Волейболдан сабақ жоспарын жазу әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |